Астанаға алдағы күндері Словакияның премьер-министрі Роберт Фицо келеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Словакия премьер-министрі Роберт Фицо 10-11 маусымда келеді.
«Келіссөздер барысында Қазақстан президенті мен Словакия Үкіметінің басшысы қазақ-словак серіктестігін кеңейту перспективасын талқылайды», — делінген Ақорда хабарламасында.