Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті

31 Тамыз, 2025

«Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті

31 Тамыз, 2025

ШЫҰ саммиті: Тоқаев қатысушыларға арналған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысады

31 Тамыз, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті
  • «Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті
  • ШЫҰ саммиті: Тоқаев қатысушыларға арналған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысады
  • «Жанқош пен Клараны атып кетем»: елді әлекке салған Әнарудың әкесі ауыр қылмыс жасамақ болған
  • Жанжал жан қиюға жеткізді: Алматы облысында сұлу келіншек өлі күйінде табылды
  • «Кайрат» билеттерге қатысты қазақстандықтарға ресми үндеу жасады
  • Қытайлық БАҚ Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі туралы: сенім, символизм мен жаңа келісімдер
  • Түркістан – Ұлы Даланың Рухани Жүрегі
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 сентября
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Жаңа металл зауыты ашылды: Саранда қосымша 115 жұмыс орны құрылмақ

Жаңа металл зауыты ашылды: Саранда қосымша 115 жұмыс орны құрылмақ

18 Маусым, 2025 Қарағанды облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Премьер-министр Олжас Бектенов Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының өнеркәсіпті дамыту, терең өңдеуге баса назар аудара отырып, экономиканы әртараптандыру, энергетикалық инфрақұрылым мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. «Saran» индустриялық аймағының кәсіпорындары, «Qarmet» АҚ өндіріс нысандары, оның ішінде металлургия комбинаты мен «Саран» шахтасына барды. Энергетика, коммуналдық және ауыл шаруашылығы салаларындағы жобаларға назар аударылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Премьер-министр Қарағанды облысының Саран қаласында орналасқан «Saran» индустриялық аймағының дамуымен танысты. «Қазақстандық ыстық мырыштау зауыты» ЖШС мырышталған металл бұйымдарын өндіретін жаңа кәсіпорынның ашылуын мысалға ала отырып, қосылған құны жоғары өнім шығаруды арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар тексерілді. Зауыт мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігінің нәтижесінде іске қосылды. 115 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Сонымен қатар ірі өндіріс ошағы төңірегінде шағын және орта бизнес белдеуін дамытуға қосымша серпін берілмек.

Премьер-министр Саран қаласындағы шиналар шығаратын «Tengri Tyres» ЖШС зауытында болды. Кәсіпорын импортқа тәуелділікті азайтып, жергілікті өндірісті дамытуға бағытталған. Толық циклді зауытта халықаралық стандарттарға сай технологиялық барлық процесс іске қосылды. Биылғы қаңтар-наурыз айларында Attar брендімен жалпы құны 2,6 млрд теңге болатын 135,4 бірлік жеңіл және жүк көліктері дөңгелектері және қысқы шиналар шығарылды.«Tengri Tyres» ЖШС директоры Александр Уставщиков жыл соңына дейін құны 29,3 млрд теңге болатын 1,2 млн шина шығару жоспары туралы айтты. Қазіргі таңда зауытта 850 адам жұмыс істейді. Толық жобалық қуатына шығу жалпы 1 125 тұрақты жұмыс орнын ашуды қамтамасыз етеді.

Оқылып жатыр

Гаджеттердің орнына кітап: Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы бастау алды

Ауылға құйылған инвестиция: Қарағанды облысының Нұра ауданында жоғары сапалы қызыл кірпіш өндіріледі

«Жеті жылда жемісін берді»: Қарағанды облысында 500 домбырашы «Балбырауын» күйін шертті

Қарағандыда жаңа туған балаларға домбыра сыйға тартылды

Қарағанды облысында ауылдық денсаулық сақтау нысандарына 70 дәрігер тартылмақ

Балқаш өзгеруде: желілер мен жолдарды жөндеу ескі коммуналдық проблемаларды шешеді

Соңғы жазбалар

«Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті

31 Тамыз, 2025

«Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті

31 Тамыз, 2025

ШЫҰ саммиті: Тоқаев қатысушыларға арналған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысады

31 Тамыз, 2025

«Жанқош пен Клараны атып кетем»: елді әлекке салған Әнарудың әкесі ауыр қылмыс жасамақ болған

31 Тамыз, 2025

Жанжал жан қиюға жеткізді: Алматы облысында сұлу келіншек өлі күйінде табылды

31 Тамыз, 2025

«Кайрат» билеттерге қатысты қазақстандықтарға ресми үндеу жасады

31 Тамыз, 2025

Қытайлық БАҚ Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі туралы: сенім, символизм мен жаңа келісімдер

31 Тамыз, 2025

Түркістан – Ұлы Даланың Рухани Жүрегі

31 Тамыз, 2025

«Тыр жалаңаш ояндым, ұл балаларды іздейді»: Атырауда мұғалім мектеп директорының гей болып шыққанын мәлімдеді

31 Тамыз, 2025

«Жаңа Қазақстан дегендерің осы ма?»: Асанәлі Әшімовтің көлігі көпшіліктің наразылығын тудырды

31 Тамыз, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.