Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Шығын 200 млн теңге: Алматыда Макс Корждың концертіне әкімдік рұқсат бермеді

4 Қыркүйек, 2025

Шығыс Қазақстанда танымал шенеуніктің ұлы жол апатынан қайтыс болды

4 Қыркүйек, 2025

«Екіқабат кезімде ішімнен тепкен»: сахнада ән айтып тұрғанда қайын атасы ұрып жыққан келіншектің өмірі белгілі болды

3 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шығын 200 млн теңге: Алматыда Макс Корждың концертіне әкімдік рұқсат бермеді
  • Шығыс Қазақстанда танымал шенеуніктің ұлы жол апатынан қайтыс болды
  • «Екіқабат кезімде ішімнен тепкен»: сахнада ән айтып тұрғанда қайын атасы ұрып жыққан келіншектің өмірі белгілі болды
  • Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді
  • Алматыда LVAD орнату бойынша екінші рет ота жасалды
  • «Шаңырақ құрғанын тойлатты»: Димаштың күйеу баласы көкпар беріп, елдің батасын алды
  • Шымкентте мәслихаттың бұрынғы депутатына іздеу жарияланды
  • Си Цзиньпин 12-рет ШЫҰ саммитіне төрағалық етіп, «үйлесім жолын» түсіндірді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 4 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Түркістанда Мемлекеттік қызметшілер күні кең ауқымда аталып өтті

Түркістанда Мемлекеттік қызметшілер күні кең ауқымда аталып өтті

25 Маусым, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан қаласында 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қызмет бабындағы жауапкершілігімен, адалдығымен ерекшеленетін мемлекеттік қызметшілердің еңбегі кеңінен насихатталды. Бұл – мемлекеттің тірегі саналатын мемлекеттік қызмет жүйесінің маңыздылығын дәріптеп, қоғамға қалтқысыз қызмет етіп жүрген азаматтарға көрсетілген құрметтің айқын көрінісі болды.

Мерекелік жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, жиналғандарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтады. Ол өз сөзінде мемлекеттік қызметтің қоғамдағы орны мен маңыздылығына тоқталып, азаматтардың әл-ауқатын арттыру мен өңірдің өркендеуіне үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметшілердің еңбегін ерекше атап өтті.

Салтанатты жиында ел дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар қызметкерлерге лайықты марапаттар табыс етілді. Атап айтқанда, бірқатар үздік мамандар «Мемлекеттік қызмет ардагері» және «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгілерімен марапатталды. Сонымен қатар, Түркістан облысы әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары тапсырылып, олардың адал еңбегі мен кәсіби біліктілігі жоғары бағаланды.

Іс-шараға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Абылайхан Наурызбаев та қатысып, марапат иелерін құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Олар мемлекеттік қызметті дамыту жолында еңбек етіп жүрген мамандардың қоғамдағы жауапты рөлін атап өтіп, адалдық пен кәсібилікті басты ұстаным етуге шақырды.

Мерекелік кеш Түркістан облысының өнер ұжымдары дайындаған мазмұнды концерттік бағдарламамен жалғасты. Көрермендерге әншілердің орындауындағы патриоттық әндер, бишілердің ұлттық нақыштағы би қойылымдары мен күйшілердің шеберлігі ерекше көңіл-күй сыйлады. Бұл кеш – рухани астанада мемлекеттік қызметшілерге арналған мәдени-рухани серпіліс сыйлаған тағылымды басқосу болды.

Оқылып жатыр

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

Түркістан облысындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес компанияларында 113 студент дуалды оқытудан өтеді

Түркістан облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды

Түркістанда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

Соңғы жазбалар

Шығын 200 млн теңге: Алматыда Макс Корждың концертіне әкімдік рұқсат бермеді

4 Қыркүйек, 2025

Шығыс Қазақстанда танымал шенеуніктің ұлы жол апатынан қайтыс болды

4 Қыркүйек, 2025

«Екіқабат кезімде ішімнен тепкен»: сахнада ән айтып тұрғанда қайын атасы ұрып жыққан келіншектің өмірі белгілі болды

3 Қыркүйек, 2025

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

3 Қыркүйек, 2025

Алматыда LVAD орнату бойынша екінші рет ота жасалды

3 Қыркүйек, 2025

«Шаңырақ құрғанын тойлатты»: Димаштың күйеу баласы көкпар беріп, елдің батасын алды

3 Қыркүйек, 2025

Шымкентте мәслихаттың бұрынғы депутатына іздеу жарияланды

3 Қыркүйек, 2025

Си Цзиньпин 12-рет ШЫҰ саммитіне төрағалық етіп, «үйлесім жолын» түсіндірді

3 Қыркүйек, 2025

Си Цзиньпиннің жаһандық басқару бастамасы: үш метафора арқылы түсіндіру

3 Қыркүйек, 2025

«Жемқорлыққа қатысы бар-жоғын тексеруге тиіспіз»: Бақытжан Базарбек Бас прокуратурадан Алматы іргесіндегі бағалы телімдерді түгендеуді талап етті

3 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.