Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Қырымбек Көшербаев, Гүлшара Әбдіхалықова»: Ескі Қазақстанның ардагер шенеуніктері тойға жиналды (ВИДЕО)

1 сентября, 2025

«Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті

31 Тамыз, 2025

«Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті

31 Тамыз, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Қырымбек Көшербаев, Гүлшара Әбдіхалықова»: Ескі Қазақстанның ардагер шенеуніктері тойға жиналды (ВИДЕО)
  • «Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті
  • «Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті
  • ШЫҰ саммиті: Тоқаев қатысушыларға арналған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысады
  • «Жанқош пен Клараны атып кетем»: елді әлекке салған Әнарудың әкесі ауыр қылмыс жасамақ болған
  • Жанжал жан қиюға жеткізді: Алматы облысында сұлу келіншек өлі күйінде табылды
  • «Кайрат» билеттерге қатысты қазақстандықтарға ресми үндеу жасады
  • Қытайлық БАҚ Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі туралы: сенім, символизм мен жаңа келісімдер
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 сентября
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Түркістан облысында газдандыру деңгейін арттырудың перспективалары талқыланды

Түркістан облысында газдандыру деңгейін арттырудың перспективалары талқыланды

29 Маусым, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысына ҚР Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек жұмыс сапарымен келіп, тауарлық газ бағасын қалыптастыру сұрағына байланысты өңір жұртшылығымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Кездесуде ҚР Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек тауарлық газ бағасының қалай қалыптасатыны жайында халықты құлақтандырды. Ол жиын барысында тауарлық газ бағасының өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлар туралы кеңінен түсініктеме берді.

— Құрметті жиынға қатысушылар! Жұртшылыққа, бизнес өкілдеріне, мәслихат депутаттарына және басқа да мүдделі органдарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Энергетика министрлігі, Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті, «QazaqGaz” ҰК» АҚ басшылығы және басқа да мүдделі органдардың қатысуымен жұмысшы топ құрылды. Бүгін осы жұмысшы топпен Түркістан өңіріне келіп отырмыз.

Газ бағасының өзгеріп тұруына бірнеше маңызды факторлар әсер етеді. Біріншіден, елімізде газдандыру қарқынды жүруде. Қазіргі таңда Қазақстан халқының 62%-ы көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Дегенмен, тауарлық газды тұтыну — оны өндіру көлемінен едәуір асып түсіп отыр. Бұл жағдай «QazaqGaz» ұлттық компаниясын газды өзіндік құнынан төмен бағамен сатуға мәжбүр етеді.

Қазіргі қолданыстағы бағалармен газды сатып алу, тасымалдау және республика аумағында тарату шығындарын толықтай жабу мүмкін болмай тұр. Газ бағасының тиімді деңгейін қалыптастыру — газ инфрақұрылымын дамыту мен модернизациялауға қаражат бөлуге мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде, жеткізілімнің тұрақтылығын арттырып, өңірлердің газдандыру процесін жеделдетуге жәрдемдеседі. Сонымен қатар геологиялық барлау, көмірсутектерді қайта өңдеу сияқты салаларға инвестициялар тартуға жағдай жасайды. Мұның бәрі газ саласының ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған, — деп атап өтті вице-министр.

Кездесу барысында жергілікті тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Тұрғындар көтерген мәселелердің арасында газ бағасын тұрақтандыру, газдандыруды одан әрі дамыту, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларды қолдау сұрақтары қарастырылды.

Сапар аясында вице-министр жергілікті кәсіпкерлермен және мәслихат депутаттарымен де кездесу өткізіп, газ саласын дамытудың перспективалары жайлы пікір алмасты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, мұндай кездесулердің басты мақсаты – қоғамның пікірін ескере отырып, ашықтық пен айқындылықты қамтамасыз ету.

Оқылып жатыр

Түркістан облысындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес компанияларында 113 студент дуалды оқытудан өтеді

Түркістан облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды

Түркістан облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 16 мектеп пайдалануға беріледі

Түркістандағы спорт, мәдениет нысандарының жай-күйі сараланды

Түркістан облысында 100 мектеп жөндеуден өткізіліп жатыр

92 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді

Соңғы жазбалар

«Қырымбек Көшербаев, Гүлшара Әбдіхалықова»: Ескі Қазақстанның ардагер шенеуніктері тойға жиналды (ВИДЕО)

1 сентября, 2025

«Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті

31 Тамыз, 2025

«Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті

31 Тамыз, 2025

ШЫҰ саммиті: Тоқаев қатысушыларға арналған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысады

31 Тамыз, 2025

«Жанқош пен Клараны атып кетем»: елді әлекке салған Әнарудың әкесі ауыр қылмыс жасамақ болған

31 Тамыз, 2025

Жанжал жан қиюға жеткізді: Алматы облысында сұлу келіншек өлі күйінде табылды

31 Тамыз, 2025

«Кайрат» билеттерге қатысты қазақстандықтарға ресми үндеу жасады

31 Тамыз, 2025

Қытайлық БАҚ Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі туралы: сенім, символизм мен жаңа келісімдер

31 Тамыз, 2025

Түркістан – Ұлы Даланың Рухани Жүрегі

31 Тамыз, 2025

«Тыр жалаңаш ояндым, ұл балаларды іздейді»: Атырауда мұғалім мектеп директорының гей болып шыққанын мәлімдеді

31 Тамыз, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.