Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Елдің болашағы жарқын болғай!»: депутат Ринат Зайыт Жолдауды тәпсірлеп, сөзін батамен аяқтады

9 Қыркүйек, 2025

«Мешітте азан шақырады»: Бас Имам әкесін cоққыға жыққан адамға қатысты мәлімдеме жасады

9 Қыркүйек, 2025

«Жолдау — 2025»: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні

9 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Елдің болашағы жарқын болғай!»: депутат Ринат Зайыт Жолдауды тәпсірлеп, сөзін батамен аяқтады
  • «Мешітте азан шақырады»: Бас Имам әкесін cоққыға жыққан адамға қатысты мәлімдеме жасады
  • «Жолдау — 2025»: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні
  • «Ракпен ауырған күйеуі де комада»: Ресей әскерін Қазақстанға жіберуді сұраған Симоньян ауыр дерт жұқтырды
  • «Рассрочка бар ма»: дұға сатумен айналысатын танымал блогер жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)
  • Қытай мен Қазақстан суретшілері Байшифэн тауында достық картинасын салды
  • Вашингтонның визалық талабы: АҚШ-қа барғысы келетін ресейліктер Астанаға ағылатын болды
  • Балқашта мектептерге жаппай теракт жасалмақ: Полиция мәлімдеме жасады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 9 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Түркістанда Роза Рымбаеваның мерекелік концерті өтті

Түркістанда Роза Рымбаеваның мерекелік концерті өтті

21 Маусым, 2025 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Киелі шаһар төрінде Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның «Түркістан» атты мерекелік концерті өтті. Бұл концерт Түркістан қаласының облыс орталығына айналып, Түркістан облысының құрылғанына 7 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев құттықтау сөз сөйлеп, құрмет көрсетті.
– Тарихи атауы тереңнен тамыр тартатын Түркістан облысы 2018 жылы дамудың жаңа белесіне көтерілді. Мыңжылдықтар тоғысындағы рухани шаһарға облыс орталығы мәртебесі беріліп, қаланың жаңа тынысы ашылды. Табиғи дарынымен қазақтың атын әлемге танытып, «Түркістан» атауын ән әлемінде қалықтатқан Роза Қуанышқызының айтулы күнді бізбен бірге қарсы алғаны – зор мәртебе. Өзіңіздей музыка тарихында есімі алтын әріптермен жазылған өнер майталмандарының жолын ұрпаққа үлгі ету – бізге артылған абыройлы міндет. Сізге облыс тұрғындарының атынан қазақ өнеріне сіңірген өлшеусіз үлесіңіз үшін шынайы алғыс білдіремін, – деді Ертай Кенжебекұлы.
«Керуен сарай» кешенінде өткен концертте алдымен Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әртістері мерекелік көңіл-күй сыйлады. Одан соң Роза Қуанышқызы «Түркістан», «Балдәурен», «Сол бір кездер», «Туған ел», «Домбыра туралы баллада», «Тойға шашу», «Ғажайып шексіздік» сынды жүрекке жылы әндерді орындап, көрермен ықыласына бөленді. Шәмші әндерін шырқады.
Концерт барысында сахна төріне Әли Оқапов пен Мади Рымбаев шығып, заманауи ырғақты және лирикалық әндермен кешті әрлей түсті. Әсіресе үш өнер иесінің «Ертеңіме сенемін» атты бірлескен орындауы кештің шарықтау шегі болды. Сондай-ақ «Бисұлтан», «Самғау», «Балауса» би ансамбльдерінің көркем хореографиясы сахналық қойылымдарға сән берді.

Оқылып жатыр

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

Түркістанда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы аясында 500-ден астам бала қолдауға ие болды

«Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» практикумы өтті

Түркістанда қоғамдық көліктер жаңа автобустармен толықты

Соңғы жазбалар

«Елдің болашағы жарқын болғай!»: депутат Ринат Зайыт Жолдауды тәпсірлеп, сөзін батамен аяқтады

9 Қыркүйек, 2025

«Мешітте азан шақырады»: Бас Имам әкесін cоққыға жыққан адамға қатысты мәлімдеме жасады

9 Қыркүйек, 2025

«Жолдау — 2025»: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні

9 Қыркүйек, 2025

«Ракпен ауырған күйеуі де комада»: Ресей әскерін Қазақстанға жіберуді сұраған Симоньян ауыр дерт жұқтырды

9 Қыркүйек, 2025

«Рассрочка бар ма»: дұға сатумен айналысатын танымал блогер жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

9 Қыркүйек, 2025

Қытай мен Қазақстан суретшілері Байшифэн тауында достық картинасын салды

9 Қыркүйек, 2025

Вашингтонның визалық талабы: АҚШ-қа барғысы келетін ресейліктер Астанаға ағылатын болды

9 Қыркүйек, 2025

Балқашта мектептерге жаппай теракт жасалмақ: Полиция мәлімдеме жасады

9 Қыркүйек, 2025

О баста халықтан сенат керек пе деп сұраған билік болған емес — Досай Кенжетай

8 Қыркүйек, 2025

«Мектепке кедергісіз кірді»: Танымал журналист хиджаппен сабаққа барған Айдана Меденованың қызын сынады

8 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.