Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Екіқабат кезімде ішімнен тепкен»: сахнада ән айтып тұрғанда қайын атасы ұрып жыққан келіншектің өмірі белгілі болды

3 Қыркүйек, 2025

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

3 Қыркүйек, 2025

Алматыда LVAD орнату бойынша екінші рет ота жасалды

3 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Екіқабат кезімде ішімнен тепкен»: сахнада ән айтып тұрғанда қайын атасы ұрып жыққан келіншектің өмірі белгілі болды
  • Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді
  • Алматыда LVAD орнату бойынша екінші рет ота жасалды
  • «Шаңырақ құрғанын тойлатты»: Димаштың күйеу баласы көкпар беріп, елдің батасын алды
  • Шымкентте мәслихаттың бұрынғы депутатына іздеу жарияланды
  • Си Цзиньпин 12-рет ШЫҰ саммитіне төрағалық етіп, «үйлесім жолын» түсіндірді
  • Си Цзиньпиннің жаһандық басқару бастамасы: үш метафора арқылы түсіндіру
  • «Жемқорлыққа қатысы бар-жоғын тексеруге тиіспіз»: Бақытжан Базарбек Бас прокуратурадан Алматы іргесіндегі бағалы телімдерді түгендеуді талап етті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 4 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Төлеби ауданындағы сенбілікке әлем чемпионы Арман Оспанов қатысты

Төлеби ауданындағы сенбілікке әлем чемпионы Арман Оспанов қатысты

26 Маусым, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес іске асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Түркістан облысының барлық аудан-қалаларында кең ауқымды экологиялық іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Бүгінгі сенбілік Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданында ұйымдастырылды. Бұл жолғы тазалық акциясына тек мемлекеттік қызметкерлер мен жергілікті тұрғындар ғана емес, халықаралық деңгейде ел намысын қорғап жүрген спорт жұлдыздары да атсалысты. Атап айтқанда, шараға әскери самбодан үш дүркін әлем чемпионы, жауынгерлік самбодан әлем кубогының үш мәрте жеңімпазы, бразилиялық джиу-джитсудан екі дүркін Азия чемпионы, ережесіз жекпе-жектерден халықаралық турнирлердің жеңімпазы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Арман Оспанов арнайы келіп қатысты.

Тазалық жұмыстары Біркөлік демалыс аймағында өтті. Шараға Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов бастап барған 100-ден астам мемлекеттік қызметкер мен ерікті тұрғындар белсене араласты. Сенбілік аясында жалпы ұзындығы 12 шақырым болатын аумақ қоқыстан тазартылды. Қалдықтарды арнайы орынға жеткізу үшін 6 техника жұмылдырылды.

Іс-шара барысында демалыс аймағы мен өзен жағалауы, жол жиегі түгелдей тазартылып, экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Тұрғындарға қоршаған ортаны күтіп ұстаудың маңызы түсіндірілді.

Сенбілікте сөз алған аудан әкімі мен Арман Оспанов табиғат — баршаға ортақ байлық екенін атап өтіп, әрбір азаматты экологиялық мәдениетті арттыруға, туған жердің тазалығына бей-жай қарамауға шақырды.

Аталған шаралар Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстардың бір бөлігі болып табылады. Мұндай сенбіліктер алдағы уақытта да жалғасын табады.

Оқылып жатыр

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды

Түркістан облысындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес компанияларында 113 студент дуалды оқытудан өтеді

Түркістан облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды

Түркістан облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 16 мектеп пайдалануға беріледі

Түркістандағы спорт, мәдениет нысандарының жай-күйі сараланды

Түркістан облысында 100 мектеп жөндеуден өткізіліп жатыр

Соңғы жазбалар

«Екіқабат кезімде ішімнен тепкен»: сахнада ән айтып тұрғанда қайын атасы ұрып жыққан келіншектің өмірі белгілі болды

3 Қыркүйек, 2025

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

3 Қыркүйек, 2025

Алматыда LVAD орнату бойынша екінші рет ота жасалды

3 Қыркүйек, 2025

«Шаңырақ құрғанын тойлатты»: Димаштың күйеу баласы көкпар беріп, елдің батасын алды

3 Қыркүйек, 2025

Шымкентте мәслихаттың бұрынғы депутатына іздеу жарияланды

3 Қыркүйек, 2025

Си Цзиньпин 12-рет ШЫҰ саммитіне төрағалық етіп, «үйлесім жолын» түсіндірді

3 Қыркүйек, 2025

Си Цзиньпиннің жаһандық басқару бастамасы: үш метафора арқылы түсіндіру

3 Қыркүйек, 2025

«Жемқорлыққа қатысы бар-жоғын тексеруге тиіспіз»: Бақытжан Базарбек Бас прокуратурадан Алматы іргесіндегі бағалы телімдерді түгендеуді талап етті

3 Қыркүйек, 2025

«Ішіп келіп аяусыз ұрды»: Тойда бұрынғы қайын атасынан таяқ жеген әнші тағы да екі қонақтың зардап шеккенін айтты (ВИДЕО)

3 Қыркүйек, 2025

«Шешуші кезең»: Әскерде жарақат алған Ербаян емдеудің екінші кезеңінен өту үшін Ыстамбұлға кетті (ВИДЕО)

3 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.