Алматы облысының Ұйғыр ауданы – Қазақстандағы бақ шаруашылығы мен экологиялық таза жеміс өнімдерін өсіру бойынша қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі,деп хабалайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Ауданның табиғи-климаттық артықшылықтарын тиімді пайдалана отырып, ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды енгізіп, өнімнің сапасы мен нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруда. Бұл бағытта географиялық көрсеткіштерді (ГК) енгізу – отандық өнімді ұлттық және халықаралық деңгейде заңды қорғау мен брендке айналдырудың маңызды тетігі болып отыр.
Географиялық көрсеткіш – өнімнің шығу тегінің дәлелі
Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету белгілері, географиялық көрсеткіштер және тауарлардың шыққан жерінің атаулары туралы» Заңына сәйкес, географиялық көрсеткіш (ГК) – бұл белгілі бір аумақтан шыққан өнімнің сапасы, беделі немесе басқа сипаттамалары сол географиялық аймақпен тығыз байланысты екенін көрсететін белгі. Ол өнімнің кем дегенде бір өндірістік кезеңі осы аймақта жүзеге асқан жағдайда ғана беріледі.
2024 жылдың соңында «Теңриқұт» шаруа қожалығының ерекше өрік сұрпына патент алу жұмыстары басталып, ҚР Әділет министрлігіне қарасты Зияткерлік меншік жөніндегі ұлттық институтқа құжаттар жолданды. Қазіргі таңда ресми растау алынып, өңірлік өнімнің заңды қорғалуы жолға қойылды. Бұл қадам – аудандық өріктің ұлттық бренд ретінде танылуына жол ашады.
Ауданымыздан шыққан экологиялық таза, ерекше дәмі бар жемістер ертеңгі күні Қазақстанның ғана емес, шетел нарығының да брендіне айналуы әбден мүмкін.
Сонымен қатар ауданда тек өрік емес, басқа да дәстүрлі өнім түрлерін зияткерлік меншік нысаны ретінде қорғау мақсатында тиісті жұмыстар қолға алынған. Қазіргі уақытта келесі өнімдер бойынша зияткерлік меншік құқығын алу процесі жүріп жатыр:
Жүгері – Ұйғыр ауданының климаты мен топырағына бейімделген, жоғары өнімді жергілікті сұрып
Құрақ көрпе – Ұлттық нақышта жасалған, өзіндік ою-өрнегі мен қолтаңбасы бар қолөнер бұйымы
Тандыр нан – Дәстүрлі әдіспен пісірілетін, ерекше дәм мен пішінге ие жергілікті наубайшылық өнімі
Болашақта аталған өнімдерле географиялық көрсеткіш немесе тауар белгісі ретінде тіркеліп, отандық және халықаралық нарықта заңмен қорғалатын брендтерге айналуы мүмкін.
Органикалық шаруашылық – экологиялық жауапкершіліктің үлгісі
2007 жылдан бастап бау-бақша өсірумен айналысып келе жатқан Ұйғын Арзиев басшылық ететін «Теңриқұт» қожалығы – Қазақстан мен Ресейге экспортталатын сапалы өріктің негізгі жеткізушілерінің бірі. Ерекшелігі – шаруашылық гербицидтер мен минералды тыңайтқыштарды қолданбай, дәстүрлі әдістер мен ғылыми тәсілдерді ұштастырып жұмыс істейді. Қожалық қазірдің өзінде 120-дан астам жергілікті шаруашылықты өз көшеттерімен қамтамасыз етіп отыр.
Қосымша ақпарат ретінде
- Жеміс бақтарының жалпы көлемі мен құрылымы
- Ұйғыр ауданының бақ шаруашылығы мынадай көлемдерді қамтиды:
- Жалпы бақтар көлемі – 4095 гектар
- Сүйекті жемістілер – 3193 га
- оның ішінде жеміс беретіндері – 2145 га
- Шекілдеуікті жемістер – 902 га
- оның ішінде жеміс беретіндері – 644 га
- Ірі ауыл шаруашылық құрылымдары
- Аудандағы негізгі ірі кәсіпорындар:
- «Шонжы Агро» ЖШС – 460 га
- «Шабдалы» ЖШС – 200 га
- «Eco Park Garden» ЖШС – 140 га
- «Тиірмен Агро» ЖШС – 126 га
2024 жылы қосымша 14 га бақ отырғызылды (соның ішінде 2 га – алма бағы)
Су ресурстарын тиімді пайдалану
Ауданда 450 гектарға тамшылатып суару әдісі енгізілген. Бұл технология суды үнемдеумен қатар, жеміс сапасын жақсартуға және өнім көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Алдағы жылдары бұл әдіс 4461 гектарға дейін кеңейтіледі деп жоспарлануда.
Шырын өңдеу инфрақұрылымы
- «Agro Processing» ЖШС
- Қуаты – 4 тонна/сағат
- Жобалық құны – 450 млн теңге
- 2023 жылы өңделген өнім – 280 тонна
- 2025 жылға жоспар – 500 тоннадан астам
- Шикізат қабылдау бағасы – 80–100 тг/кг
- «Шабдалы» ЖШС
- Қуаты – 20 тонна/тәу
- Жобалық құны – 100 млн теңге
- Жер көлемі – 200 га
- Сақтау инфрақұрылымы
- Қазіргі уақытта ауданда 4 сақтау қоймасы жұмыс істейді
- Жалпы сыйымдылығы – 300 тонна
- Құрылысы аяқталуға жақын 2 жаңа ірі қойма:
- ШҚ «Арман Батур» – 1000 тонна
- ШҚ «Ашимов» – 1000 тонна
Бұл қоймалар өнімді маусымаралық уақытта сақтау мен нарыққа үздіксіз жеткізуге мүмкіндік береді.
Экспорттық әлеует
Ұйғыр ауданында өсірілетін жемістер – экологиялық тазалығы мен ерекше дәмі арқасында Ресей, Өзбекстан және Қытай нарықтарына экспортталады.
2025 жылы экспорт көлемі – 2500 тонна.
Қорыта айтқанда ауданының жеміс шаруашылығы – ауыл шаруашылығын әртараптандыру, отандық өнім сапасын арттыру және халықаралық нарыққа шығару жолында үлгі боларлық бағыт. Географиялық көрсеткіштерді енгізу, инфрақұрылымдық жаңғырту мен органикалық бағыт – бұл өңірдің ұлттық брендке айналуына нақты негіз қалайды.