Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Қазақ тілі – ғылым мен технология тілі»: Астанада республикалық конференция өтті

5 Қыркүйек, 2025

«Заңды некедегі әйелін «зорлап» сотталып кеткен ер адам істі қайта қарауды талап етті

5 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

5 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Қазақ тілі – ғылым мен технология тілі»: Астанада республикалық конференция өтті
  • «Заңды некедегі әйелін «зорлап» сотталып кеткен ер адам істі қайта қарауды талап етті
  • Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
  • Моңғолия – Азиядағы сенімді әрі маңызды серіктесіміз – Тоқаев
  • 4 автокөлік, 4 пәтер пен жеке үй: Перизат Қайраттың мүлкі аукционда сатылады
  • Астанада 10 автокөлік ойнатпақ болған блогерлерге қатысты сот басталды
  • Қазақстан әлемдік мұнай нарығындағы жетекші мемлекеттің бірі — Тоқаев
  • Жаңа заң күшіне енеді: Бұдан былай банк картасын басқа біреуге бергендер сотталады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 5 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Заң мен тәртіп – мемлекет кепілі» форумы: Түркістанда қауіпсіз қоғам құру жолдары талқыланды

«Заң мен тәртіп – мемлекет кепілі» форумы: Түркістанда қауіпсіз қоғам құру жолдары талқыланды

26 Маусым, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» «Заң мен тәртіп – мемлекет кепілі» атты форум өтті. Форумға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық прокуратура, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, полиция департаменті мен ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшылары, сондай-ақ жастар мен жергілікті тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Аймақ басшысы Нұралхан Көшеров қоғамда заң үстемдігін орнатуға үлес қосу баршаның ортақ міндеті екенін атап өтіп, қауіпсіз ортаны құру бағытындағы жұмыстарды бірлесе жүргізуге шақырды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру маңызды міндет екенін атап өтті. Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген қанатты сөзі бар. Мемлекеттің дамуы үшін мызғымас тәртіп пен отаншылдық қажет. Қоғам тұрақтылығы мен бейбіт өмірдің кепілі – бұл заңның үстемдігі мен тәртіптің сақталуы. Заң – бұл тек қана жазалау құралы емес. Ол қоғам өмірін реттейтін, әрбір азаматтың құқықтарын қорғауға бағытталған жүйе. Осыған орай, облысымызда «Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның кепілі» тақырыбында ауқымды іс-шаралар бастау алды. Бұл іс-шара бір күндік емес, тұрақты түрде іске асырылады. Қауіпсіз ортаны қалыптастыру мақсатында биыл құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 24,2 млрд.теңге қаралды. Аудан, қала әкімдері жергілікті полиция департаментімен бірлесіп, заң мен тәртіптің сақталуы бағытында кешенді шаралар қабылдауы қажет. Біз үшін адам өмірі – ең басты құндылық. Сондықтан, жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында жұмыстарды күшейту керек. Есірткінің заңсыз айналымына және нашақорлыққа қарсы профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде атқару қажет. Азаматтардың қаржылық сауаттылықтарын арттыру мақсатында жаңа бағытта оқыту жұмыстарын жүргізу керек. Облыста ішімдік сатудан бас тартқан 75 елді мекенде қылмыстар саны күрт төмендеген. Осы форумды пайдалана отырып, барлық елді мекендерді аталған акцияға қосылуға шақырамын! Заң мен тәртіп идиологиясын орнықтыру – ортақ жауапкершілік, – деді Нұралхан Оралбайұлы.

Облыс аумағында есірткінің заңсыз айналымына және нашақорлыққа қарсы профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Осы жылдың 5 айында 163 дерек анықталып, 199 келіге жуық есірткі заттары тәркіленді. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 336 дерек анықталған. Интернет арқылы синтетикалық есірткілердің таралуына жол бермеу бағытында 405 ақпараттық сайт анықталып, бұғатталды. Сондай-ақ, тұрғындардың қаржылық сауаттылығының төмендігі салдарынан осы жылдың 5 айында облыста алаяқтық қылмыстар 33 пайызға, интернет алаяқтық қылмыстар 102 пайызға өскен. Азаматтардың қаржылық сауаттылықтарын арттыру мақсатында оқыту және түсіндіру жұмыстары күшейтілетін болады. Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың мәселесі ерекше бақылауда. Бұл азаматтарға биыл 194 квота белгіленді. Жұмыспен қамту шаралары жалғасады.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен отбасылық зорлық-зомбылық жасағаны үшін жазаның ауыр түрі қабылданды. Нәтижесінде, қылмыс деңгейі 32 пайызға төмендеген. Президент тапсырмасына сәйкес, облыс аумағындағы барлық аудан, қалаларда «Отбасын қолдау орталықтары» ашылды. Орталықтар арқылы өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға қажетті көмек көрсетіледі.

Оқылып жатыр

Биыл 116,2 мың тонна мақта жиналады: Жетісай, Шардара және Мақтааралдағы науқанға дайындық талқыланды

Бірлік пен келісім – басты құндылық: Сайрамда ҚХА-ның І сессиясы өтті

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды

Түркістан облысындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес компанияларында 113 студент дуалды оқытудан өтеді

Түркістан облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды

Түркістан облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 16 мектеп пайдалануға беріледі

Соңғы жазбалар

«Қазақ тілі – ғылым мен технология тілі»: Астанада республикалық конференция өтті

5 Қыркүйек, 2025

«Заңды некедегі әйелін «зорлап» сотталып кеткен ер адам істі қайта қарауды талап етті

5 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

5 Қыркүйек, 2025

Моңғолия – Азиядағы сенімді әрі маңызды серіктесіміз – Тоқаев

5 Қыркүйек, 2025

4 автокөлік, 4 пәтер пен жеке үй: Перизат Қайраттың мүлкі аукционда сатылады

5 Қыркүйек, 2025

Астанада 10 автокөлік ойнатпақ болған блогерлерге қатысты сот басталды

5 Қыркүйек, 2025

Қазақстан әлемдік мұнай нарығындағы жетекші мемлекеттің бірі — Тоқаев

5 Қыркүйек, 2025

Жаңа заң күшіне енеді: Бұдан былай банк картасын басқа біреуге бергендер сотталады

5 Қыркүйек, 2025

Конор Макгрегор Ирландия президенттігіне кандидатурасын ұсынды

5 Қыркүйек, 2025

Президент саябағындағы нысандар құрылысы қарқынды

5 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.