Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Түркістан облысында екі полицей тәркіленген есірткіні сатып жатқан жерінен ұсталды

17 Қазан, 2025

«Қара маскадағы» жігіт ауыр дертке шалдыққан бозбалаға пәтер мен еміне 80 млн теңге қаражат берді

17 Қазан, 2025

Футболдағы жемқорлық туралы «Offside» сериалы өшірілді: Қазақстандық продюсер қысым жасалып жатқанын айтты

17 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Түркістан облысында екі полицей тәркіленген есірткіні сатып жатқан жерінен ұсталды
  • «Қара маскадағы» жігіт ауыр дертке шалдыққан бозбалаға пәтер мен еміне 80 млн теңге қаражат берді
  • Футболдағы жемқорлық туралы «Offside» сериалы өшірілді: Қазақстандық продюсер қысым жасалып жатқанын айтты
  • Трамп пен Путин тағы кездеседі
  • Белгілі ақын, журналист Мұрат Тастағанов өмірден өтті
  • «Қайраттың» тәрбиеленушісі болған: 19 жастағы қазақстандық футболшы матч кезінде көз жұмды
  • «Туған анасы мен өгей әкесі мәжбүрлеп ұзатқан»: Қарағандыда 15 жасар қызды әйел қылып алған 37 жастағы ер адам сотталды
  • Қазақстанның бірнеше облысында қатты жел мен үсік, төтенше өрт қаупі күтіледі
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 17 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Мәдениет үйінің құрылысы 2 жылдан бері аяқталмаған: Берік Уәли Үржар ауданындағы өзекті мәселелерді бақылауына алды

29 Маусым, 2025 Абай облысы
Screenshot
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Абай облысының әкімі Берік Уәли жұмыс сапарымен Үржар ауданының шалғай ауылдарын аралап, тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Әкім Лайбұлақ, Жоғарғы Егінсу, Жанай, Барқытбел және Таскескен елді мекендерінің тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл – өңір басшысының ауданға соңғы төрт ай ішіндегі үшінші сапары.

Сапар аясында облыс әкімі Лайбұлақ ауылындағы жаңадан салынған медициналық пункттің жай-күйін көріп, нысанды тез арада іске қосу жөнінде жауаптыларға нақты тапсырма берді.

Жоғарғы Егінсу ауылында қазіргі таңда 100 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүріп жатыр. Алайда нысан екі жылдан бері аяқталмай келеді. Әкім бұл жұмыстардың мерзімінде аяқталуын тікелей өз бақылауына алатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, ауылда жаңа медициналық пункт бой көтерген. Тұрғындар мұнда соңғы 60 жылдан бері жаңа ғимарат салынбағанын айтты.

Жанай ауылында биыл бес көшеге асфальт төселіп, “Ұлттық сапа орталығы” мамандарымен бірге жол сапасы тексерілді. Жалпы, 2024 жылы Үржар ауданындағы төрт елді мекенде 18 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Сондай-ақ облыс әкімі ауыл тумасы Серікбол Омаровтың жеке қаражатына салынып жатқан спорттық модульге барды. Ауыл жастары үшін қолайлы жағдай жасап жатқан азаматтың бұл бастамасын әкім жоғары бағалап, көпшілікке үлгі етті.

Барқытбел ауылында Берік Уәли 2021 жылы басталған су құбыры желілерінің құрылысына тоқталды. Жоба әлі күнге дейін аяқталмаған. Әкім қажетті қаржы мәселесін қарастырып, оны облыстық бюджетке енгізетінін айтты. Таза ауыз су мәселесі ауыл тұрғындары үшін өзекті болып отыр.

Сонымен қатар, әкім Таскескен ауылында белгілі кәсіпкер, меценат Талғат Сақанның бастамасымен ұйымдастырылған “Ауыл – ел бесігі” фестивалінің ашылуына қатысты. Қазір меценаттың қолдауымен ауылда бірқатар әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Атап айтқанда, биыл екі көшеге асфальт төселіп, 100 орынға арналған балабақша құрылысы басталды.

Берік Уәлидің айтуынша, ауылдың дамуына үлес қосып жатқан азаматтардың бастамасы өзге кәсіпкерлерге үлгі болуға тиіс.

«Елге деген сүйіспеншілікті сөзбен емес, іспен дәлелдеген азаматтарды қолдау – біздің ортақ міндетіміз», – деді облыс басшысы.

Оқылып жатыр

Саржал ауылында жаңа спорт модулі салынып жатыр

Бесқарағай ауданында жүзу бассейнінің құрылысы қарқынды жүргізілуде

Бородулиха ауданының Михайличенково ауылында өрт сөндіру пункті ашылды

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында Шәріптоғайда заманауи емхана ашылды

Көкпекті аудандық ауруханасына күрделі жөндеу жүргізілді

Семей қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды

Соңғы жазбалар

Түркістан облысында екі полицей тәркіленген есірткіні сатып жатқан жерінен ұсталды

17 Қазан, 2025

«Қара маскадағы» жігіт ауыр дертке шалдыққан бозбалаға пәтер мен еміне 80 млн теңге қаражат берді

17 Қазан, 2025

Футболдағы жемқорлық туралы «Offside» сериалы өшірілді: Қазақстандық продюсер қысым жасалып жатқанын айтты

17 Қазан, 2025

Трамп пен Путин тағы кездеседі

17 Қазан, 2025

Белгілі ақын, журналист Мұрат Тастағанов өмірден өтті

17 Қазан, 2025

«Қайраттың» тәрбиеленушісі болған: 19 жастағы қазақстандық футболшы матч кезінде көз жұмды

17 Қазан, 2025

«Туған анасы мен өгей әкесі мәжбүрлеп ұзатқан»: Қарағандыда 15 жасар қызды әйел қылып алған 37 жастағы ер адам сотталды

17 Қазан, 2025

Қазақстанның бірнеше облысында қатты жел мен үсік, төтенше өрт қаупі күтіледі

17 Қазан, 2025

Бағалар, айыппұлдар, ипотека бойынша шұғыл шешімдер: Қазақстанда дағдарысқа қарсы шаралар жарияланды

17 Қазан, 2025

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.