Астанадағы «Жаңа Арқа» тұрғын үй кешенінің ауласын су басуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Todayinfo.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Не болды?
Астанадағы Қордай көшесінде орналасқан «Жаңа Арқа» тұрғын үй кешені — көптен бері аяқталмаған құрылыс нысаны. Жаңбыр жауғаннан кейін кешеннің ауласы екінші қабат деңгейіне дейін суға толып кеткені туралы видео әлеуметтік желіде кең тарады.
Тұрғындар ауладағы су көлге айналғанын айтып дабыл қақты.
Құрылыс неге тоқтаған?
Астана әкімдігінің хабарлауынша, құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталған, алайда кейін қаржыландыру мәселелеріне байланысты тоқтап қалған. Сонымен қатар ішкі инженерлік жүйелер де толық аяқталмаған, бұл жағдай су тасқынына себеп болған.
Министрлік пен прокуратура не дейді?
ҚР Индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Нағасбаев жағдайға қатысты пікір білдірді:
«Застройщик — BBC Gold компаниясы. Қазіргі таңда құрылыс жүріп жатқан жоқ. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Бұл нысанды **үлескерлерге беру мәселесі қарастырылып жатыр», – деді министр.
Министрдің айтуынша, ел аумағында 42 проблемалық құрылыс нысаны бар.
Бұған дейін қандай шаралар қабылданды?
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек өткен жылы 600-ге жуық құрылыс ережесін бұзу фактісі тіркелгенін, оның ішінде:
-
6 құрылыс компаниясының лицензиясы тоқтатылғанын;
-
180-нен астам заң бұзу ісі бойынша сотқа жүгінгенін;
-
4 нысан сот шешімімен бұзылғанын хабарлаған еді.
Бұл бағыттағы жұмыстар 2025 жылы да жалғасады.
View this post on Instagram