Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Қазақ тілі – ғылым мен технология тілі»: Астанада республикалық конференция өтті

5 Қыркүйек, 2025

«Заңды некедегі әйелін «зорлап» сотталып кеткен ер адам істі қайта қарауды талап етті

5 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

5 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Қазақ тілі – ғылым мен технология тілі»: Астанада республикалық конференция өтті
  • «Заңды некедегі әйелін «зорлап» сотталып кеткен ер адам істі қайта қарауды талап етті
  • Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
  • Моңғолия – Азиядағы сенімді әрі маңызды серіктесіміз – Тоқаев
  • 4 автокөлік, 4 пәтер пен жеке үй: Перизат Қайраттың мүлкі аукционда сатылады
  • Астанада 10 автокөлік ойнатпақ болған блогерлерге қатысты сот басталды
  • Қазақстан әлемдік мұнай нарығындағы жетекші мемлекеттің бірі — Тоқаев
  • Жаңа заң күшіне енеді: Бұдан былай банк картасын басқа біреуге бергендер сотталады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 5 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Түркістанға келген қытайлық инвесторлар туристік жобаларға қызығушылық танытты

Түркістанға келген қытайлық инвесторлар туристік жобаларға қызығушылық танытты

26 Маусым, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысында халықаралық туристік серіктестікті нығайту және инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бұл жолы облыс басшылығы мен Қытай Халық Республикасының туризм саласындағы жетекші өкілдері өзара ынтымақтастықты дамыту жөнінде келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен Қытай делегациясы арасында өткен ресми кездесуде екі ел арасындағы туризм саласындағы өзара тиімді әріптестікті жолға қою мәселесі сөз болды. Кездесу барысында аймақ басшысы Beijing Zhongxing Huizhi International Culture & Tourism Development Co., Ltd. компаниясының басқарушы директоры Сюнь Шаньхуамен жүздесіп, екіжақты байланыстардың келешегі мен нақты бағыттарын талқылады.

Басқосу аясында тараптар Түркістан облысының туристік әлеуетін арттыру, шетелдік инвестиция есебінен жаңа жобаларды іске асыру және мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелерін талқылап, ортақ қызығушылық танытты. Қытайлық тарап өңірдің инфрақұрылымдық даму қарқыны мен тарихи-мәдени объектілерінің мүмкіндіктеріне жоғары баға берді.

Сапар барысында делегация Түркістан қаласындағы туристік кешендер мен мәдени нысандарды аралап, заманауи инфрақұрылыммен танысты. Қонақтар “Керуен-Сарай” туристік кешені, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және жаңадан бой көтеріп жатқан туристік аймақтарға ерекше қызығушылық танытып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниет білдірді.

Қазіргі таңда Түркістан облысы Қазақстанның жетекші туристік аймақтарының біріне айналып келеді. Ресми деректерге сәйкес, өңірге келетін туристер саны жыл сайын артып отыр. Соңғы уақытта тәуліктік келушілер саны 1 миллионға жуықтаған. Бұл көрсеткіштер облыста туризмнің экономикалық драйверге айналып келе жатқанын дәлелдейді.

Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап өзара ынтымақтастықты дамыту жөнінде келісімге келіп, алдағы уақытта нақты бірлескен жобалар бойынша жұмыс жүргізуге уағдаласты. Мұндай қадамдар Түркістан өңірінің халықаралық туристік картадағы рөлін одан әрі арттырып, жаңа инвестициялық мүмкіндіктерге жол ашады.

Оқылып жатыр

Биыл 116,2 мың тонна мақта жиналады: Жетісай, Шардара және Мақтааралдағы науқанға дайындық талқыланды

Бірлік пен келісім – басты құндылық: Сайрамда ҚХА-ның І сессиясы өтті

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды

Түркістан облысындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес компанияларында 113 студент дуалды оқытудан өтеді

Түркістан облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды

Түркістан облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 16 мектеп пайдалануға беріледі

Соңғы жазбалар

«Қазақ тілі – ғылым мен технология тілі»: Астанада республикалық конференция өтті

5 Қыркүйек, 2025

«Заңды некедегі әйелін «зорлап» сотталып кеткен ер адам істі қайта қарауды талап етті

5 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

5 Қыркүйек, 2025

Моңғолия – Азиядағы сенімді әрі маңызды серіктесіміз – Тоқаев

5 Қыркүйек, 2025

4 автокөлік, 4 пәтер пен жеке үй: Перизат Қайраттың мүлкі аукционда сатылады

5 Қыркүйек, 2025

Астанада 10 автокөлік ойнатпақ болған блогерлерге қатысты сот басталды

5 Қыркүйек, 2025

Қазақстан әлемдік мұнай нарығындағы жетекші мемлекеттің бірі — Тоқаев

5 Қыркүйек, 2025

Жаңа заң күшіне енеді: Бұдан былай банк картасын басқа біреуге бергендер сотталады

5 Қыркүйек, 2025

Конор Макгрегор Ирландия президенттігіне кандидатурасын ұсынды

5 Қыркүйек, 2025

Президент саябағындағы нысандар құрылысы қарқынды

5 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.