Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

6 Қыркүйек, 2025

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

6 Қыркүйек, 2025

Гүлнар Бажкеновамен айқас: жетісулық ақсақал Orda.kz редакторын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті

6 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті
  • Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты
  • Гүлнар Бажкеновамен айқас: жетісулық ақсақал Orda.kz редакторын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті
  • СҚО-да бірін бірі көлікпен соғып өлтірген полицейлердің аты-жөндері белгілі болды
  • Талғарда тағы трагедия: қыз зорлаған күдікті оның ағасын атып өлтіріп, әйелдің екі жастағы баласын ұрлап кетті (видео)
  • «Көтеруге қарсы болған»: Той үстінде қалыңдық кетіп қалды
  • Доп кеудесіне тиген: Футболшы ойын алаңында есінен танып, көз жұмды
  • Шұғыл: СҚО-да ерегескен екі полиция қызметтік көлікпен бір-бірімен соғысып өлді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 7 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Түркістан облысында 372 мың гектар аумақта шегірткеге қарсы өңдеу шаралары жүргізілуде

Түркістан облысында 372 мың гектар аумақта шегірткеге қарсы өңдеу шаралары жүргізілуде

16 Мамыр, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Биыл Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы өңдеу шаралары 372,0 мың га аумаққа жоспарланған. Әр ауданға облыстық басқармалар мен мекеме басшыларынан жауаптылар бекітілді. 4 жедел штаб құрылып, жұмыс күші жасақталды, деп хабалайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Шұғыл штаб төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Марокко шегірткесіне қарсы өңдеу шаралары бойынша штаб жұмысын жіті қадағалауға алған.

Шегіртке зиянкесіне қарсы 1 058,0 мың га аумақ зерттеу жоспарланып, қазіргі таңда 887, 3 мың га зерттелді. Оның ішінде, 369,8 мың га аумақ экономикалық зиянды шегінен (ЭЗШ) асты. Бүгінгі күнге 367,9 мың га өңделді.

Шегіртке зиянкесі қоныстанған 9 аудандағы жайылым жер алқаптары 65 аймаққа бөлініп, картасы әзірленді, 65 аумақта жұмысшы топ жасақталды.

2 990 жайылым жер иелеріне хабарлама берілді.
Шегіртке дернәсілдерінің алғашқы шығуы 3-сәуір күні Арыс қаласы аумағында анықталды.
Жұмысшы топ 24/7 режимінде жұмыс атқаруда.
Сонымен қатар, 65 жұмысшы топты тасымалдауға микроавтобустар, су жеткізуге 45 арнайы автокөлік (водовоз), жанар-жағармай жеткізуге 30 арнайы автокөлік (бензовоз) әзірленді.

Жұмысшыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету аудан-қала әкімдіктері мен демеушілер тарапынан ұйымдастырылуда.

Алғашқы анықталған дернәсіл сатысында аспалы бүріккішпен өңдеу тиімділігі анықталып, жоспарланған 475 дана бүріккішке қосымша 386 дана бүріккіш алынып, жалпы 861 дана аспалы (ранцевый) бүріккішпен жұмыс жүргізілді. Химиялық өңдеу жоспарының 317,8 мың га 257 жер үсті бүрку техникаларымен, 54,2 мың га әуемен 4 бірлік «АН-2» ұшағымен өңдеу жоспарланып, жүзеге асырылды.

Қосымша 41 техника, 5 газогенератор, 12 дрон жұмылдырылды.
Химиялық өңдеуде алғашқы кезеңде «Тиаметрин», «Каратэ»препараттары пайдаланылса, қазіргі таңда шегірткенің жас кезеңі ескеріліп “Ацет 200” препараты қолданылуда.

Оқылып жатыр

Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын субсидиялауға 90 млрд теңге бөлінеді

Биыл 116,2 мың тонна мақта жиналады: Жетісай, Шардара және Мақтааралдағы науқанға дайындық талқыланды

Бірлік пен келісім – басты құндылық: Сайрамда ҚХА-ның І сессиясы өтті

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды

Түркістан облысындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес компанияларында 113 студент дуалды оқытудан өтеді

Түркістан облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды

Соңғы жазбалар

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

6 Қыркүйек, 2025

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

6 Қыркүйек, 2025

Гүлнар Бажкеновамен айқас: жетісулық ақсақал Orda.kz редакторын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті

6 Қыркүйек, 2025

СҚО-да бірін бірі көлікпен соғып өлтірген полицейлердің аты-жөндері белгілі болды

6 Қыркүйек, 2025

Талғарда тағы трагедия: қыз зорлаған күдікті оның ағасын атып өлтіріп, әйелдің екі жастағы баласын ұрлап кетті (видео)

6 Қыркүйек, 2025

«Көтеруге қарсы болған»: Той үстінде қалыңдық кетіп қалды

6 Қыркүйек, 2025

Доп кеудесіне тиген: Футболшы ойын алаңында есінен танып, көз жұмды

6 Қыркүйек, 2025

Шұғыл: СҚО-да ерегескен екі полиция қызметтік көлікпен бір-бірімен соғысып өлді

6 Қыркүйек, 2025

Бестөбеде «Таза Қазақстан» аясында ауқымды экологиялық акция өтті

6 Қыркүйек, 2025

Елеске айналған экс-сенатор: прокуратура қашқын Қожамжаровтың үстінен қылмыстық іс қозғады

6 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.