Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Тоқаев сенатты таратуды ұсынды

8 Қыркүйек, 2025

Жұрт әсіре діншілдікті қолдамайды: Тоқаев азаматтарды саналы болуға шақырды

8 Қыркүйек, 2025

«Таза Қазақстан»: Абай ауданында жүзден астам оқушыны экоквест біріктірді

8 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Тоқаев сенатты таратуды ұсынды
  • Жұрт әсіре діншілдікті қолдамайды: Тоқаев азаматтарды саналы болуға шақырды
  • «Таза Қазақстан»: Абай ауданында жүзден астам оқушыны экоквест біріктірді
  • «Азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігі – ұят жағдай»: Тоқаев өз өнімдерімізді көбейтуді тапсырды
  • «Бәсекеге қабілетіміз әлі де шамалы»: Тоқаев туризм саласын сынға алды
  • «Вагондардың сапасы сын көтермейді»: Тоқаев темір жол саласын сынға алды
  • Тоқаев: Қазақстанға бір емес, бірнеше АЭС қажет
  • Президент 3 жыл ішінде Қазақстанды цифрлық елге айналдыруды тапсырды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 8 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Алматы облысы мен Бейжің арасындағы ынтымақтастық артуда: Марат Сұлтанғазиев Қытай астанасында маңызды кездесу өткізді

Алматы облысы мен Бейжің арасындағы ынтымақтастық артуда: Марат Сұлтанғазиев Қытай астанасында маңызды кездесу өткізді

23 Мамыр, 2025 Алматы облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2025 жылғы 21 мамырда Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Бейжің қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Қытай Халық саяси консультативтік кеңесінің Бейжің қалалық комитеті төрағасының орынбасары Ван Хонгпен кездесті. Тараптар екіжақты серіктестікті нығайту және негізгі бағыттардағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.

– Қытай – бай тарихи мұрасы мен зор қазіргі заманғы әлеуеті бар ел. Оның жүрегінде орналасқан Бейжіңде болу – мен үшін үлкен мәртебе, – деді өңір басшысы.

Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, Қазақстан, оның ішінде Алматы облысы, Қытаймен серіктестікті стратегиялық басымдық ретінде қарастырады.

– Қытаймен ынтымақтастық – жай дипломатиялық қадам емес. Бұл – өзара сенімге, прагматизм мен ортақ мүддеге негізделген жол, – деп атап өтті әкім Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін келтіре отырып.

Кездесу барысында Марат Сұлтанғазиев Алматы облысында агроөнеркәсіптік кешен, логистика, шекара маңы саудасы, жаңартылатын энергетика және мәдени байланыстар қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Бұл салалар Қытаймен ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Әкім «Бір белдеу – бір жол» бастамасына Алматы облысының белсенді қатысуына ерекше назар аударды. Оның айтуынша, соңғы екі жылда өңір экономикасы айтарлықтай серпіліс жасап, жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша республикада 10-орыннан 5-орынға көтерілді.

Кездесу барысында мәдени байланыстар да ерекше назарда болды.

– Біздің қарым-қатынас тек экономикамен шектелмейді. Біз мәдени жақындасуға үлкен мән береміз. Жуырда Бейжіңде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концерт өтті. Бұл – халықтарымыздың рухани үндестігінің жарқын белгісі, – деді Марат Сұлтанғазиев.

Оқылып жатыр

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

Таза Қазақстан: Маралсай шатқалынан 2 тонна тұрмыстық қалдық жинады

Алматы облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аяқталуда

Алматы облысында жаңа оқу жылы 9 жаңа мектептің ашылуымен басталды

Достық пен өзара тиімді ынтымақтастық рухы: Алматы облысы Қытаймен жеті меморандумға қол қойды

Алматы облысының әкімі Пхёнтхэк қаласының мэрімен Қонаевта кездесті

Соңғы жазбалар

Тоқаев сенатты таратуды ұсынды

8 Қыркүйек, 2025

Жұрт әсіре діншілдікті қолдамайды: Тоқаев азаматтарды саналы болуға шақырды

8 Қыркүйек, 2025

«Таза Қазақстан»: Абай ауданында жүзден астам оқушыны экоквест біріктірді

8 Қыркүйек, 2025

«Азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігі – ұят жағдай»: Тоқаев өз өнімдерімізді көбейтуді тапсырды

8 Қыркүйек, 2025

«Бәсекеге қабілетіміз әлі де шамалы»: Тоқаев туризм саласын сынға алды

8 Қыркүйек, 2025

«Вагондардың сапасы сын көтермейді»: Тоқаев темір жол саласын сынға алды

8 Қыркүйек, 2025

Тоқаев: Қазақстанға бір емес, бірнеше АЭС қажет

8 Қыркүйек, 2025

Президент 3 жыл ішінде Қазақстанды цифрлық елге айналдыруды тапсырды

8 Қыркүйек, 2025

Тоқаев активтерді қайтару комитетінің атауын өзгертуді тапсырды

8 Қыркүйек, 2025

Жолдау-2025: Қазақстанға тартылған инвестицияға Тоқаевтың көңілі толмайды

8 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.