Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері Юрий Аравин өмірден озды

20 Қазан, 2025

Парижде бүкіл әлемге әйгілі Лувр мұражайын 7 минутта тонап кетті

20 Қазан, 2025

«Ештеңе бітіріп жатқан жоқсыңдар, бәріңдікі құр сөз!»: Маңғыстаулық ақсақал Нұрдәулет Қилыбайды орнына қойды

20 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері Юрий Аравин өмірден озды
  • Парижде бүкіл әлемге әйгілі Лувр мұражайын 7 минутта тонап кетті
  • «Ештеңе бітіріп жатқан жоқсыңдар, бәріңдікі құр сөз!»: Маңғыстаулық ақсақал Нұрдәулет Қилыбайды орнына қойды
  • «Газды қымбаттатып, халыққа қарсы шықтың»: Жан Ахмадиев атышулы сарапшы Олжас Байділдиновті жекпе-жекке шақырды
  • «Қазақтың ұлттық киімдерін, салт-дәстүрін сыйламасаң да, олай қор қылма»: Журналист Асхат Ниязов әзілдеймін деп сынға қалды
  • Израиль ХАМАС-ты бітім шартын бұзды деп айыптап, Газаға әуе соққысын жасады
  • «Lamborghini, Cadillac Escalade, қымбат пәтер, асыл тұқымды жылқылар»: Шығыс Қазақстанда депутат аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінді
  • «Тек матрас пен жастық берген»: Шымкенттегі ауруханалардың бірінде орын жетіспей, науқастар дәлізде жатқызған
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 20 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

2%-дық ипотека: кезекте тұрған 654 мың адамның 12 мыңына ғана үй биыл беріледі

25 Мамыр, 2025 Экономика
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда 654 мың адам баспана кезегінде тұр. Оларға пәтер кілтіне қол жеткізу үшін қандай мүмкіндіктер бар екенін Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков айтып берді, деп хабарлайды Todayinfo.

                            Бірінші — жалға ұсынылатын тұрғын үйді сатып алу құқығынсыз беру

Бұл ретте, жалға берілетін тұрғын үйдің жалпы көлемінің кемінде 20 пайызы сатып алу құқығынсыз жетім балалар мен көп балалы отбасыларға беріледі. Өткен жылы аталған мемлекеттік қолдау шаралары аясында кезекте тұрған 13 мыңға жуық адам тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Биыл 1-тоқсанда 3 мыңнан астам отбасы жалға берілетін пәтерге ие болды.

                                            Екінші — жалдау ақысын субсидиялау

2022 жылдан бастап азаматтардың мына санаттарына жеке сектордағы тұрғын үйді жалдау құнының 50 пайызы субсидияланады:

— бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

— мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

— жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

— көп балалы аналар, көп балалы отбасылар.

Бүгінгі таңда 11 мыңнан астам отбасы тұрғын үйді жалға алғаны үшін 50 пайыз төлем бойынша мемлекеттік қолдауға ие, — дейді Бақытжан Жүнісбеков.

                                            Үшінші — Тұрғын үй сертификаттары

Оны әкімдіктер ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға береді.

                                                 Төртінші — жеңілдікті кредит беру

Оның айтуынша, кезекте тұрған азаматтар үшін жылдық 2% және 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген займдар беріліп келеді. Бұл тұрғын үйге мұқтаж халықтың нақты санаттарына арналған қолдау тетігі.

2% жеңілдетілген займ кімдерге беріледі?

Мұндай ерекше жеңілдік төрт санаттағы азаматтарға қарастырылған:

Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

• Мүгедек баласы бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;

• Көпбалалы отбасылар;

• Жетім балалар.

2024 жылдың қорытындысы бойынша 2%-бен 3 859 займ берілсе, биылғы жылдың алғашқы төрт айында 952 азамат баспана сатып алу үшін осы мүмкіндікті пайдаланған.

 5%-бен де несие  бар

Бұл мөлшерлеме кеңірек санаттағы тұрғындарға ұсынылады. Былтыр 5 145 азамат осындай займ алған. Ал биылғы 1 қаңтардан бері 1 249 адам 5%-дық несие рәсімдеген.

Барлық жеңілдетілген займдар «Отбасы банкі» арқылы беріледі.

«Наурыз» бағдарламасы

Президент тапсырмасы бойынша өткен жылы іске қосылған «Наурыз» ипотекалық бағдарламасы да жалғасуда. Мұнда:

• Әлеуметтік осал топтарға – 7%

• Қалған азаматтарға – 9% мөлшерлеме ұсынылады.

Бағдарлама бойынша жыл сайын 12 мың азамат жеңілдікті ипотека ала алады. Биыл төрт айда бұл бағдарламаға 1,5 мыңнан астам адам қатысқан. Оның ішінде 1 000-ге жуығы – «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясындағы еңбек адамдары.

Ақпарат көзі: Qaz365.kz.

Оқылып жатыр

«17 адам байып, елдің 80%-ы кедейленді»: сарапшы доллардың 600 теңге болуы жайлы болжам жасады

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға көтерді

Жанармай дағдарысының жаңа толқыны: Қазақстан 2022 жылғы қаңтардың жолына түсе ме?

Қазақстанда бензин бағасы қымбаттауы мүмкін – сарапшылар болжамы

Қазақстандағы доллар бағамы жаңа рекорд орнатты

Барлық қаржы құрылымдары жақында блокчейнге көшеді — сарапшылар

Соңғы жазбалар

Қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері Юрий Аравин өмірден озды

20 Қазан, 2025

Парижде бүкіл әлемге әйгілі Лувр мұражайын 7 минутта тонап кетті

20 Қазан, 2025

«Ештеңе бітіріп жатқан жоқсыңдар, бәріңдікі құр сөз!»: Маңғыстаулық ақсақал Нұрдәулет Қилыбайды орнына қойды

20 Қазан, 2025

«Газды қымбаттатып, халыққа қарсы шықтың»: Жан Ахмадиев атышулы сарапшы Олжас Байділдиновті жекпе-жекке шақырды

20 Қазан, 2025

«Қазақтың ұлттық киімдерін, салт-дәстүрін сыйламасаң да, олай қор қылма»: Журналист Асхат Ниязов әзілдеймін деп сынға қалды

20 Қазан, 2025

Израиль ХАМАС-ты бітім шартын бұзды деп айыптап, Газаға әуе соққысын жасады

20 Қазан, 2025

«Lamborghini, Cadillac Escalade, қымбат пәтер, асыл тұқымды жылқылар»: Шығыс Қазақстанда депутат аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

20 Қазан, 2025

«Тек матрас пен жастық берген»: Шымкенттегі ауруханалардың бірінде орын жетіспей, науқастар дәлізде жатқызған

20 Қазан, 2025

Еліміздің 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

20 Қазан, 2025

Мағжан Ілиясов Қазақстанның Америкадағы Елшісі болып тағайындалды

20 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.