Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Біздің ұжымға сынақ түсті»: Бір топ театр актерлары халықтан көмек сұрады

5 Қыркүйек, 2025

Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын субсидиялауға 90 млрд теңге бөлінеді

5 Қыркүйек, 2025

Алматыда оқушы өзіне қол жұмсап, көз жұмды

5 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Біздің ұжымға сынақ түсті»: Бір топ театр актерлары халықтан көмек сұрады
  • Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын субсидиялауға 90 млрд теңге бөлінеді
  • Алматыда оқушы өзіне қол жұмсап, көз жұмды
  • «Қазақ тілі – ғылым мен технология тілі»: Астанада республикалық конференция өтті
  • ШҚО-дағы шырғалаң: Заңды некедегі әйелін «зорлап» түрмеге түскен экс-полиция тергеушіні де жаламен қаматып жіберді
  • Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
  • Моңғолия – Азиядағы сенімді әрі маңызды серіктесіміз – Тоқаев
  • 4 автокөлік, 4 пәтер пен жеке үй: Перизат Қайраттың мүлкі аукционда сатылады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 5 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Түркістанда халықаралық стандарттарға сай ірі спорт кешендерінің құрылысы жалғасуда

Түркістанда халықаралық стандарттарға сай ірі спорт кешендерінің құрылысы жалғасуда

2 Маусым, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысында халықаралық талаптарға сай екі ірі спорт нысаны – атшабар кешені мен ескек есу каналы салынып жатыр. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров аталған құрылыс алаңдарын аралап, жұмыс барысымен танысты , деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Жоспар бойынша көпфункционалды атшабар кешені Халықаралық ат спорты федерациясының стандарттарына сай салынуда. Бұл кешенде болашақта конкур, үшсайыс, сондай-ақ ұлттық спорт түрлерінен халықаралық және республикалық жарыстар өткізу жоспарланған. Қазіргі таңда құрылыс алаңында 30-дан астам техника мен 71 құрылысшы еңбек етуде.

Облыс әкімі жұмыс сапары барысында пайдаланылып жатқан құрылыс материалдарының сапасын тексеріп, мердігерлер мен жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Бұдан кейін әкім ескек есу каналының құрылыс барысын көрді. Аталған нысан академиялық есу, ескек есу, сонымен бірге туризм бағытында спорт пен инфрақұрылымды дамытуға зор үлес қосады. Сонымен қатар кешен Түркістан қаласының суару жүйесіне де оң ықпал етпек.

Құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталған нысан үш кезеңнен тұрады. Қазіргі уақытта үшінші кезеңнің жұмыстары қызу жүргізілуде. Құрылыс алаңында 165 адам және 24 арнайы техника жұмылдырылған.

Жобада 1000 орындық трибуна, қайықтар мен спорт жабдықтарына арналған эллинг ғимараты, төрешілер мұнаралары, аэрация және сүзгі жүйелері, инженерлік инфрақұрылым, электрондық табло, сондай-ақ көгалдандыру мен абаттандыру элементтері қарастырылған.

Аталған спорт нысандарының іске қосылуы Түркістан облысындағы спорт инфрақұрылымын халықаралық деңгейге шығаруға және спорт туризмін дамытуға зор серпін береді деп күтілуде.

Оқылып жатыр

Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын субсидиялауға 90 млрд теңге бөлінеді

Биыл 116,2 мың тонна мақта жиналады: Жетісай, Шардара және Мақтааралдағы науқанға дайындық талқыланды

Бірлік пен келісім – басты құндылық: Сайрамда ҚХА-ның І сессиясы өтті

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды

Түркістан облысындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес компанияларында 113 студент дуалды оқытудан өтеді

Түркістан облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды

Соңғы жазбалар

«Біздің ұжымға сынақ түсті»: Бір топ театр актерлары халықтан көмек сұрады

5 Қыркүйек, 2025

Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын субсидиялауға 90 млрд теңге бөлінеді

5 Қыркүйек, 2025

Алматыда оқушы өзіне қол жұмсап, көз жұмды

5 Қыркүйек, 2025

«Қазақ тілі – ғылым мен технология тілі»: Астанада республикалық конференция өтті

5 Қыркүйек, 2025

ШҚО-дағы шырғалаң: Заңды некедегі әйелін «зорлап» түрмеге түскен экс-полиция тергеушіні де жаламен қаматып жіберді

5 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

5 Қыркүйек, 2025

Моңғолия – Азиядағы сенімді әрі маңызды серіктесіміз – Тоқаев

5 Қыркүйек, 2025

4 автокөлік, 4 пәтер пен жеке үй: Перизат Қайраттың мүлкі аукционда сатылады

5 Қыркүйек, 2025

Астанада 10 автокөлік ойнатпақ болған блогерлерге қатысты сот басталды

5 Қыркүйек, 2025

Қазақстан әлемдік мұнай нарығындағы жетекші мемлекеттің бірі — Тоқаев

5 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.