Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Көкшетауда Қопа көлінің жағалауы ашылды

1 Маусым, 2025 Ақмола облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Көкшетауда жаңа демалыс орны – Қопа көлі жағалауы «Жағалау» пайдалануға берілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Құрылысы небәрі 8 айда аяқталған нысан үш негізгі бөлікке бөлінген: су бойымен созылған орталық серуен аймағында велосипед жолы, көлеңкелі орындар, орындықтар мен демалыс алаңдары қарастырылған; шығыс бөлігінде бірегей бетоннан жасалған памп-трек, балалар және спорт алаңдары орналасса, батыс жағында амфитеатр, сахна мен дәмхана аймағы бар.

Жағалаудың жалпы ұзындығы – 6,3 шақырым. Жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Қазцинк» АҚ-ның қаржысына жүзеге асырылды.

Облыс орталығында ашылған бұл ауқымды жоба Балаларды қорғау күніне орайластырылды.

Салтанатты шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, «Қазцинк» АҚ бас директоры Жанат Жанботин, «BI-Holding» ЖШС директорлар кеңесінің мүшесі Бауыржан Исабаев, қоғам белсенділері, қала тұрғындары мен қонақтар қатысты.

Ерте таңнан бастап жағалауда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталды. Саудаға Түркістан облысы мен Тәжікстан Республикасынан келген 40-тан астам ауыл шаруашылығы өндірушісі 330 тоннадан астам өнім ұсынды.

Сол мезетте жаңа 12 шақырымдық велосипед жолымен Орталық шағын ауданнан велошеру басталды. Қатысушылар жаңа жолмен жағалауға дейін барып, оны алғашқылардың бірі болып сынап көрді. Велошеруге Ақмола облысының әкімі де қатысты.

Мерекенің шарықтау шегі – костюмді шеру мен «Гормолзавод» бренді ұсынған бір жарым тонна балмұздақтың таратылуы болды. Бұл оқиға Қазақстан рекордтар кітабына енген ұлттық рекорд ретінде тіркелді.

Іс-шара ұйымдастырушылары әрбір келушіні назардан тыс қалдырған жоқ. Студенттер үшін мамандықтар парады, балалар мен ата-аналар үшін батпырауық ұшыру, сондай-ақ түрлі шеберлік сағаттары, спорттық және басқа да белсенді іс-шаралар өткізілді.

Өңір басшысы жиналған жұртты жаңа көпфункционалды жағалаудың ашылуымен құттықтады. Сонымен қатар, балмұздақ тарату бойынша ұлттық рекордты ресми түрде растаған Қазақстан рекордтар кітабының сертификаты табысталды.

«Ел Президенті атап өткендей, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Облыста балалардың қабілетін ашуға бағытталған көптеген игі бастамалар мен іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі ашылып отырған жаңа жағалау – спорттық және балалар алаңдарымен, амфитеатрмен, велосипед жолымен, памп-трекпен, қоғамдық тамақтану орындарымен жабдықталған заманауи демалыс орны – соның айқын дәлелі», – деді өз сөзінде Марат Ахметжанов.

Аймақ басшысы жобаны жүзеге асыруға атсалысқан азаматтарға алғысын білдіріп, республикалық және халықаралық деңгейдегі байқауларда жоғары нәтиже көрсеткен жас спортшыларды, оқушылар мен өнерлі балаларды марапаттады. Сонымен бірге өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан мекеме қызметкерлері де назардан тыс қалмады.

Шара соңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт қойылып, Копа көлінде салют атылды.

Оқылып жатыр

Ақмоладағы Серафимовка ауылында сумен жабдықтау жүйесіне жөндеу жұмыстары аяқталды

Ақмола облысында электрмен жабдықтау жүйесінің жай-күйі мен дамуы

Аймақтың цифрлық дамуы: стартаптар мен жасанды интеллектке басымдық

Ақмола облысында «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

Жастар – таза болашақ үшін: «Таза Қазақстан» акциясындағы белсенділік

Соңғы жазбалар

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.