Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті

31 Тамыз, 2025

«Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті

31 Тамыз, 2025

ШЫҰ саммиті: Тоқаев қатысушыларға арналған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысады

31 Тамыз, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті
  • «Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті
  • ШЫҰ саммиті: Тоқаев қатысушыларға арналған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысады
  • «Жанқош пен Клараны атып кетем»: елді әлекке салған Әнарудың әкесі ауыр қылмыс жасамақ болған
  • Жанжал жан қиюға жеткізді: Алматы облысында сұлу келіншек өлі күйінде табылды
  • «Кайрат» билеттерге қатысты қазақстандықтарға ресми үндеу жасады
  • Қытайлық БАҚ Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі туралы: сенім, символизм мен жаңа келісімдер
  • Түркістан – Ұлы Даланың Рухани Жүрегі
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 сентября
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Жетісу облысына – 3 жыл: өңірде 292 мың ағаш көшеті отырғызылды

Жетісу облысына – 3 жыл: өңірде 292 мың ағаш көшеті отырғызылды

15 Мамыр, 2025 Жетісу облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жетісу облысы құрылғаннан бергі 3 жылда өңірде 11 саябақ, 5 сквер және 2 аллея салынған, олар атап айтқанда – Ақсу, Алакөл, Кербұлақ, Қаратал, Панфилов аудандарында және Талдықорған қаласында. Сол сияқты 21 саябаққа күрделі жөндеу жүргізілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыста көгалдандыру жұмыстарына ерекше мән беріледі. 2022-2024 жылдар аралығында аудан-қалаларда 21 саябақ күрделі жөндеуден өткізілсе, биыл 5 саябақ, 2 сквер, 1 аллея мен 69 ескерткішке жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап өтсек, облыс көлемінде жалпы аумағы 296,3 га болатын 132 саябақ, сквер, аллеялар бар. Мәселен, соңғы жылдары абаттандырылған саябақтардың бірі — Сарқандағы «Қойтас» саябағы. Нысан кезең-кезеңімен көркейтіліп, бүгінде қалалықтардың айтулы демалыс орындарының біріне айналған.

— Сарқан  қаласындағы «Қойтас» саябағына жергілікті тұрғындар ғана емес, жан-жақтан келген қонақтар да тамсана қарайды. Күнде кешкісін отбасымызбен серуендеп, Сарқан өзенінің жағалауында емін-еркін жүріп, сергіп қайтамыз, қонақтар келсе, осында алып келеміз. Балалар ойын алаңқайында асыр салып, жасөспірімдер спорттық алаңда футбол, волейбол ойнайды. Мұнда бәрі халық игілігі үшін жасалған, – дейді қала тұрғыны Арайлым Саматқызы.

Еске салсақ, ел Президентінің  тапсырмасына сәйкес Жетісу облысының елді мекендерінде бес жылда 538 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. 2021-2024 жылдары 418 мың ағаш егілсе, соның ішінде соңғы үш жылда отырғызылған жапырақты және қылқанжапырақты ағаш саны — 292 мың. Ал биыл аудан-қалалар аумағында 120 мың көшет отырғызу жоспарланған, бүгінгі күнге соның 55,9 мың данасы отырғызылды. Атап өтсек, аудан-қалаларда көктемгі және күзгі маусымдарда тұрғындардың қатысуымен ағаш егу және басқа да экологиялық шаралар жыл бойы «Таза Қазақстан» акциясы аясында белсенді түрде атқарылып келеді. Бұл ретте жыл басынан бергі іс-шараларға өңірде 17 мыңнан астам адам қатысты.

Сонымен қатар облыста аулаларды абаттандыру бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, 2023 жылы 56 аула ағымдағы жөндеуден өткізілсе, өткен жылы 110 аула абаттандырылды. Ал биыл тағы 51 ауланы абаттандыру жоспарланған. Оған қоса 140 көпқабатты тұрғын үйдің шатырлары мен қасбеттерін (69 шатыр және 71 қасбет) жөндеу жоспарда бар. Бұл ретте әсіресе балалар ойын алаңдарының жаңа кейіпке еніп, көркейтілгеніне көпшілік ерекше риза. Соңғы екі жылда осындай 197 алаң абаттандырылса, биыл 76 балалар және спорт алаңын абаттандыру жоспарлануда. Солардың ішінде Талдықорған қаласындағы «Ұлан» шағын ауданындағы балалар алаңы да бар.

—  Бұрын алаңның шаңы шығып, топырақ болып жататын. Үлкен ұлым доп ойнағанда үсті-басы шаң болып келетін. Ал кіші балаларымды аулаға алып шыққанмен ойнататын жер жоқ еді. Өткен жылы ауламызға балалар ойын алаңын салып, түрлі әткеншектер, тренажер құрылғыларын орнатты, үлкендер демалып отыратын орын да қарастырылған. Көрші аулаларда да жөндеу, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Шағын ауданымыздың кейпі биыл тұтастай жаңаланатынын естіп қуанып қалдық, — дейді көп балалы ана Диана Топарбаева.

Оқылып жатыр

Жетісу облысында Конституция күніне орай жаңа зауыт іске қосылды

Жетісуда ауыл тұрғындарының өтініштері кезең-кезеңімен орындалып жатыр

«Тоқаевтың атын жамылған алаяқ»: мәслихат депутаты жетісулық кәсіпкерді 130 млн теңгеге алдаған (ВИДЕО)

Биыл Жетісу облысында 41 мыңнан астам оқушының мектепке жиналуына көмек көрсетіледі

Президент Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады

Жетісу облысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай жасанды интеллектінің көмегімен мурал салынды

Соңғы жазбалар

«Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті

31 Тамыз, 2025

«Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті

31 Тамыз, 2025

ШЫҰ саммиті: Тоқаев қатысушыларға арналған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысады

31 Тамыз, 2025

«Жанқош пен Клараны атып кетем»: елді әлекке салған Әнарудың әкесі ауыр қылмыс жасамақ болған

31 Тамыз, 2025

Жанжал жан қиюға жеткізді: Алматы облысында сұлу келіншек өлі күйінде табылды

31 Тамыз, 2025

«Кайрат» билеттерге қатысты қазақстандықтарға ресми үндеу жасады

31 Тамыз, 2025

Қытайлық БАҚ Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі туралы: сенім, символизм мен жаңа келісімдер

31 Тамыз, 2025

Түркістан – Ұлы Даланың Рухани Жүрегі

31 Тамыз, 2025

«Тыр жалаңаш ояндым, ұл балаларды іздейді»: Атырауда мұғалім мектеп директорының гей болып шыққанын мәлімдеді

31 Тамыз, 2025

«Жаңа Қазақстан дегендерің осы ма?»: Асанәлі Әшімовтің көлігі көпшіліктің наразылығын тудырды

31 Тамыз, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.