Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Талғарда тағы трагедия: қыз зорлаған күдікті оның ағасын атып өлтіріп, әйелдің екі жастағы баласын ұрлап кетті

6 Қыркүйек, 2025

«Көтеруге қарсы болған»: Той үстінде қалыңдық кетіп қалды

6 Қыркүйек, 2025

Доп кеудесіне тиген: Футболшы ойын алаңында есінен танып, көз жұмды

6 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Талғарда тағы трагедия: қыз зорлаған күдікті оның ағасын атып өлтіріп, әйелдің екі жастағы баласын ұрлап кетті
  • «Көтеруге қарсы болған»: Той үстінде қалыңдық кетіп қалды
  • Доп кеудесіне тиген: Футболшы ойын алаңында есінен танып, көз жұмды
  • Екі полицей қызметтік көлікпен бір-біріне соғып қаза тапты
  • Бестөбеде «Таза Қазақстан» аясында ауқымды экологиялық акция өтті
  • Елеске айналған экс-сенатор: прокуратура қашқын Қожамжаровтың үстінен қылмыстық іс қозғады
  • «Жыныс мүшесіне таяқ тығып, зорлаған»: Алматы облысында жас қызды аяусыз қорлаған әйелдер қамауға алынды
  • Таза Қазақстан: Маралсай шатқалынан 2 тонна тұрмыстық қалдық жинады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 6 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Нұралхан Көшеров шетел инвесторларымен логистикалық саланы жандандыру бойынша келіссөздер жүргізді

Нұралхан Көшеров шетел инвесторларымен логистикалық саланы жандандыру бойынша келіссөздер жүргізді

26 Мамыр, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысына ҚХР-нан келген делегациясыны Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қарсы алып, өңір әлеуетімен таныстырды. Шетелдік топ өңірдегі өндірістік және индустриалық аймақтарын аралап көрді. Облыс әкімі іскерлік кездесу өткізіп, келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында тараптар логистикалық парктердің мүмкіндіктерін зерттеу, Қазақстанның энергетика және тау-кен өндіру секторларын талдау, өңірде бірлескен қойма немесе сауда өкілдіктерін құру мәселелерін талқылады. Инвесторлар жобаларын таныстырып, ұсыныстарын білдірді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Аймақ басшысы облыстың инвестициялық және туристік әлеуетімен таныстырып, екіжақты тиімді байланыс орнатуға дайын екенін айтты.

«Түркістан облысы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып, берік негізде қалыптасуда. Өткен жылдың соңында Хубэй провинциясына сапарым барысында өзіңізбен кездесіп, бірқатар жобаны іске асыру жайын талқылаған едік. Сіздің бүгінгі сапарыңыз Ухань қаласында басталған конструктивті диалогтың және өзара сенімге негізделген серіктестіктің нақты жалғасы деп білемін. Өңірдің кадрлық әлеуеті жоғары. Түркістан облысы арқылы өтетін «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізі әлемдік нарыққа шығудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Өңіріміз тек Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін логистикалық торап ретінде қалыптасуға толық әлеуеті бар. Бұл ретте, авиациялық жүк тасымалын дамыту, әуежай аумағында техникалық қызмет көрсету орталықтарын орналастыру, тұрақты халықаралық жүк бағыттарын ашу, өңірде заманауи логистикалық парктер құру, жүк сақтау, сұрыптау, тарату және қайта өңдеу бағытындағы инфрақұрылымды қамтитын кешенді бірлесіп дамытуға дайынбыз. Бұдан бөлек, бірлескен индустриалды аймақты құру екіжақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға тиімді екенін атап өткен жөн. Бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, іскерлік серіктестік құруға, ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастық орнатуға әзірміз», – деген облыс басшысы әкімдік тарапынан барлық мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілетінін жеткізді.

Айта кетейік, қытайлық делегация Түркістан облысындағы екі күндік сапарында Түркістанда құрылысы жүріп жатқан мақта зауытында болды. Жоспарымен танысты. Одан кейін Сауран ауданы, Ораңғай ауылындағы арнайы экономикалық аймағының жұмысымен танысты. Инвесторларға «Turan» арнайы экономикалық аймағының, өңірдегі инвестициялық алаңдардың қолдаулары туралы мағлұмат берілді. Кездесуден кейін делегация Түркістан қаласына экскурсия жасады.

Оқылып жатыр

Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын субсидиялауға 90 млрд теңге бөлінеді

Биыл 116,2 мың тонна мақта жиналады: Жетісай, Шардара және Мақтааралдағы науқанға дайындық талқыланды

Бірлік пен келісім – басты құндылық: Сайрамда ҚХА-ның І сессиясы өтті

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды

Түркістан облысындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес компанияларында 113 студент дуалды оқытудан өтеді

Түркістан облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды

Соңғы жазбалар

Талғарда тағы трагедия: қыз зорлаған күдікті оның ағасын атып өлтіріп, әйелдің екі жастағы баласын ұрлап кетті

6 Қыркүйек, 2025

«Көтеруге қарсы болған»: Той үстінде қалыңдық кетіп қалды

6 Қыркүйек, 2025

Доп кеудесіне тиген: Футболшы ойын алаңында есінен танып, көз жұмды

6 Қыркүйек, 2025

Екі полицей қызметтік көлікпен бір-біріне соғып қаза тапты

6 Қыркүйек, 2025

Бестөбеде «Таза Қазақстан» аясында ауқымды экологиялық акция өтті

6 Қыркүйек, 2025

Елеске айналған экс-сенатор: прокуратура қашқын Қожамжаровтың үстінен қылмыстық іс қозғады

6 Қыркүйек, 2025

«Жыныс мүшесіне таяқ тығып, зорлаған»: Алматы облысында жас қызды аяусыз қорлаған әйелдер қамауға алынды

6 Қыркүйек, 2025

Таза Қазақстан: Маралсай шатқалынан 2 тонна тұрмыстық қалдық жинады

6 Қыркүйек, 2025

Ешкім сатып алмай қойған Кәрім Мәсімовтың үйіне байланысты шешім шықты

6 Қыркүйек, 2025

Қалыңдық көйлегін тікті: Роза Әлқожа өзінің күміс тойын онлайн көрсететін болды

6 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.