Алматыдан өткен жүгіру марафоны кезінде екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Todayinfo.
Almaty Half Marathon жарысы кезінде 21,1 шақырымдық қашықтықта жүгіріп шығуға тырысқан екі ер адам қайтыс болды. Марқұмдардың бірі — 84 жастағы Аққоян Ырысалиев, екіншісі — 21 жастағы Нұрбол Ахмади.
Аққоян Ырысалиев жарыстың алғашқы шақырымында өзін жайсыз сезініп, құлаған. Оқиға орнына дереу жеткен медицина қызметкерлері оның жүрегі тоқтап қалғанын айтқан.
Ал Нұрбол Ахмади 16-шақырымда есінен танып, құлаған. Оған көрсетілген реанимациялық шаралар көмектеспеді.
Алдын ала болжам бойынша, қос жағдайға да өкпе артериясының тромбоэмболиясы себеп болуы мүмкін.
Қайтыс болғандардың нақты өлім себебі сот-медициналық сараптама нәтижесінде белгілі болады.
Жарысты ұйымдастырған «Смелость быть первым» қоры марқұмдардың отбасына көңіл айтып, материалдық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Фото: almaty-marathon.kz