Әнші, «МузАРТ» тобының мүшесі Сәкен Майғазиев ұлының тойын онлайн көрсетіп, 9 миллион теңгеге жуық ақша тапты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Әділет пен келіні Әдияның үйлену тойы 11-маусым күні 18:00-де басталды. Қонаққа құдалардан бөлек жүз шақты әнші келген. Той Алматыдағы Royal Tulip мейрамханасында өтіп жатыр. Әншінің тойын тікелей эфирден тамашалауға 5800-ден аса адам тіркелген.
Шараны ұйымдастырушы – белгілі продюссер Жан Мұқанов агенттігі. Әншінің дүрілдетіп жасап жатқан тойына 800-ден аса адам шақырылған.
Тікелей эфирде алғашқы болып Кенжебек Жанәбілов пен жұбайы Жамилә Төлегенова қонақ болып келді. Одан кейін қызыл кілемде отбасымен әнші Нұрлан Еспанов та бой көрсетті.
«Сәкеннің қуанышы қазақтың қуанышы, оны барлық қазақ көруі керек. Мен қуанып отырмын. Бұл тұңғыш рет болып жатыр. Керемет, бұл сәтті түсіргендеріңізге қуаныштымын», – деді ол эфирде тойды ақылы ету туралы.
Тікелей эфирді журналист Анна Данченко мен асаба Әзімбек Байлин жүргізіп, қонақтарды да қарсы алуда.
Әнші жалғыз ұлының тойын халыққа ақылы түрде көрсетіп, ақша табу көпшілікке ұнаған жоқ.