Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)
  • «Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Африкада алмаз өндіреді»: Boxy Wealth қаржылық пирамидаға сенген мұғалімдер 600 млн теңге аударған

28 Шілде, 2025 Ақпарат комитеті
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мыңдаған қазақ алаяқ компанияға кезекті рет алданып, сенделіп жүр. Ұаржылық пирамиадаға сенген қазақтар бірін-бірі тартып, жылдам пайдаға кенелмек болған. Шетелдік жалған компанияға ақша аударып, алданып қалғандардың көбі мұғалімдер болып шықты. Сең соққандай сенделіп, көмек сұрап шарқ ұрған адамдармен Todayinfo ақпараттық агенттігінің тілшісі хабарласты.

Ұстаздықтан бұрын ұрлық жасайтын күмәнді компанияға көбірек көңіл аударған талғарлық мұғалімдер тақырға отырғандарын бірнеше күн бұрын ғана білген. Көңіл-күйлері түсіп, ақшаларынан айырылғандардың көбі Алматы облысының Талғар ауданында тұрады. Бірін-бірі пайда табуға тартқан мұғалімдер қомақты ақшаларынан айырылған соң, өзара жұлысып әлек. Мұғалімдердің алды 2 миллионнан ақша аударса, соңы 500 мың теңгесін бере салған. Жаздық демалыста күш жинап, тынығудың орнына опық жеген ұстаздар қазір нағыз депрессияға түсіп, тақыр қалтаға айналып шыға келген. Тығырыққа тап болған ел тұрғындары кімнен көмек сұрарын білмей сенделіп жүр.

«Мен 560 мың теңге аудардым. Арнайы сілтемемен кіретін WhatsApp топ ашылған. Ондай топтар өте көп. Бір топта мыңға дейін адамдар отырды. Бәрі белсенді — ақша аударушылар мен пайда табушылар еді. Сол топтағы жетекшілердің бастамасымен пайда табудың бизнесі қызу талқыланды. Мен сол сілтемемен кіріп, ақшаны екі еселеп алғым келген. Мен ғана емес, біздің ауылдың мұғалімдері, ауданның мыңдаған мұғалімдері осы пирамидаға кіріп кеткен. 560 мың теңге салып, бір тиын да алмадым», — деді  талғарлық Дәригүл есімді мұғалім.  

Айтуынша, соңғы қоңырау соғылып, демалысқа шыққанмен, 9 ай жұмыс істеген ұстаздарда көңіл-күй жоқ. Шетінен алаяқтық топтарға ерікті түрде тап болған әйелдер енді бастарындағы проблеманы не үйлеріне, не қоғамға ашық айта алмай, іштен тынып жүр. Жалғамыс ауылындағы мектептен оншақты мұғалім алаяқ сайттың құрбаны болса, Еламан ауылындағы мектеп мұғалімдерінің 80 пайызы тақырға отырған.

Үш күнде 600 млн теңге аударған

Тек мұғалімдер ғана емес, алданып, сан соғып қалғандардың арасында қарапайым әйелдерден бастап, мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтін қызметкерлер де бар. Жалған сайт ашып, алаяқтықтың шыңына шыққандардың бірі —  Расима Теміржанова атты алпысты алқымдаған әйел. Ол өзі сияқты зейнет жасына жақындаған әйелдерді жинап, офис ашқан. Көзбояушылыққа барған Расима бастаған әйелдер өздерінің жобасын Уокер атты белгісіз шетелдік «инвестор-миллиардердің» атын айтып, пайдаланған. Таңсық Нуралина, Смағұлов Есбол сынды белсенділер де елді жаппай жабылып, ақша «табуға» шақырумен айналысқан.

«Тек үш күнде алаяқтарға 600 мың теңге жинап беріппіз. Түрлі қулық жолдарын жасап қойған. Сайтқа кіріп, әркім өзінің таңдаған пакеті бойынша ақша аударады. Біз Алматы мен оның айналасында тұратын жүздеген адам алдандық. Расима деген әйел Семейде офис ашып, жан-жақтан адамдарды осы пирамидаға тартып, шақырды. Лохотрон екенін біліп тұрып алдандық қой. Платформамен жұмыс істейсіздер, ешқандай пирамида емес деп насихаттады. Басында 12  мен 49 мың теңгенің пакетін ашты. 12 мың теңге аударғандар күніне 650 теңгеден, 49 мың салғандар 2 мың теңгеден алып отырды. Үш аптадан кейін бұлар 180 мың теңгенің пакетін ашты. 180 мың теңгеге күн сайын 11 мың 400 теңгеден алып отырдық. Екі ай осылай жұмыс істеді. Сосын осы 14 мамыр күні 100 пайыз хешбегпен бірге бір пайда көресіңдер деп акция ұйымдастырды.  Сонда компанияны Абулхамит деген бір адамның атына тіркеген. «Бастығы британдық, басқасы осы Қазақстанда жұмыс істейміз» деді. Басындағы лидерлері  ақшаның астына кенеліп, көміліп жатты. Ақша аударғанда хакерлер арқылы есеп шотыңдағы санды ғана өзгертіп қояды», — деді  Байсерке ауылдық округінің мұғалімі Рысжан Нүсіпжанқызы (өз өтінішімен аты өзгертілді).

Рысжан алаяқтарға бір миллион теңгеден астам ақшасын аударып, жем болса, жанындағы мұғалімдер екі миллион теңгеге дейін ұтылған. Қартайғанда халқын алдаған үш-төрт белсенді кемпірдің кесірінен аударылған ақшаның нақты саны белгісіз.

         «Давлением көтеріліп, тұра алмай жатырмын»

Жеңіл ақша табамыз деп, жем болғандардың арасында Түркістан облысы, Алматы, Семей, Талдықорған қалалары ғана емес, батыс аймақтың тұрғындары да бар. Көбі бюджеттік мекемелерде жұмыс істегендіктен ашық айтуға да, арызды жазуға да жүрексінсе, екінші жағынан алданғандарын айтуға қорланып, намыстанып отырғандары да көп. Шыдамы таусылып, амалы құрығандар құзырлы органдарға барып арыз жазып жатыр. Бірақ одан әзірге ешқандай нәтиже жоқ. Ақша аударатын сайт 20 мамыр күні жоқ болып, өшіп кеткен. Сол кезден бастап ел көлемінде дүрлігу басталған. Қаржылық сауаттан ада болса да ,онлайн платформа арқылы ақша табамыз дегендер «Африкада алмаз өндіретін» инвестициялық компания деген ертегіге сенген.

«Бізде офис ашып, Расима ханым дегендер жұмыс істеді. Лицензияларын көрсетті, сендік. 2 миллион теңгемнен айырылып қалдым. 14 мамыр күні салдым, 20-сы күні платформа жоғалып кетті, өшіп. Ешкім білмейді, ақшамыздың бәрі күйіп кетті. Несие алып, ол ақшаны аударған едім. Енді давлением көтеріліп, тұра алмай жатырмын. Жұмыстағылармен қарым-қатынасым бұзылды, бәрін бұл жерге мен шақырып едім. Олар ренжіп, ақшаларын тауып беруді талап етіп жатыр. Өмір сүруден қалдым», — деді Нұргүл есімді Семей қаласының тұрғыны.

Алданып, алас ұрған ел тұрғындары тізім жасауға кіріскен. Қазірге дейін алдандық деп аты-жөндерін жіберген адамдардың саны бес жүзден асып кетті. Ал аударым жасаған «жомарт» жандардың ақшасының көлеміне қарап көз қызғады, қаражат көлемі сәт сайын көбейіп жатыр. Жеңіл ақша табамыз деп жем болған мұғалімдер мен кейбір әйелдер күйеулерінен таяқ жеп үлгергендерін де айтып қалды.

Ішкі істер министрлігі интернет алаяқтардың көбейіп кеткенін үнемі ескертіп келеді. Бірақ оған қарап жатқан жан аз. Тек биылдың өзінде 12 мыңнан астам алаяқтық ісі тіркелген.

Фотоколлаж: Todayinfo

Оқылып жатыр

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

БҚО-да жаңа индустриялық кезең басталады: 14 инвестициялық ірі жоба қолға алынды

Соңғы жазбалар

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.