Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

9 млн тұрғында кредит бар: Қазақстанда қарызға батқан адамдар күрт көбейді 

2 апреля, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Фото: halyqline.kz
Қазақстандағы несиелеу жүйесі, әсіресе тұтынушылық несие саласы соңғы жылдары күрт көбейді. 2025 жылдың 1 наурызына қарай екінші деңгейлі банктердегі тұтынушылық несие портфелі 14,1 трлн теңгеге жетіп, бір жыл ішінде 31,7%-ға өскен, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Көпшілік бұл өсімді халықтың қарызға батып бара жатқандығы деп қабылдайды. Несиелеудің артуы — экономиканың қалыпты дамуының белгісі болуы да мүмкін. Тұтынушылық несиелердің артуы – нарықтық экономиканың табиғи үрдісі. Бұл халық табысының артуымен, банк секторындағы мүмкіндіктердің кеңеюімен және қаржылық қызметтерге қолжетімділіктің артуымен тікелей байланысты. Мәселен, Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2024 жылдың төртінші тоқсанында халықтың жалпы шығыстарының ішінде несие мен қарыздарды төлеуге кеткен бөлігі небәрі 6,2%-ды құраған. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда тек 1,5 пайыздық тармаққа ғана көп (ол кезде 4,6% болған).
Яғни, халықтың жалпы қарыз жүктемесі сонда да аса жоғары емес және табыс деңгейіне сәйкес келетін шектеуде сақталып отыр. Бұған қоса, бұл деректер тек банктік несиелерді ғана емес, достардан немесе таныстардан алынған жеке қарыздарды да қамтиды.
Қарыздан бұрын — азық-түлік шығындарына мән берген жөн
Бүгінгі таңда Қазақстан азаматтарының табысының шамамен жартысы тек азық-түлікке жұмсалатыны белгілі. Бұл – елдегі өмір сапасының төмендігін көрсететін маңызды индикатор. Соңғы 15 жылда азық-түлікке кететін шығындардың үлесі 8,2 пайыздық тармаққа артқан. Бұл көрсеткіш халықтың қаржысының көп бөлігін тек тамаққа жұмсап, өзге маңызды қажеттіліктерін кейінге ысырып жүргенін байқатады. Сондықтан шын мәнінде алаңдауға тұрарлық мәселе – қарыз емес, күнделікті өмір сүруге жетерлік табыстың жеткіліксіздігі.
Несие алушылар кімдер және қандай сомаға несие алады?
2025 жылдың 1 ақпанына дейінгі мәліметке сәйкес, Қазақстанда 9 миллионға жуық азаматтың түрлі қаржы ұйымдарында (банктер, микроқаржы ұйымдары, коллекторлар және т.б.) несиесі бар. Алайда бұл жалпы көрсеткіш емес, несиелердің мөлшеріне қарай талдағанда шынайы көрініс ашыла түседі.
Жалпы 24,3 трлн теңгелік берешектің 92,8%-ы тек 46,7% қарыз алушыларға тиесілі. Яғни, үлкен сомадағы несиелерді көбіне тұрақты және жоғары табысы бар азаматтар алады. Сонымен қатар:
•2 млн теңгеден жоғары несиелер – жалпы берешектің 84%-ын құрайды және оларды тек 30% азамат алған;
•5 млн теңгеден асатын несиелер – берешектің 66%-дан астамын құрайды, бұл несиелерді тек 15% азамат иеленген.
Бұл – ірі несиелердің тек төлем қабілеті жоғары, экономикалық жағынан тұрақты азаматтарға берілетінін көрсетеді.
Халықтың басым бөлігі — шағын несиелер алушылар
Сонымен қатар, 53,2% қарыз алушы (4,8 млн адам) 1 млн теңгеге дейінгі сомада ғана несие алған. Бұл жалпы берешектің тек 7,2%-ын құрайды. Атап айтқанда:
•1 млн адам – 100 мың теңгеге дейін,
•1,4 млн адам – 100–300 мың теңге,
•1 млн-ға жуық адам – 300–500 мың теңге,
•1,5 млн адам – 500 мыңнан 1 млн теңге аралығында несие алған.
Орташа есеппен бұл несиелердің көлемі 50 мыңнан 730 мың теңгеге дейін. Мұндай несиелер көбінесе шұғыл қажет болғанда немесе табысты сақтау мақсатында алынған және оларды бір-екі айлық жалақымен жабуға болады. Бұл – халықтың несиеге тәуелді емес екенін, керісінше, қаржылық қажеттіліктерін уақытша шешу үшін несиені құрал ретінде пайдаланатынын көрсетеді.
Қазақстандықтардың несие жүктемесі қауіп тудырмайды
Жоғарыда келтірілген деректерге сүйене отырып, Қазақстандағы қарыз жүктемесінің деңгейі жүйелік қаржы қауіптерін тудырмайтынын сеніммен айтуға болады. Ірі қарыздар – тұрақты табысы бар азаматтардың инвестициялық мүмкіндіктері мен тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған, ал шағын несиелер – уақытша қажеттіліктерді жабуға арналған құрал.
Сондықтан халықтың «қарызға батуы» туралы миф – негізсіз. Қарыздан гөрі азық-түлікке кететін шығындарға және табыстың төмендігіне көбірек назар аударған дұрыс. Қазақстан экономикасының дамуымен қатар, халықтың қаржылық мәдениеті мен сауаттылығы да артып келеді, бұл болашақта несиелік жүйені тиімді пайдалануға үлкен мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі: Ranking kz
Todayinfo несие көлемі несиелеу нарығы тұтынушылық несие Қазақстанда кімдер несие алады қаржылық сауат қарыз жүктемесі

Оқылып жатыр

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

БҚО-да жаңа индустриялық кезең басталады: 14 инвестициялық ірі жоба қолға алынды

Соңғы жазбалар

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.