Бурабайда өткен Ұлттық кұрылтайда сыбайлас жемқорлықтың тағы бір шеті ашылды, деп хабарлайды Todayinfo.
Жиында сөйлеген сөзінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ» бағдарламасын сынады. Президент 78 жастағы қазақстандықтың мемлекеттік бағдарлама бойынша шетелде оқуға кеткен жағдайын мысалға келтірді:
«78 жаста “Болашақ” бағдарламасы бойынша оқуға кетті. 78 жаста қандай “Болашақ”? Барлығы түсініксіз бір іс-шараға айналып барады. Жақсы бастама еді. Ғалымдарды оқыту, шетелде тағылымдамалар ұйымдастыру. Ал не болды?», – деп кейіді Президент.