Фото: ernur.kz
Қорғаныс министрлігінің лауазымды әскери офицері ауруханада емделіп жатқан оқушы қызды зорламақ болған. Подполковник Астанадағы ауруханалардың бірінде жатқан 2016 жылғы қыз балаға зәбір көрсеткені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Todayinfo.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов бұл оқиғада қызға жыныстық жәбір жасаған қорғаныс министрлігінің офицері екенін растады.
«Бұл ақпаратты растаймын. Әскери қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол соттың санкциясымен қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бақылауда. Тергеудің нақты деректері бойынша ақпаратты жариялауға құқығым жоқ», — деді Санжар Әділов.
Азамат Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінің бірінде батальон командирінің орынбасары болып қызмет етеді және подполковник шеніне ие. Алдын ала мәлімет бойынша, подполковник палаталардың біріне кіріп, 2016 жылы туған кәмелетке толмаған қыз балаға жәбір көрсетуге әрекеттенген.
Ақпарат көзі: azattyq-ruhy