Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Түркістан облысында екі полицей тәркіленген есірткіні сатып жатқан жерінен ұсталды

17 Қазан, 2025

«Қара маскадағы» жігіт ауыр дертке шалдыққан бозбалаға пәтер мен еміне 80 млн теңге қаражат берді

17 Қазан, 2025

Футболдағы жемқорлық туралы «Offside» сериалы өшірілді: Қазақстандық продюсер қысым жасалып жатқанын айтты

17 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Түркістан облысында екі полицей тәркіленген есірткіні сатып жатқан жерінен ұсталды
  • «Қара маскадағы» жігіт ауыр дертке шалдыққан бозбалаға пәтер мен еміне 80 млн теңге қаражат берді
  • Футболдағы жемқорлық туралы «Offside» сериалы өшірілді: Қазақстандық продюсер қысым жасалып жатқанын айтты
  • Трамп пен Путин тағы кездеседі
  • Белгілі ақын, журналист Мұрат Тастағанов өмірден өтті
  • «Қайраттың» тәрбиеленушісі болған: 19 жастағы қазақстандық футболшы матч кезінде көз жұмды
  • «Туған анасы мен өгей әкесі мәжбүрлеп ұзатқан»: Қарағандыда 15 жасар қызды әйел қылып алған 37 жастағы ер адам сотталды
  • Қазақстанның бірнеше облысында қатты жел мен үсік, төтенше өрт қаупі күтіледі
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 17 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Чип пен электронды қондырғылар Еуропаға экспортталады — Берік Уәли облыста жаңа зауыттың салынатынын хабарлады

3 Маусым, 2025 Абай облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Семей қаласында елімізде алғаш рет чиптер мен электронды құрылғылар шығаратын жоғары технологиялы индустриялық парктің құрылысы басталды. Жаңа өндіріс орнының іргетасын қалау рәсіміне Абай облысының әкімі Берік Уәли қатысты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Әкімнің айтуынша, зауыт заманауи электроқұралдар мен жарықтандыру жүйелеріне арналған диод чиптерін шығаратын болады. Мұндай өндіріс Қазақстанда алғаш рет іске асырылып отыр.

«Құрылыс кезеңінде 140 адам жұмыспен қамтылады. Ал зауыт толық іске қосылғаннан кейін 500-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады. Құрылысқа және болашақ қызметке Семей қаласының тұрғындары тартылады», — деді облыс әкімі.

Зауыт жұмысын бастағаннан кейін қызметкерлердің орташа жалақысы 250 мың мен 500 мың теңге аралығында болады деп жоспарланып отыр. Бұл – өңір халқының әлеуметтік жағдайын жақсартып, жергілікті экономиканың дамуына серпін беретін маңызды жоба.

Студенттерге тәжірибе, түлектерге тұрақты жұмыс

Жаңа зауыт Семейдегі IT және жаңа технологиялар жоғары колледжінің студенттері үшін өндірістік тәжірибе алаңына айналмақ. Кәсіпорын өкілдері оқу орнымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, білікті мамандарды дайындауға және жұмысқа қабылдауға дайын екенін білдірді.

Инвестор – Қазақстан-Қытай компаниясы

Жобаны қазақстандық-қытайлық «SUTO KAZAKHSTAN» ЖШС жүзеге асырады. Құрылысы «Өндіріс» индустриялық аймағында жүргізілуде. Жалпы құны 50 миллион АҚШ долларын құрайтын жоба 2025–2028 жылдар аралығында үш кезеңмен жүзеге асырылмақ.

Зауыттың өнімдері ішкі нарықпен қатар, ТМД елдері мен Еуропаға экспортталатын болады.

Қытаймен келісілген инвестициялық әріптестік

Айта кетейік, Абай облысының делегациясы жуырда Қытай Халық Республикасының Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданына қарасты Алтай қаласында өткен халықаралық «Үлкен Алтай» субөңірлік конференциясына қатысып қайтқан болатын. Сол сапар аясында қазақстандық тарап пен қытайлық инвесторлар арасында 1,5 млрд АҚШ долларын құрайтын 15 меморандумға қол қойылды.

Семейдегі чип өндіретін зауыттың құрылысы — аталған келісімдердің алғашқы нақты нәтижесі ретінде бағаланып отыр.

Оқылып жатыр

Саржал ауылында жаңа спорт модулі салынып жатыр

Бесқарағай ауданында жүзу бассейнінің құрылысы қарқынды жүргізілуде

Бородулиха ауданының Михайличенково ауылында өрт сөндіру пункті ашылды

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында Шәріптоғайда заманауи емхана ашылды

Көкпекті аудандық ауруханасына күрделі жөндеу жүргізілді

Семей қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды

Соңғы жазбалар

Түркістан облысында екі полицей тәркіленген есірткіні сатып жатқан жерінен ұсталды

17 Қазан, 2025

«Қара маскадағы» жігіт ауыр дертке шалдыққан бозбалаға пәтер мен еміне 80 млн теңге қаражат берді

17 Қазан, 2025

Футболдағы жемқорлық туралы «Offside» сериалы өшірілді: Қазақстандық продюсер қысым жасалып жатқанын айтты

17 Қазан, 2025

Трамп пен Путин тағы кездеседі

17 Қазан, 2025

Белгілі ақын, журналист Мұрат Тастағанов өмірден өтті

17 Қазан, 2025

«Қайраттың» тәрбиеленушісі болған: 19 жастағы қазақстандық футболшы матч кезінде көз жұмды

17 Қазан, 2025

«Туған анасы мен өгей әкесі мәжбүрлеп ұзатқан»: Қарағандыда 15 жасар қызды әйел қылып алған 37 жастағы ер адам сотталды

17 Қазан, 2025

Қазақстанның бірнеше облысында қатты жел мен үсік, төтенше өрт қаупі күтіледі

17 Қазан, 2025

Бағалар, айыппұлдар, ипотека бойынша шұғыл шешімдер: Қазақстанда дағдарысқа қарсы шаралар жарияланды

17 Қазан, 2025

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.