Белгілі продюсер Гүлнұр Мамасарипова алғаш рет күйеуі жайлы көпшілік біле бермейтін жеке өмірінің қызықты сәттерін айтып берді. Бұл туралы ол Kozqaras подкастына берген сұхбатында айтты. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алғашқы кездесу және махаббат хикаясы
Гүлнұр Мамасарипова күйеуімен мектеп жасында танысқанын еске алды. Алғашқы кездесу Алматыдағы дискотекалардың бірінде болған. Кейінірек олар бір университетке түсіп, жақын қарым-қатынас орнатқан.
«Ол заң факультетінде, ал мен журналистика факультетінде оқыдым. 90 жылдардың басы – бандиттер мен рекэтирлердің уақыты еді ғой. Күйеуім сол кездегі танымал заңгер әрі спортшы жігіттердің бірі болды. Мен үшін әрдайым кез келген жерде тұрып бере алатын, менің қорғаным болатын. Ол менің алғашқы махаббатым еді,» – деп бөлісті продюсер.
Отбасы және өмірдегі құндылықтар
Продюсер күйеуімен отасқанына биыл 31 жыл толғанын айтты. Олардың үш қызы бар. Гүлнұр ханым отбасы құндылықтары туралы әсерлі сөздерімен бөлісті:
«Кеше ғана күйеуім маған жазды: ‘Бүгін сені ауылға келін етіп әкелген күнім екен’ деп. Өзім мұны ұмытып кетіппін. Бүгінде үш қызымыз бар. Кейде жас кезде көбірек бала сүймегеніме өкінемін,» – дейді Гүлнұр Мамасарипова.
Күйеуінің тұлғалық ерекшеліктері
Гүлнұр ханым күйеуінің 90 жылдардағы ерекше мінезін, спорттық дайындықтарын және заңгерлік білімін ерекше атап өтті. Ол сол заманның «бандиттері» секілді қатал әрі сенімді тұлға болғанын жеткізді. Қазіргі таңда олардың отбасы үлгілі әрі сүйіспеншілікке толы екенін көріп, жастарға үлгі боларлықтай жандар екенін айтуға болады.