Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Орталық Азия – Қытай» II саммиті: ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Астана сапары алдында академиктер форумы өтті

15 Маусым, 2025 Қытай
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Орталық Азия – Қытай» II саммиті аясында II халықаралық академиктер форумы өтті. Ауқымды шараны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы және Сиань Цзяотун университеті бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды Todayinfo.

Форумның мақсаты – ғылыми зерттеулер мен озық технологияларды енгізу арқылы климаттың өзгеруі, шөлейттену, халықтың өсуі және кедейлікпен күресу сияқты өзекті жаһандық сын-қатерлерді шешуге жәрдемдесу.

 

Форумға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, Сиань Цзяотун университетінің (XJTU) атқарушы вице-президенті Би Чжаохун, ҚР  ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова, Алматы қаласы әкімдігі, министрлік өкілдері, сондай-ақ Орталық Азия және Қытай елдерінен энергетика саласындағы ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев мәртебелі қонақтар мен қатысушыларды қарсы алып, 16 маусымда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға келетінін атап өтті.  17 маусымда Астанада «Орталық Азия – Қытай» ІІ саммиті өтеді, оған өңірдің мемлекет басшылары қатысады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуде: «Қытай – біз үшін тек жақын көрші емес, сонымен қатар жақын дос және уақытпен сыналған сенімді серіктес», – деген болатын.

Өз тарапынан Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин: «Мен Қытайдың Қазақстанмен қатынастарын стратегиялық биіктіктен және ұзақ мерзімді перспективада қарастыратынын растағым келеді. Қытай әрқашан Қазақстанның сенімді тірегі болады», – деді.

       «Дәл осы Қазақстан мен Қытай мемлекет басшылары арасындағы жоғары деңгейдегі жылы және сенімді қатынастар бүгінгі өзара әрекеттесуіміздің берік негізі болды. Осы саммит аясында бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Орталық Азия және Қытай Ғылым академиясының академиктері бас қосты», – деп тілге тиек етті ҚазҰУ ректоры.

Айта кету керек, мемлекет басшылары саммиті аясында «Орталық Азия – Қытай» Іскерлік кеңесінің екінші отырысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үш келісімге қол қоюды жоспарлап отыр. Біріншісі – ҚазҰУ мен Қытайдың TusHoldings корпорациясы арасында, ол Қытайдағы инновациялық кәсіпкерліктің жетекші институттарының бірі. Құжат стартаптарды дамыту үшін DeepTech, цифрлық және жасыл технологиялар, биомедицина және жасанды интеллект салаларында бірлескен бизнес-инкубатор құруды қарастырады. Екіншісі – «Huibo» (Хуэйбо) цифрлық интеллектуалдық шеберханасын жасақтау, ол заманауи оқу-ғылыми платформа болады. Үшіншісі – Жердегі спутник станциясын құру туралы келісім. Бұл бастама ғарыштық зерттеулер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты және технологиялық алмасуды кеңейту үшін маңызды қадам болмақ.

Қазіргі уақытта ҚазҰУ 65 Қытай университеттері мен ұйымдарымен тығыз серіктестік орнатқан. Қытайдан келген шетелдік студенттердің жалпы саны 1440 адамды құрайды. Сондай-ақ Орталық Азия елдерімен халықаралық ынтымақтастық белсенді дамып, өңірлік университеттерімен 55 келісім жасалған. Әзірбайжан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстанда қосдипломды бағдарламалар мен бірлескен білім беру жобалары сәтті жүзеге асырылуда.

«Бүгінгі форумның мақсаты – тек пікір алмасу емес, жасыл технологиялар саласындағы интеграцияны тереңдетуге бағытталған нақты ынтымақтастықты ілгерілету», – деді Жансейіт Түймебаев.

ҚР ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаев Орталық Азияның биоалуантүрлілігін қорғау бойынша үйлестіруші механизм ретінде «Орталық Азия биоалуантүрлілігі жөніндегі кеңес» құруды ұсынды.

Пленарлық отырыста ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Орталық Азия мен Қытай елдерінің ғылыми қауымына арналған құттықтау хатын ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова оқып берді.

«Бүгінгі іс-шара «Бір белдеу – бір жол» бастамасы шеңберінде жасыл энергетика саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге, «Жасыл Жібек жолы» тұжырымдамасын іске асыруға, озық технологиялармен алмасуға елеулі үлес қосады. Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестік жаңа деңгейге көтерілді. Қос мемлекет басшылары арасындағы өзара сенім мен достық екі ел қарым-қатынасының берік негізі болып отыр. Осы тұрғыда ҚазҰУ-да өтіп жатқан форум әріптестіктің айқын көрінісі», – делінген хатта.

Сондай-ақ Сиань университетінің вице-президенті Би Чжаохун, Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті Қанатбек Абдрахматов және Тәжікстан Ғылым академиясының вице-президенті Саидмұхамед Ибадов құттықтау сөздерін жеткізді.

Форум барысында ҚР ҰҒА, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Сиань Цзяотун университетінің (ҚХР), Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясының, Қырғызстан халықаралық университетінің және Самарқанд мемлекеттік университетінің (Өзбекстан) өкілдері жасыл энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы Алматы хартиясына қол қойды.

Форум жұмысы тақырыптық панельдік секциялармен жалғасты. Қатысушылар жасыл энергетикаға көшу үдерісін жеделдету бойынша өз әзірлемелерін ұсынды, тәжірибе және пікір алмасты.

Оқылып жатыр

Қазақстан-Қытай қатынастары: Шыңжаң арқылы өтетін мүмкіндіктер көпірі

Сарапшы: Шыңжаң – Еуразияның жаңа алтын дәлізі

Қытай мен Қазақстан суретшілері Байшифэн тауында достық картинасын салды

Си Цзиньпин 12-рет ШЫҰ саммитіне төрағалық етіп, «үйлесім жолын» түсіндірді

Си Цзиньпиннің жаһандық басқару бастамасы: үш метафора арқылы түсіндіру

«Қырымбек Көшербаев, Гүлшара Әбдіхалықова»: Ескі Қазақстанның ардагер шенеуніктері тойға жиналды (ВИДЕО)

Соңғы жазбалар

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.