Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

92 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді

25 Тамыз, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мемлекеттік қызмет істері азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға баса назар аударады. Бұл бағытта Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментінің негізгі міндеттерінің бірі — мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, әкімшілік кедергілерді жою және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту болып табылады.

Қойылған міндеттерді іске асыру аясында Департамент тарапынан жүйелі түрде бақылау және түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі. Дегенмен, мемлекеттік органдар тарапынан азаматтарға қызмет көрсету кезінде заң бұзушылықтарға жол берілетін жекелеген жағдайлар кездеседі.

Атап айтқанда, негізсіз бас тарту, артық құжаттар талап ету немесе қызмет көрсету мерзімдерін бұзу сияқты кемшіліктер орын алып жатады.

Атап өту қажет, Департаментке жыл басынан мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселесі бойынша 150-ден аса өтініш келіп түскен.

Жалпы жыл басынан 272 азаматтың құқығы қалпына келтірілді (арыз-шағым-170, сыртқы байқау-102). Мәселен, ағымдағы жылдың тамыз айында Департаментке 92 қызмет алушының қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылғаны жөніндегі ұжымдық арызы келіп түскен.

Анықталғандай, 2023 жылғы 3 мамыр — 18 шілде аралығында қызмет алушылармен «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын айқындау үшін тиісті бөлімге өтініштер берілген.

Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы № 168 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» қағидасымен реттеледі (бұдан әрі – Қағида).

Өз кезегінде, Депаратменттің тексеру барысында бөліммен Қағида талаптары бұзылып, қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылғаны анықталды.

Сонымен қатар, алдын ала шешім жобасы жолданбай, тыңдау рәсімдері өткізілмеген. Нәтижесінде, тексеру қорытындысымен анықталған бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау туралы бөлімге ұсыну енгізілді.

Осы орайда, Департаменттің ықпалымен 92 қызмет алушыға жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау туралы анықтамалар ұсынылып, қызмет алушылардың құқытары қалпына келтірілді.

Айта кету қажет, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне Жаңа қала ықшам ауданы 32 көше, 16 ғимарат мекен-жайы бойынша жазбаша түрде, не электрондық түрде «электрондық үкімет» порталы немесе «Е-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы және «Kenes 1414 officiall» тelegram-бот арқылы жүгіне аласыздар.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері Департаменттің тұрақты бақылауында.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

Абылайхан Дағыстанұлы НАУРЫЗБАЕВ

Фото: depositphotos.com

Оқылып жатыр

Түркістан облысында биыл 1200 шақырымнан астам жолдар мен көшелер жөндеуден өтедім

Түркістан облысында ауқымды «Аq-dala» мақташылар фестивалі өтті

Түркістан облысында тұмау мен жрви-ге қарсы екпе салу жұмыстары жүріп жатыр

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясында маңызды мәселелер қаралды

Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына орай Түркістанда сенбілік өтті

Түркістанда түркі елдерінің қолөнершілер орталығы ашылып, қолөнершілердің халықаралық фестивалі өтті

Соңғы жазбалар

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.