Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Экс-банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты

3 Қыркүйек, 2025

«Жаның жұмақтың төрінде шалқысын»: Толқын Забирова жақынынан айырылып қалды

3 Қыркүйек, 2025

«Жеңіс» шыңында қайтыс болған альпинист әйелдің шатырының жаңа видеосы жарияланды (ВИДЕО)

3 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Экс-банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты
  • «Жаның жұмақтың төрінде шалқысын»: Толқын Забирова жақынынан айырылып қалды
  • «Жеңіс» шыңында қайтыс болған альпинист әйелдің шатырының жаңа видеосы жарияланды (ВИДЕО)
  • Руслан Берденов Бейжіңде көзге түсті
  • «Жүрегімде қасірет бар»: Маңғыстау облысының әкімі тастап кеткен экс-депутат жан жарасы жайлы жазды
  • «Астыртын жоспар»: Трамп Бейжіңдегі әскери парадтан кейін Ресей, Қытай және Солтүстік Кореяны айыптады
  • Қазақстанда ЛГБТ насихатына заңмен тыйым салынуы мүмкін
  • Алматы қаласында Бас редакторлар клубының ресми өкілі тағайындалды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 3 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Талдықорған-Үшарал газ құбыры күзде аяқталады — әкімдік

Талдықорған-Үшарал газ құбыры күзде аяқталады — әкімдік

19 Мамыр, 2025 Жетісу облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жетісу облысына жұмыс сапарымен келген «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбыры құрылысының барысымен танысты. Ресми қонақтарды Ақсу ауданындағы құрылыс алаңына облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов бастап барды. Белгілі болғандай, «Талдықорған — Үшарал» газ құбырының желілік бөлігін салу жұмыстары аяқталған. Қазір автоматты газ тарату станциялары тұрғызылуда, деп хабарлайды Todayinfo Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдымен «Жансүгіров» АГТС-ының алаңына барған ресми қонақтар мұндағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бұл ретте С. Жаркешов бірінші кезекте жұмыстың сапасына баса көңіл бөлуді қатаң тапсырды.

— Бүгінгі күні «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырын салуға үлкен назар аударылып отыр. Бұл — Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Ұлттық қордың қаржылай қолдауымен қолға алынған ауқымды жоба. Өткен жылы Үкімет басшысы Жетісу облысына келгенде құрылыс жұмыстары басталған болатын. Жобаның әлеуметтік маңызын ескере отырып, жұмыстарды қарқынды жүргіздік. Соның нәтижесінде жобаны белгіленген мерзімінен бір жарым жыл бұрын, яғни 2025 жылдың жылыту маусымына дейін бітіреміз деп жоспарлап отырмыз. Бұл «QazaqGaz», облыс әкімдігі және мердігер компания – үш тараптың бірлескен үлгілі командалық жұмысының нәтижесі, — деді «QazaqGaz» ҰК» «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов.

Атап өтсек, жобаның технологиялық схемасына сәйкес, газ құбырының жалпы ұзындығы 302,441 км құрайды, жобалық қысымы РР=9,8 МПа. Жобада сондай-ақ 6 газ құбыры-бұрмасын және «Жансүгіров», «Қапал», «Сарқан», «Қойлық», «Қабанбай», «Үшарал» — 6 автоматты газ тарату станциясын салу көзделген.

Бүгінгі таңда жаңа газ құбырының желілік бөлігінің құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, кедергілерден өтетін учаскелерді: күрделі табиғи бедерлер, су асты өткелдері және т. б.салу бойынша жұмыстар аяқталу сатысында.

Қазіргі таңда барлық алты автоматты газ тарату станцияларының құрылыстары қатар басталды. Станциялардың дайындығы осы жылдың тамыз айына жоспарланған. Құрылысқа 148 бірлік арнайы техника мен 356 жұмысшы персонал жұмылдырылды. Құрылыс жұмыстары ерекше бақылауда және кестеден озып келеді.

Осы орайда облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов елді мекендердің ішкі желілерін жүргізудің дайындық жұмыстары туралы айта келе:

— «Талдықорған — Үшарал»  магистралды газ құбыры жобасының арқасында  Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарында 66 елді мекенге газ тартылатын болады. Соның ішінде 6 елді мекенді биыл, қалған 60-ын келесі жылы газға қосамыз. Соның ішінде Ақсу қант зауыты да бар. Осы шаралардың барлығы халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін, сол сияқты кәсіпкерлік пен өндіріс орындарының жұмысы үшін де тиімді. Бұл өңірдің экономикасын дамытуға үлкен серпін береді,– деді Ә.Қанағатов.

Мұнан соң ресми өкілдер «Қапал» АГТС-ының құрылыс жұмыстарын да барып көрді.

Еске салсақ, Жетісу облысында 192 елді мекен газдандыруға жатады. Облыс бөлінгенде небары 5 елді мекенде ғана газ болған, бүгінгі күні газдандырылған елді мекендер саны 84-ке жетіп, газдандыру деңгейі 58,2 % құрап отыр. Жыл соңына дейін көгілдір отын тартылған елді мекендер санын 126-ға, газдандыру көрсеткішін 71,4% жеткізу жоспарланып отыр, яғни 500 мың адам газдың игілігін көреді деген сөз. Оған қоса «Талдықорған — Үшарал» магистралды газ құбыры құрылысының арқасында 66 елді мекен газға қосылады. Сөйтіп 2028 жылға дейін облыстың газдандыруға жататын 192 елді мекені толық көгілдір отынға қол жеткізетін болады.

Фото: Жұмабай Мұсабеков

Оқылып жатыр

Жетісу облысында Конституция күніне орай жаңа зауыт іске қосылды

Жетісуда ауыл тұрғындарының өтініштері кезең-кезеңімен орындалып жатыр

«Тоқаевтың атын жамылған алаяқ»: мәслихат депутаты жетісулық кәсіпкерді 130 млн теңгеге алдаған (ВИДЕО)

Биыл Жетісу облысында 41 мыңнан астам оқушының мектепке жиналуына көмек көрсетіледі

Президент Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады

Жетісу облысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай жасанды интеллектінің көмегімен мурал салынды

Соңғы жазбалар

Экс-банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты

3 Қыркүйек, 2025

«Жаның жұмақтың төрінде шалқысын»: Толқын Забирова жақынынан айырылып қалды

3 Қыркүйек, 2025

«Жеңіс» шыңында қайтыс болған альпинист әйелдің шатырының жаңа видеосы жарияланды (ВИДЕО)

3 Қыркүйек, 2025

Руслан Берденов Бейжіңде көзге түсті

3 Қыркүйек, 2025

«Жүрегімде қасірет бар»: Маңғыстау облысының әкімі тастап кеткен экс-депутат жан жарасы жайлы жазды

3 Қыркүйек, 2025

«Астыртын жоспар»: Трамп Бейжіңдегі әскери парадтан кейін Ресей, Қытай және Солтүстік Кореяны айыптады

3 Қыркүйек, 2025

Қазақстанда ЛГБТ насихатына заңмен тыйым салынуы мүмкін

2 Қыркүйек, 2025

Алматы қаласында Бас редакторлар клубының ресми өкілі тағайындалды

2 Қыркүйек, 2025

Бейжіңдегі энергетикалық диалог: Қазақстан мен Қытай жаңа стратегиялық жобаларды бастады

2 Қыркүйек, 2025

«Мойынсұнғыш, ұялшақ»: Психолог Димашты отбасының айтқанынан шыға алмайтын адамға теңеді (ВИДЕО)

2 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.