Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Цифрлық Қазақстан бағдарламасын жүзеге асырудағы мемлекеттік саясат және Жолдаудың міндеттері

4 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аяқталуда

4 Қыркүйек, 2025

Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды – Айбек Смадияров

4 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Цифрлық Қазақстан бағдарламасын жүзеге асырудағы мемлекеттік саясат және Жолдаудың міндеттері
  • Алматы облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аяқталуда
  • Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды – Айбек Смадияров
  • «Құны 2,4 миллион теңге»: «Қазақстан халқына» қорының төрайымы қымбат костюммен ел алдына шығып, сынға ұшырады
  • Балаева бірқатар шенеуніктің ұсталғанын жоққа шығарды
  • «Куәгер ретінде қаралып жатыр»: Қаржылық мониторинг агенттігі Нұрлан Нығматулиннің ісі тоқтатылғанын айтты
  • «Қазаққа жат жаңа дәстүр »: Алматыда имам тек 350 еркекке ғана той жасап, қызын ұзатты
  • Бірлік пен келісім – басты құндылық: Сайрамда ҚХА-ның І сессиясы өтті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 5 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «BALA FEST»: Алматыда патриоттық рухтағы фестиваль өтті

«BALA FEST»: Алматыда патриоттық рухтағы фестиваль өтті

1 Маусым, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «BALA FEST. JARYQ SKILLFEST» атты кең ауқымды фестиваль өтіп жатыр. Бұл мерекелік іс-шараға 5 мыңнан астам бала қатысты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде Алматы қаласы шын мәнінде балалық шақтың, шығармашылықтың және рухани шабыттың орталығына айналды. Ұйымдастырылған BALA FEST. JARYQ SKILLFEST фестивалі балаларға тек көңілді мереке ғана емес, өз елін сүйетін, бойында азаматтық жауапкершілік сезімі қалыптасқан тұлға ретінде дамуына мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды.

Фестиваль Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова атындағы саябақта өтіп жатыр. Батыр аруларымыздың есімімен аталатын саябақта өтіп жатқан мерекенің өзі – ерлікке, отансүйгіштікке үндейтін тағылымды тәрбиелік мәнге ие.

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды фестивальге арнайы келіп, бүлдіршіндермен жүздесті. Ол жас ұрпаққа арналған осындай игі бастамаларды әрдайым қолдайтынын жеткізді. Әкімнің айтуынша, бұл – жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудің, елдің ертеңі саналатын балалардың бойына еңбекқорлық, білімге құштарлық, туған жерге деген сүйіспеншілікті сіңірудің нақты қадамы.

Фестиваль JARYQ деп аталатын бес тақырыптық бекет форматында ұйымдастырылды. Әр бекет бала дамуының маңызды аспектілерін қамтиды:

• Jastar – технология мен инновация,

• Arman – армандар әлемі,

• Rukh – руханият пен тарих,

• Yntalyq – өнер мен шығармашылық,

• Qabilet – кәсіптік бағдар беру.

Осы алаңдар арқылы балалар тек білім алып қана қоймай, өздерін ұлтына пайдалы азамат ретінде елестетіп, болашақтағы рөлін сезіне алды. Әсіресе, Rukh бекетінде ұсынылған тарихи-танымдық контент арқылы балалар халқымыздың өткені мен батырлық жолына көз жүгіртті. Бұл – патриоттық тәрбиенің маңызды бір бөлігі.

Qabilet бекеті – биылғы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жүзеге асқан маңыз­ды бастама. Бұл жерде балалар түрлі кәсіппен танысып, өз қолымен жұмыс істеп, еңбекке деген құрметті бойына сіңірді. Мұндай әрекеттер арқылы елге қызмет етудің, адал еңбек етудің қадірін сезінеді.

Дархан Сатыбалды өз сөзінде:

«Біз саналы да талантты әрі әр ісіне жауапты жаңа ұрпақты қалыптастыратын бастамаларды қолдауды жалғастырамыз. Алматы – әр бала өзіне сенетін және арманына нық қадаммен жететін қала. Біз жай ғана қолайлы орта емес, өз елінің патриоты болатын жас ұрпақты тәрбиелеуді көздеп отырмыз», – деді.

Фестиваль аясында оқушылар сарайы мен шығармашылық мектептерден келген балалар шеберлік сағаттары мен өнер перфоманстарын ұсынды. Олардың креативі мен қолөнері мыңдаған көрерменге шабыт сыйлады. Жас шеберлердің туындылары — тек шығармашылықтың жемісі емес, сонымен қатар, ел болашағына сенім ұялататын үміттің символы.

Алматы қаласында қосымша білім беруге ерекше мән берілуде. 2023–2029 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес, бұл салаға бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын артып келеді. Бұл – келешек ұрпақты жан-жақты дамытып қана қоймай, оларды елін сүйетін, қоғамға пайдалы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған жүйелі саясаттың бір бөлігі.

Оқылып жатыр

Алматыда негізгі көшелердің жөндеу жұмыстары аяқталды

Алматы метросы «Алтын орда» базарына қарай дамиды

Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты

МӘМС: Алматыда жыл басынан бері 19 мыңнан астам бала дүниеге келді

Дархан Сатыбалдының тың жобасы: Алматыда УЕФА-ның төртінші санатына сай алып стадион салынады

Жаңа мектептерде оқу тілін таңдауда барлық баланың құқықтары ескеріледі – Алматы қаласының Білім басқармасы

Соңғы жазбалар

Цифрлық Қазақстан бағдарламасын жүзеге асырудағы мемлекеттік саясат және Жолдаудың міндеттері

4 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аяқталуда

4 Қыркүйек, 2025

Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды – Айбек Смадияров

4 Қыркүйек, 2025

«Құны 2,4 миллион теңге»: «Қазақстан халқына» қорының төрайымы қымбат костюммен ел алдына шығып, сынға ұшырады

4 Қыркүйек, 2025

Балаева бірқатар шенеуніктің ұсталғанын жоққа шығарды

4 Қыркүйек, 2025

«Куәгер ретінде қаралып жатыр»: Қаржылық мониторинг агенттігі Нұрлан Нығматулиннің ісі тоқтатылғанын айтты

4 Қыркүйек, 2025

«Қазаққа жат жаңа дәстүр »: Алматыда имам тек 350 еркекке ғана той жасап, қызын ұзатты

4 Қыркүйек, 2025

Бірлік пен келісім – басты құндылық: Сайрамда ҚХА-ның І сессиясы өтті

4 Қыркүйек, 2025

«Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесудің бәрі ширк»: Желіде салт-дәстүрлерді жоққа шығарған әйел дау туғызды (ВИДЕО)

4 Қыркүйек, 2025

«Аяғын сүйгізген»: Алматы облысында екі әйел 16 жастағы қызды азаптаған

4 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.