Алматы қаласында 2010-2011, 2013-2014 және 2015-2016 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дзюдодан “Бейбарыс Сұлтан” атты республикалық турнир өтті. Аталған жарысқа еліміздің әр өңірінен 800-ден астам спортшы қатысып, өзара бақ сынады.
Бұл додада Кентау қалалық №2 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдошылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, 32 келі салмақта Сұңқар Иса — І орын, 38 келі салмақ дәрежесінде Махамбет Жанайдар үздік атанса, 55 келіде Әділ Жұбатхан алтыннан алқа тақты. Ал, Мирас Бақытжан 26 келі салмақта күміс медал иеленсе. Рауан Ерімбет 66 келіде қола жүлдеге ие болды.
Командалық есеп бойынша Кентау қаласының дзюдошылары 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, үлкен жетістікке қол жеткізді. Бұл жеңістер спорт мектебінің жаттықтырушылары Бағдат Иса, Асхат Анетов және Дәулет Набихановтардың табанды еңбегінің жемісі.
Trending
- «Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті
- Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты
- Гүлнар Бажкеновамен айқас: жетісулық ақсақал Orda.kz редакторын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті
- СҚО-да бірін бірі көлікпен соғып өлтірген полицейлердің аты-жөндері белгілі болды
- Талғарда тағы трагедия: қыз зорлаған күдікті оның ағасын атып өлтіріп, әйелдің екі жастағы баласын ұрлап кетті (видео)
- «Көтеруге қарсы болған»: Той үстінде қалыңдық кетіп қалды
- Доп кеудесіне тиген: Футболшы ойын алаңында есінен танып, көз жұмды
- Шұғыл: СҚО-да ерегескен екі полиция қызметтік көлікпен бір-бірімен соғысып өлді