Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Анасының бақыты: Жұлдыз Әбдікәрімова тұңғышын Англияға аттандырды

9 Қыркүйек, 2025

«Елдің болашағы жарқын болғай!»: депутат Ринат Зайыт Жолдауды тәпсірлеп, сөзін батамен аяқтады

9 Қыркүйек, 2025

«Мешітте азан шақырады»: Бас Имам әкесін cоққыға жыққан адамға қатысты мәлімдеме жасады

9 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Анасының бақыты: Жұлдыз Әбдікәрімова тұңғышын Англияға аттандырды
  • «Елдің болашағы жарқын болғай!»: депутат Ринат Зайыт Жолдауды тәпсірлеп, сөзін батамен аяқтады
  • «Мешітте азан шақырады»: Бас Имам әкесін cоққыға жыққан адамға қатысты мәлімдеме жасады
  • «Жолдау — 2025»: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні
  • «Ракпен ауырған күйеуі де комада»: Ресей әскерін Қазақстанға жіберуді сұраған Симоньян ауыр дерт жұқтырды
  • «Рассрочка бар ма»: дұға сатумен айналысатын танымал блогер жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)
  • Қытай мен Қазақстан суретшілері Байшифэн тауында достық картинасын салды
  • Вашингтонның визалық талабы: АҚШ-қа барғысы келетін ресейліктер Астанаға ағылатын болды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 9 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Теуіп, сызғышпен ұрған: Шымкентте балабақшадағы балаларды аяусыз ұрған тәрбиеші қамауға алынды

Теуіп, сызғышпен ұрған: Шымкентте балабақшадағы балаларды аяусыз ұрған тәрбиеші қамауға алынды

12 Маусым, 2025 Оқиғалар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкенттегі «Ай Көркем» жекеменшік балабақшасындағы балаларға қатыгездік көрсетудің соңы қылмыстық істің ашылуына түрткі болды. Баласының денесіндегі көгерген іздерге алаңдаған ата-аналар бейнебақылау жазбасын талап етіп, балаларының қалай таяқ жегендерін көргенде арыз жазған еді. Жекеменшік балабақша тәрбиешісінің үстінен қылмыстық іс қозғалып қана қоймай, долы әйел қамауға алынды, деп хабарлайды Todayinfo.

Әлеуметтік желілерде тарап кеткен бейнежазбада Шымкенттегі «Ай Көркем» жекеменшік балабақшасында шамамен екі сағат бойы тәрбиешінің балаларға қатыгездік танытқан.

Ашулы әйел бар өшін кішкентай балақайлардан алған. Ол балаларды сызғышпен ұрып, теуіп, қолдарынан сүйреп, тіпті дәптермен де ұрған. Қылмыстық әрекетінен кейін тәрбиеші ештеңе болмағандай орнына қайта отырып, телефонның қызығына кіріскен.

— 4 маусым күні «Ай Көркем» балабақшасында бұл оқиға орын алды. Бұл фактіні растаймын. Тәрбиешінің көмекшісі мекеменің ішкі бұйрығына сәйкес жұмыстан шығарылды. Тәртіп пен талапты бұзатын қызметкерлер біздің ұжымда жұмыс істей алмайды. Болған жайтқа шын жүректен өкініш білдіремін. Біздің балабақшада балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиенің сапасы әрдайым басты назарда, – деді «Ай Көркем» балабақшасының меңгерушісі Нұргүл Мамашәріпова.

Зардап шеккен баланың анасының арызы негізінде полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

— Қала тұрғыны ұлының соққыға жығылғаны туралы шағыммен жүгінген. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексеріп, куәгерлерден жауап алуда. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, – делінген қалалық полиция департаменті таратқан ақпаратта. 

Оқылып жатыр

«Рассрочка бар ма»: дұға сатумен айналысатын танымал блогер жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

«Келеңсіз оқиғаларды жиі көруге болады»: Тоқаев қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағат сөз айтатын әйелдерді сынады

«Арзан пиар, TikTok-қа жатып алған»: Қанды қылмыстан арылмаған Талғардың басшылары той тойлауды тоқтатпаған

Бауыр обыры: Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты

СҚО-да бірін бірі көлікпен соғып өлтірген полицейлердің аты-жөндері белгілі болды

Шұғыл: СҚО-да ерегескен екі полиция қызметтік көлікпен бір-бірімен соғысып өлді

Соңғы жазбалар

Анасының бақыты: Жұлдыз Әбдікәрімова тұңғышын Англияға аттандырды

9 Қыркүйек, 2025

«Елдің болашағы жарқын болғай!»: депутат Ринат Зайыт Жолдауды тәпсірлеп, сөзін батамен аяқтады

9 Қыркүйек, 2025

«Мешітте азан шақырады»: Бас Имам әкесін cоққыға жыққан адамға қатысты мәлімдеме жасады

9 Қыркүйек, 2025

«Жолдау — 2025»: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні

9 Қыркүйек, 2025

«Ракпен ауырған күйеуі де комада»: Ресей әскерін Қазақстанға жіберуді сұраған Симоньян ауыр дерт жұқтырды

9 Қыркүйек, 2025

«Рассрочка бар ма»: дұға сатумен айналысатын танымал блогер жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

9 Қыркүйек, 2025

Қытай мен Қазақстан суретшілері Байшифэн тауында достық картинасын салды

9 Қыркүйек, 2025

Вашингтонның визалық талабы: АҚШ-қа барғысы келетін ресейліктер Астанаға ағылатын болды

9 Қыркүйек, 2025

Балқашта мектептерге жаппай теракт жасалмақ: Полиция мәлімдеме жасады

9 Қыркүйек, 2025

О баста халықтан сенат керек пе деп сұраған билік болған емес — Досай Кенжетай

8 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.