Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады

9 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында Ұйғыр аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті

9 Қыркүйек, 2025

Хазірет ауылына көгілдір отын жетті

9 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады
  • Алматы облысында Ұйғыр аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
  • Хазірет ауылына көгілдір отын жетті
  • Байғанин ауданында халық игілігіне бағытталған жаңа жобалар қолға алынды
  • «Қыздарына көзім түсіп жүр»: Ерке Баянмен құда болғысы келетінін айтты
  • Саржал ауылында жаңа спорт модулі салынып жатыр
  • Тоқаев Ақордада ауыс-түйіс жүргізді
  • «Қазақстанға 1 млн ресейлік турист келген»: Алматы облысының демалыс орындарына Мәскеу билігі қызығушылық танытты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 9 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Түркістанда халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді

Түркістанда халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді

5 Маусым, 2025 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістан облысындағы «Балауса» жазғы лагерінде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан балалары» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Табиғаты әсем, балаларға барлық жағдай жасалған демалыс аймағында 10 бағыт бойынша іс-шаралар, сайыстар ұйымдастырылды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров балалармен жүздесіп, сайыстарын, көрмелерін, өнертабыстарын тамашалап, бірге асық ойнады. Балаларды төл мерекелерімен құттықтады.
Сонымен бірге өңір басшысы 10 ерекше баланы арнайы марапаттады. Одан бөлек мерекеге қатысушы 150 балаға облыс әкімінің сыйлықтары табысталды.
Балалардың мерекесінде экоойындар, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқыту сабақтары, шахмат, тоғызқұмалақ сайыстары, асық ату, садақ ату ойындары ұйымдастырылып, «Қолөнершілер» ауласы таныстырылды. Киіз үй тігіліп, балалар саз мектебінің фольклорлық ансамблі күй күмбірлетсе, балабақша шәкірттері Абайдың өлеңін жатқа оқып, тәнті етті.
Мереке концерттік бағдарламаға ұласып, әуелеген әндер шырқалып, би топтары, цирк шеберлері өнер көрсетті.
Балалардың қуанышына ортақтасқан Нұралхан Көшеров жауаптылармен бірге «Балауса» лагерін түгел аралап, жаңа маусымға дайындығын көрді. Жаңадан берілген модульді жатақханаларын көріп, спорт алаңында оқушыларға футбол доптарын табыстады. Келушілер «Түркістан – балалар көзімен» мольберттер ауласын тамашалап, балалардың өнеріне тәнті болды.
Айта кетейік, «Балауса» лагері 150 орындық болған, 7 ауысымда 1050 баланы қабылдап келген. Осы жылы 200 орындық модуль салу арқылы «Балауса» лагеріндегі орын саны 350-ге жетіп, 7 ауысымда 2450 бала қабылдауға мүмкіндік алып отыр. Осы бастама арқылы Түркістан қаласының 1450, Сауран ауданының 1000 баласын жазғы сауықтырумен қамтиды деп жоспарлануда.

Оқылып жатыр

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

Түркістанда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы аясында 500-ден астам бала қолдауға ие болды

«Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» практикумы өтті

Түркістанда қоғамдық көліктер жаңа автобустармен толықты

Соңғы жазбалар

Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады

9 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында Ұйғыр аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті

9 Қыркүйек, 2025

Хазірет ауылына көгілдір отын жетті

9 Қыркүйек, 2025

Байғанин ауданында халық игілігіне бағытталған жаңа жобалар қолға алынды

9 Қыркүйек, 2025

«Қыздарына көзім түсіп жүр»: Ерке Баянмен құда болғысы келетінін айтты

9 Қыркүйек, 2025

Саржал ауылында жаңа спорт модулі салынып жатыр

9 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Ақордада ауыс-түйіс жүргізді

9 Қыркүйек, 2025

«Қазақстанға 1 млн ресейлік турист келген»: Алматы облысының демалыс орындарына Мәскеу билігі қызығушылық танытты

9 Қыркүйек, 2025

«Еркектер отырып, қатын бата бергені несі?!»: Мақпал Жүнісова анасын сынаған оқырманына ұрысып берді (ВИДЕО)

9 Қыркүйек, 2025

Анасының бақыты: Жұлдыз Әбдікәрімова тұңғышын Англияға аттандырды

9 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.