Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Найзағай ойнап, қатты жел тұрады»: ел тұрғындарына шұғыл ескерту жарияланды

8 Қыркүйек, 2025

«Біз жеңілдік, тақырып жабылды»: Гүлнар Бажкенова жоғары лауазымды тұлғалар туралы жалған ақпарат таратқанын мойындады

8 Қыркүйек, 2025

«Намазхан, әрі асаба»: Түркістан облысында ұлынан таяқ жеген қария қайтыс болып кетті

7 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Найзағай ойнап, қатты жел тұрады»: ел тұрғындарына шұғыл ескерту жарияланды
  • «Біз жеңілдік, тақырып жабылды»: Гүлнар Бажкенова жоғары лауазымды тұлғалар туралы жалған ақпарат таратқанын мойындады
  • «Намазхан, әрі асаба»: Түркістан облысында ұлынан таяқ жеген қария қайтыс болып кетті
  • Талғар трагедиясы: қыз зорлап, адам атып өлтірген қылмыскерге полицейлер машина боятып жүрген
  • Талғарда адам ұрлау мен кісі өлтіру: полицейлердің әрекетсіздігіне байланысты іс қозғалды
  • «Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған
  • «Мені қатты ашуландырды»: Бажкеноваға шара қолданылып, Orda.kz басылымынан аластатылмақ
  • «Крышасымен»: Ақордаға кіргеніне мақтанған әнші Айқын Төлепберген сынға қалды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 8 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Талғар ауданында Орталық Азиядағы алғашқы «Атлетико де Мадрид» академиясы салынады

Талғар ауданында Орталық Азиядағы алғашқы «Атлетико де Мадрид» академиясы салынады

8 Маусым, 2025 Алматы облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Талғар ауданына барды. Сапар барысында өңір басшысы болашақ «Атлетико де Мадрид» футбол академиясының құрылыс алаңында болып, жобаның жүзеге асу барысымен танысты, дее хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Жоба Талғар ауданындағы жұмыс істеп тұрған «Ақбұлақ» спорт орталығының базасында жүзеге асырылуда. 2024 жылдың қыркүйек айында «Sport Asset Management» қоғамдық бірлестігі мен «Doscar Group» ЖШС испаниялық «Атлетико де Мадрид» футбол клубымен бірлескен қызмет туралы келісімге қол қойды. Осы келісім аясында Орталық Азияда алғашқы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясын құру жоспарланған.

Академия құрылысы үш кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезең – балалар академиясының нысандарын салу – 2025 жылдың мамырында басталып, 2026 жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Қазіргі таңда қонақүй ғимараты қайта жаңартылып, бір футбол алаңының реконструкциясы қарқынды жүргізілуде. Бұл нысанның пайдалануға берілу мерзімі – 30 маусым.

Қазіргі уақытта келесі нысандар бойынша жобалық құжаттамаларды келісу жұмыстары жүргізілуде:
– 20 киім ауыстыратын бөлмесі, душ кабиналары, медициналық пункттері, жаттығу және конференц-залдары, көрермендерге арналған алаңдары бар әкімшілік-тұрмыстық кешен;
– қыс мезгілінде жаттығуға арналған жасанды жабыны бар жабық каркасты футбол залы;
– жасанды төсемі бар екі ашық футбол алаңы;
– қақпашыларға арналған жаттығу алаңы;
– бұрынғы садақ ату ғимаратын заманауи өткізу пунктіне айналдыру (кіру аймағы, санитарлық тораптар, күту залы және кафетерий қарастырылған).

Жобаның екінші кезеңінде кәсіби футбол командаларына арналған инфрақұрылым құрылмақ: табиғи шөп төселген екі ашық алаң, жасанды жабыны бар бір алаң және толық жабдықталған әкімшілік кешен.

Ал үшінші кезеңде 10 000 көрерменге арналған үлкен стадион салу көзделіп отыр.

Академия тек спорттық база ғана емес, болашақта әлемдік деңгейдегі футболшыларды дайындайтын орталыққа айналып, қазақстандық футболдың дамуына жаңа серпін береді деп күтілуде.

Аталған жобаға Алматы облысы әкімдігі жан-жақты қолдау көрсетеді. Инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, қажетті рұқсат құжаттарын жеделдету және құрылыс барысын үйлестіру – өңір басшылығының тұрақты бақылауында.

Оқылып жатыр

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

Таза Қазақстан: Маралсай шатқалынан 2 тонна тұрмыстық қалдық жинады

Алматы облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аяқталуда

Алматы облысында жаңа оқу жылы 9 жаңа мектептің ашылуымен басталды

Достық пен өзара тиімді ынтымақтастық рухы: Алматы облысы Қытаймен жеті меморандумға қол қойды

Алматы облысының әкімі Пхёнтхэк қаласының мэрімен Қонаевта кездесті

Соңғы жазбалар

«Найзағай ойнап, қатты жел тұрады»: ел тұрғындарына шұғыл ескерту жарияланды

8 Қыркүйек, 2025

«Біз жеңілдік, тақырып жабылды»: Гүлнар Бажкенова жоғары лауазымды тұлғалар туралы жалған ақпарат таратқанын мойындады

8 Қыркүйек, 2025

«Намазхан, әрі асаба»: Түркістан облысында ұлынан таяқ жеген қария қайтыс болып кетті

7 Қыркүйек, 2025

Талғар трагедиясы: қыз зорлап, адам атып өлтірген қылмыскерге полицейлер машина боятып жүрген

7 Қыркүйек, 2025

Талғарда адам ұрлау мен кісі өлтіру: полицейлердің әрекетсіздігіне байланысты іс қозғалды

7 Қыркүйек, 2025

«Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған

7 Қыркүйек, 2025

«Мені қатты ашуландырды»: Бажкеноваға шара қолданылып, Orda.kz басылымынан аластатылмақ

7 Қыркүйек, 2025

«Крышасымен»: Ақордаға кіргеніне мақтанған әнші Айқын Төлепберген сынға қалды

7 Қыркүйек, 2025

Талғардағы трагедия: қылмыскер ағасын атып өлтірген келіншекпен төсектес болған

7 Қыркүйек, 2025

Президент деңгейінде ғана шешіледі: Азбал Құспан кедендік түсім еке есеге азайып, қылмыстың көбейіп кеткенін жазды

7 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.