Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Семей қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2025

«Паника. Жолаушылар жылап, бортсеріктер жүгіріп жүрді»: Алматы-Ақтау бағытындағы Air Astana ұшағы тағы да апатқа ұшырай жаздады

1 Қыркүйек, 2025

Қазақстан ШЫҰ-ның қауіпсіздік сын-қатерлерімен күрес жөнінде төрт орталық құру бастамасын қолдайды — Тоқаев

1 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Семей қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды
  • «Паника. Жолаушылар жылап, бортсеріктер жүгіріп жүрді»: Алматы-Ақтау бағытындағы Air Astana ұшағы тағы да апатқа ұшырай жаздады
  • Қазақстан ШЫҰ-ның қауіпсіздік сын-қатерлерімен күрес жөнінде төрт орталық құру бастамасын қолдайды — Тоқаев
  • «Келешек мектептері»: Астанада 28 мың орынға арналған 7 жаңа мектеп ашылды
  • Щучинскдегі шу: Бурабайда жерге таласқан халық митинг өткізбек
  • Ақша аударымдарын бақылау мен күшейтілген жаза: 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда маңызды өзгерістер күшіне енді
  • Соққы жеген Иран, қыспақта қалған Үндістан: Қытайдың Тян жин қаласында ШЫҰ саммиті басталды
  • «Қырымбек Көшербаев, Гүлшара Әбдіхалықова»: Ескі Қазақстанның ардагер шенеуніктері тойға жиналды (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Отбасы дәстүрлері мен экология: Астанада ағаш отырғызу акциясы өтті

Отбасы дәстүрлері мен экология: Астанада ағаш отырғызу акциясы өтті

15 Мамыр, 2025 Астана қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Астанада Халықаралық отбасы күніне орай ағаш отырғызу акциясы өтті. Іс-шараны қала әкімдігі мен «Қазақстан Даму Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап Todayinfo.kz.

Бұл шара, ең алдымен, отбасылардың бірлігін нығайтуға, жағымды атмосфера қалыптастыруға және елорда тұрғындарын отбасылық демалысты белсенді өткізуге тартуға бағытталған.

Іс-шара елордалық Ботаникалық бақта өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы аясында ұйымдастырылды.

«Біз былтыр “Мерейлі отбасы” байқауына қатысып, жүлделі орын алдық. Биыл бұл дәстүрді жалғастырып жатырмыз. Біз отбасымызбен Халықаралық отбасы күніне арнайы келіп, ағаш отырғызуға қатысып жатырмыз. Мен жұбайым және қызыммен келдім, қалған балаларымыз мектепте. Бұл өте маңызды акция деп есептеймін. Ұрпақтар сабақтастығы болуы керек. Біз ағаш отырғызамыз, олар өседі, ал кейін немерелеріміз келіп, бұл ағаштарды аталары мен әжелері еккенін білетін болады», – деді акция қатысушысы Руслан Кунакбаев.

Айта кетейік, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы Қазақстанда жыл сайын отбасы институтын нығайту, адамгершілік пен жауапты некенің маңыздылығын тану; ата-аналардың балалар тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру; отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында өткізіледі.

«Бүгін Отбасы күні, сол себепті біз әкімдікпен бірлесе отырып ағаш отырғызуды ұйғардық. Бұл – қаланың экологиясын қолдау. Біз қаламыз тыныстап, отбасыларымыз гүлденіп, дамыса дейміз. Бұл – өте мәнді шара деп санаймын. “Мерейлі отбасы” аясында біз осындай акция өткізіп жатырмыз және бұл жыл сайынғы дәстүрге айналады деп ойлаймын. Мұндай іс-шаралар арқылы балаларымызды табиғатты қорғауға, болашақ үшін жауапкершілікке үйретеміз. Алдағы уақытта мұнда үлкен әрі көрікті отбасылық аллея пайда болады», – деді Астана қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссия мүшесі Баян Тойкебаева.

Оқылып жатыр

«Келешек мектептері»: Астанада 28 мың орынға арналған 7 жаңа мектеп ашылды

Астанада әр демалыс сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді

Астанада кіші Талдыкөлді тазарту жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатыр

«Астана Аренада» Дженнифер Лопестің концертінің соңы экологиялық акцияға ұласты

30 тонна қымыз, 70 мың адам: Саржалдың сары қымызы – Астанада өткен республикалық байқауда бас жүлдені жеңіп алды

Астана мектебінің аумағына 600 түп ағаш отырғызылды

Соңғы жазбалар

Семей қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2025

«Паника. Жолаушылар жылап, бортсеріктер жүгіріп жүрді»: Алматы-Ақтау бағытындағы Air Astana ұшағы тағы да апатқа ұшырай жаздады

1 Қыркүйек, 2025

Қазақстан ШЫҰ-ның қауіпсіздік сын-қатерлерімен күрес жөнінде төрт орталық құру бастамасын қолдайды — Тоқаев

1 Қыркүйек, 2025

«Келешек мектептері»: Астанада 28 мың орынға арналған 7 жаңа мектеп ашылды

1 Қыркүйек, 2025

Щучинскдегі шу: Бурабайда жерге таласқан халық митинг өткізбек

1 Қыркүйек, 2025

Ақша аударымдарын бақылау мен күшейтілген жаза: 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда маңызды өзгерістер күшіне енді

1 Қыркүйек, 2025

Соққы жеген Иран, қыспақта қалған Үндістан: Қытайдың Тян жин қаласында ШЫҰ саммиті басталды

1 Қыркүйек, 2025

«Қырымбек Көшербаев, Гүлшара Әбдіхалықова»: Ескі Қазақстанның ардагер шенеуніктері тойға жиналды (ВИДЕО)

1 Қыркүйек, 2025

«Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті

31 Тамыз, 2025

«Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті

31 Тамыз, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.