Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Түркістан облысында 372 мың гектар аумақта шегірткеге қарсы өңдеу шаралары жүргізілуде

16 Мамыр, 2025

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркістандағы IT университетінің құрылысымен танысты

16 Мамыр, 2025

Жоғарғы Сот азық түлік корпорациясының ЕСЖ тауар биржасының пайдасына тендерін заңсыз деп тапты

16 Мамыр, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Түркістан облысында 372 мың гектар аумақта шегірткеге қарсы өңдеу шаралары жүргізілуде
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркістандағы IT университетінің құрылысымен танысты
  • Жоғарғы Сот азық түлік корпорациясының ЕСЖ тауар биржасының пайдасына тендерін заңсыз деп тапты
  • Жетісу облысына – 3 жыл: өңірде 292 мың ағаш көшеті отырғызылды
  • Қарағандыда қаланың бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті: басты тақырып — қала экологиясы
  • Түркістан қаласының дизайн коды таныстырылды
  • Саяси сауатсыздық па, әлде қасқана айтылған арандату ма? Мәмбет Қойгелді Қырғызстан президентінің қателігін айтты
  • Алматыда 2100-ден астам жас «Жасыл ел» экологиялық жасағына жұмысқа орналасады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 16 Мамыр
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «70 мың АҚШ доллары»: Қызылордалық тұрғын экс-депутат Бақытбек Смағұлға алданып қалғандарын айтты

«70 мың АҚШ доллары»: Қызылордалық тұрғын экс-депутат Бақытбек Смағұлға алданып қалғандарын айтты

31 июля, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ардагер экс-депутаттың үстінен шағымданды. Оның сөзінше, Бақытбек Смағұл олардың ақшасын алдап алып, қайтармай жүр.

“Осыдан екі ай бұрын бізге Сақтағанов Ардагер деген қызылордалық жігіт хабарласып, өзін бірнеше жыл бұрын Бахытбек Смағұл деген экс-мәжілісмен 70 мың АҚШ долларын алдап алғанын айтты. Ол былай болған: Сақтағанов Ардагердің бір жақын жездесін Қызылорданың ҰҚК қызметкерлері «ұйымдасқан қылмыстық топпен мұнай ұрлады» деп үстінен бірнеше баппен іс қозғаған екен”, – деп жазды журналист Амангелді Батырбеков. 

Жездесіне жала жабылғанын естіген Ардагер көмек сұрап, туысы боп келетін мәжілісмен Бақытбек Смағұлға хабарласады. 

“Мәжілісмен Бақытбек Смағұл өзінің Президент әкімшілігіндегі және қудалау органдарына ықпалы бар генерал таныстары арқылы жағдайдың бәрін біледі. Жәрдемге мұқтаж боп алдына кеп тұрған Ардагерге паңдана қарап: «так, жездең сотталады, бірақ мен оның жазасын жеңілдетіп бере аламын және оның мүлкін тәркілетпеу де қолымнан келеді, мақұл десең, менің ол қызметім -100 мың АҚШ доллары тұрады» деген көрінеді. Ардагер бүкіл ауыл-аймақ, туыс-таныстарынан 70 мың долларды әзер жинап әкеп береді”, – деп жазды журналист.

Ақыр аяғында Ардагердің мұнай ұрлаған жездесі сол күйі ауыр жазамен қамалып кете барады һәм бүкіл дүниесі тәркіленеді. Сақтағанов ақшасын қайтаруды сұрап барғанда, Смағұлов қайтармайтынын айтады. 

“Содан Ардагер бізге келіп, біз оның дәлеледерін мұқият зерттеп, көзіміз жектен соң, мен өзінен сенімхат алып, екеуміз Астанадағы антикор агентствосына «қайдасың?» деп тартып кеттік. Антикордағылар алғаш естігенде, олардың түрлерінен «олай болуы мүлдем мүмкін емес» дегенді байқадық.  Алайда, дәлелдеріміз нақ болса керек, осы шілде айында экс-мәжілісмен Бахытбек Смағұлға «қылмыстық топ құрып, ірі мөлшерде алаяқтық жасау» деген қылмыстық кодекстің 190 бабының 4 бөлігімен №247115031001799 санды қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталғаны жайлы ақпарат келді”, – деп жазды Батырбеков.

Экс-депутаттың өзі бұл әрекетті жала деп отыр. 

“Бұл жала. Мен ол адамдардың үстінен прокуратураға арыз жаздым. Құзырлы орган айналысады”, – деді ол.

1960 жылы 6 ақпанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген.

1975–1978 жж. Қазалы қаласындағы кәсіптік техникалық училищені «Ауыл құрылысының шебері» мамандығы бойынша бітірген.

979–1981 жж. арнайы дайындықтан өтіп, 1979 жылғы 27 желтоқсанда Совет Армиясы қатарында Ауғанстан Демократиялық Республикасында әскери борышын атқаруға аттандырылды.

1982–1985 жж. Алматы құрылыс техникумын «Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.

2000–2004 жж. Орталық Азия Университетін «заңгер» мамандығы бойынша тамамдаған.

2004–2008 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.

1985–1989 жж. Алматы қаласы Калинин аудандық құрылыс-жөндеу басқармасында инженер-техқадағалаушы қызметін атқарды.

1989–2005 жылдар аралығында бизнес-құрылымдарда, кәсіпкерлік салада әртүрлі жоғарғы лауазымдар атқарған.

2005–2011 жж. Үкіметтік емес ұйымдардағы қызмет: Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «ҚАЗАҚСТАН АРДАГЕРЛЕРІ» Қауымдастығы төрағасының орынбасары.

2012 жылдан бастап, бүгінге дейін Qazaqstan Ardagerleri Қауымдастығының төрағасы.

2012 жылғы 20 қаңтардан бастап, V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы Фракциясының мүшесі.

2016 жылғы 25 наурыздан бастап, VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы Фракциясының мүшесі.

2021 жылғы 14 қаңтардан бастап, VII сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі, Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

Соңғы сайлауда Мәжіліске өтпей қалды.

Дереккөз: ulysmedia.kz

іс Бақытбек па рас Смағұлдың қозғалғаны қылмыстық үстінен

Оқылып жатыр

Жоғарғы Сот азық түлік корпорациясының ЕСЖ тауар биржасының пайдасына тендерін заңсыз деп тапты

Қарағандыда қаланың бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті: басты тақырып — қала экологиясы

Сабина Мовлаева Канн фестивалінде қазақ елін таныстырды

«Парламент сөзі» сыйлығына өтінім қабылдау басталды – үздік парламенттік журналистер марапатталады

Түркістанда Ясауи мұрасына арналған халықаралық симпозиум басталды – Ерлан Қарин Президент құттықтауын жеткізді

Садыр Жапаровтың Кенесарыға қатысты сөзін өздерінің тарихшылары жоққа шығарды

Соңғы жазбалар

Түркістан облысында 372 мың гектар аумақта шегірткеге қарсы өңдеу шаралары жүргізілуде

16 Мамыр, 2025

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркістандағы IT университетінің құрылысымен танысты

16 Мамыр, 2025

Жоғарғы Сот азық түлік корпорациясының ЕСЖ тауар биржасының пайдасына тендерін заңсыз деп тапты

16 Мамыр, 2025

Жетісу облысына – 3 жыл: өңірде 292 мың ағаш көшеті отырғызылды

15 Мамыр, 2025

Қарағандыда қаланың бас жоспарын түзету бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті: басты тақырып — қала экологиясы

15 Мамыр, 2025

Түркістан қаласының дизайн коды таныстырылды

15 Мамыр, 2025

Саяси сауатсыздық па, әлде қасқана айтылған арандату ма? Мәмбет Қойгелді Қырғызстан президентінің қателігін айтты

15 Мамыр, 2025

Алматыда 2100-ден астам жас «Жасыл ел» экологиялық жасағына жұмысқа орналасады

15 Мамыр, 2025

Сабина Мовлаева Канн фестивалінде қазақ елін таныстырды

15 Мамыр, 2025

«Парламент сөзі» сыйлығына өтінім қабылдау басталды – үздік парламенттік журналистер марапатталады

15 Мамыр, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.