Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Цифрлық Қазақстан бағдарламасын жүзеге асырудағы мемлекеттік саясат және Жолдаудың міндеттері

4 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аяқталуда

4 Қыркүйек, 2025

Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды – Айбек Смадияров

4 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Цифрлық Қазақстан бағдарламасын жүзеге асырудағы мемлекеттік саясат және Жолдаудың міндеттері
  • Алматы облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аяқталуда
  • Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды – Айбек Смадияров
  • «Құны 2,4 миллион теңге»: «Қазақстан халқына» қорының төрайымы қымбат костюммен ел алдына шығып, сынға ұшырады
  • Балаева бірқатар шенеуніктің ұсталғанын жоққа шығарды
  • «Куәгер ретінде қаралып жатыр»: Қаржылық мониторинг агенттігі Нұрлан Нығматулиннің ісі тоқтатылғанын айтты
  • «Қазаққа жат жаңа дәстүр »: Алматыда имам тек 350 еркекке ғана той жасап, қызын ұзатты
  • Бірлік пен келісім – басты құндылық: Сайрамда ҚХА-ның І сессиясы өтті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 5 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Алматыдағы оқушылардың 96%-ға жуығы жазғы демалыста сауықтыру шараларымен және түрлі үйірмелермен қамтылған

Алматыдағы оқушылардың 96%-ға жуығы жазғы демалыста сауықтыру шараларымен және түрлі үйірмелермен қамтылған

10 Маусым, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2025 жылдың жазғы маусымында Алматы қаласында 281 мың оқушы жазғы демалыста сауықтыру шараларымен және түрлі үйірмелермен қамтылды. Бұл көрсеткіш 1-10 сынып аралығында оқитын алматылық 293 682 баланың 95,7 пайызын құрайды. Ал, 2024 жылы жазғы демалыста ұйымдастырылған шараларға 266 343 оқушы қатысқан еді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Биыл мектеп жанындағы лагерьлердің жұмысы ерекше мазмұнды әрі қызықты өтуде. Мұнда балалар жент жасауды, құрт жайып, кептіруді, кесте тігіп, тоқыма тоқуды, қолмен сөмке тігуді үйреніп жатыр. Сонымен қатар, олар қазақтың дәстүрлі ойындары – ханталапай, асық ату, сондай-ақ қазақ күресінің негіздерімен танысуда. Бұдан бөлек, балалар бағдарламалау мен робототехникаға машықтанып, домбыра, жетіген, баян және басқа да ұлттық музыкалық аспаптарда ойнауды үйренуде. Спортқа да ерекше көңіл бөлінген: балалар футбол, баскетбол, волейбол ойнап, ашық ауада түрлі эстафеталарға қатысып жатыр. БАҚ өкілдері баспасөз туры аясында бірнеше мектеп жанындағы лагерьге барып, балалармен және білім беру саласының өкілдерімен сұхбаттасты.

Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Мұхтар Тәжібаевтың айтуынша, қалада IT-дағдыларды дамытуға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және патриоттық тәрбиені күшейтуге бағытталған тақырыптық лагерьлер жұмыс істеп жатыр. Бұл ретте Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына ерекше мән берілуде.

«Қалада 200-ден астам жалпы білім беретін мектеп бар. Биыл оқу жылы аяқталғаннан кейін бірден мектеп жанындағы лагерьлер жұмысын бастады. Ең бастысы – балалар лагерьге жергілікті бюджет есебінен тегін барып жүр. Сондай-ақ, 26 мамырдан бастап 9 маусымға дейін бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік осал топтағы балалар лагерьлерде тегін тамақпен қамтылды. Енді бүгіннен бастап маусым айының соңына дейін лагерлер таңертеңнен түске дейін жұмыс істейтін болады, бірақ бұл кезеңде тамақтану қарастырылмайды. Балалар әдеттегідей мектеп жанындағы лагерьлерге тегін бара береді. Ал, шілде айында мектептер жаңа оқу жылына дайындық жүргізіп, жөндеу жұмыстарына кіріседі. Кейін тамыз айында лагерьлер қайта ашылып, тағы таңертеңнен түске дейін балаларды тегін қабылдайтын болады. Сонымен қатар, жақын арада қала сыртындағы лагерьлер де жұмысын бастайды. Қазір балаларды демалысқа қабылдауға дайын ұйымдар арасында конкурс өтіп жатыр. Бұдан бөлек, қосымша білім беру үйірмелері де өз жұмысын жалғастыруда. Қалада 19 мемлекеттік және 122 жекеменшік қосымша білім беру мекемесі бар. Онда 40 мыңнан астам бала мемлекет есебінен қосымша білім алуда», – деді Мұхтар Тәжібаев.

Мәселен, №140 мектеп жанындағы спорттық бағыттағы лагерьде 5–6 сынып оқушылары әртүрлі спорт түрлері бойынша тереңдетілген дайындықтан өтуде. Мұнда волейбол, футбол, тоғызқұмалақ және басқа да ұлттық ойындар бойынша жаттығулар өткізілуде. Лагерь бағдарламасы теориялық білім беруді де қамтиды – бұл балалардың спорттық тәртібін нығайтып, командалық рухын қалыптастырады.

№97 мектеп жанынан ашылған «Арман» лагерінде балалар спорттық және шығармашылық шараларға, экскурсиялар, зияткерлік ойындар мен шеберлік сабақтарға қатысып жатыр.

Алматы құрылыс-техникалық колледжі базасында «Жазда мамандық таңдайық» атты бағдарлама жүзеге асырылуда. Мұнда жоғары сынып оқушылары ағаш өңдеу ісін, графикалық дизайнды меңгеріп, құрал-саймандармен жұмыс істеуді, сондай-ақ SketchUp арқылы 3D-модельдеудің негіздерін үйренуде. Бұл бағдарлама балаларға алғашқы кәсіби дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.

Патриоттық және мәдени тәрбиеге де ерекше назар аударылуда. №208 мектеп жанынан ашылған «Этно City» этнолагері – жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім мен ұлттық мәдениетке деген құрметті қалыптастыратын ерекше алаң. Мұнда балалар қазақтың салт-дәстүрімен терең танысып жатыр. Лагерьде бірнеше киіз үй тігіліп, олардың әрқайсысы жай сәндік элемент емес, білім беру кеңістігіне айналған. Бағдарлама аясында ұлттық қолөнер бойынша шеберлік сабақтары өткізіліп, балалар қазақтың әшекей бұйымдары мен тұрмыстық заттарын жасауды үйренуде. Спорттық және ұлттық ойындар арқылы олар дене шынықтырумен қатар, қазақ халқының көне дәстүрлері мен жарыс мәдениеті жайында мол мағлұмат алуда.

Наурызбай ауданындағы Оқушылардың инновациялық шығармашылығы орталығында ашылған IT-лагерьде 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар бағдарламалау негіздерін меңгеріп, электроникамен танысып, түрлі ғылыми тәжірибелерге қатысуда. Мұнда балалар музакалық дәрістерге қатысып, аспаптарда ойнауды және киім тігуді үйренуде.

Жалпы, Алматы мектептеріндегі жазғы лагерь бағдарламалары балаларға тек демалуға ғана емес, уақытты тиімді өткізуге, жаңа білім мен дағдыларды меңгеруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға кең мүмкіндік береді.

Оқылып жатыр

Алматыда негізгі көшелердің жөндеу жұмыстары аяқталды

Алматы метросы «Алтын орда» базарына қарай дамиды

Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты

МӘМС: Алматыда жыл басынан бері 19 мыңнан астам бала дүниеге келді

Дархан Сатыбалдының тың жобасы: Алматыда УЕФА-ның төртінші санатына сай алып стадион салынады

Жаңа мектептерде оқу тілін таңдауда барлық баланың құқықтары ескеріледі – Алматы қаласының Білім басқармасы

Соңғы жазбалар

Цифрлық Қазақстан бағдарламасын жүзеге асырудағы мемлекеттік саясат және Жолдаудың міндеттері

4 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аяқталуда

4 Қыркүйек, 2025

Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды – Айбек Смадияров

4 Қыркүйек, 2025

«Құны 2,4 миллион теңге»: «Қазақстан халқына» қорының төрайымы қымбат костюммен ел алдына шығып, сынға ұшырады

4 Қыркүйек, 2025

Балаева бірқатар шенеуніктің ұсталғанын жоққа шығарды

4 Қыркүйек, 2025

«Куәгер ретінде қаралып жатыр»: Қаржылық мониторинг агенттігі Нұрлан Нығматулиннің ісі тоқтатылғанын айтты

4 Қыркүйек, 2025

«Қазаққа жат жаңа дәстүр »: Алматыда имам тек 350 еркекке ғана той жасап, қызын ұзатты

4 Қыркүйек, 2025

Бірлік пен келісім – басты құндылық: Сайрамда ҚХА-ның І сессиясы өтті

4 Қыркүйек, 2025

«Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесудің бәрі ширк»: Желіде салт-дәстүрлерді жоққа шығарған әйел дау туғызды (ВИДЕО)

4 Қыркүйек, 2025

«Аяғын сүйгізген»: Алматы облысында екі әйел 16 жастағы қызды азаптаған

4 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.