Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Екіқабат кезімде ішімнен тепкен»: сахнада ән айтып тұрғанда қайын атасы ұрып жыққан келіншектің өмірі белгілі болды

3 Қыркүйек, 2025

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

3 Қыркүйек, 2025

Алматыда LVAD орнату бойынша екінші рет ота жасалды

3 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Екіқабат кезімде ішімнен тепкен»: сахнада ән айтып тұрғанда қайын атасы ұрып жыққан келіншектің өмірі белгілі болды
  • Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді
  • Алматыда LVAD орнату бойынша екінші рет ота жасалды
  • «Шаңырақ құрғанын тойлатты»: Димаштың күйеу баласы көкпар беріп, елдің батасын алды
  • Шымкентте мәслихаттың бұрынғы депутатына іздеу жарияланды
  • Си Цзиньпин 12-рет ШЫҰ саммитіне төрағалық етіп, «үйлесім жолын» түсіндірді
  • Си Цзиньпиннің жаһандық басқару бастамасы: үш метафора арқылы түсіндіру
  • «Жемқорлыққа қатысы бар-жоғын тексеруге тиіспіз»: Бақытжан Базарбек Бас прокуратурадан Алматы іргесіндегі бағалы телімдерді түгендеуді талап етті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 4 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Түркістанда «Заң мен тәртіп – мемлекет кепілі» форумы өтті

Түркістанда «Заң мен тәртіп – мемлекет кепілі» форумы өтті

27 Маусым, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» қоғамдық тұрақтылық пен заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды жиын – «Заң мен тәртіп – мемлекет кепілі» атты форум өтті. Ауқымды шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық прокуратура өкілдері, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, облыстық полиция департаменті мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшылары, сондай-ақ жастар ұйымдарының мүшелері, құқық қорғау саласының ардагерлері және жергілікті тұрғындар қатысты.

Форумның басты мақсаты – құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелерін кеңінен талқылау болды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өз сөзінде құқықтық тәртіпті сақтау – тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті. Ол қауіпсіз қоғам қалыптастыруда әрбір азаматтың белсенді атсалысуы маңызды екенін айтып, бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде әрі ынтымақтаса жүргізуге шақырды.

Форум барысында облыс аумағында жүзеге асып жатқан заңдылық пен тәртіпке қатысты нақты деректер келтірілді. Мәселен, есірткіге қарсы күрес мақсатында тұрақты профилактикалық шаралар қолға алынған. 2025 жылдың алғашқы бес айында 163 заңсыз есірткі айналымы бойынша дерек тіркеліп, жалпы салмағы 199 келіге жуық есірткі заттары тәркіленді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біршама төмендеген. 2024 жылы осы кезеңде 336 дерек анықталған болатын. Бұл – жүргізілген кешенді алдын алу шараларының оң нәтижесі екенін білдіреді.

Сондай-ақ, интернет арқылы синтетикалық есірткілерді тарату фактілеріне ерекше назар аударылып отыр. Бүгінде осындай мақсатта жұмыс істеген 405 сайт пен ақпараттық ресурс анықталып, бұғаттау шаралары жүргізілді. Бұл бағытта киберқылмыстармен күрес күшейтілуде.

Форумда қаржылық алаяқтық мәселесі де қозғалды. Түркістан облысында тұрғындардың қаржылық сауаттылығының төмендігін пайдаланып жасалатын алаяқтық қылмыстар саны артқан. 2025 жылдың алғашқы 5 айында алаяқтық қылмыстар 33 пайызға, ал интернет алаяқтық – 102 пайызға өсіп отыр. Бұл деректердің өзі тұрғындар арасында құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыру қажеттілігін көрсетеді. Осыған байланысты түсіндіру, алдын алу және оқыту шаралары күшейтілетіні атап өтілді.

Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың қоғамға бейімделуі де күн тәртібінде болды. Биылғы жылы мұндай азаматтарға 194 квота бөлініп, оларды жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау көрсету бағытындағы шаралар жалғастырылып келеді. Бұл – олардың қайта қылмысқа баруына жол бермеу және қоғамға бейбіт түрде бейімделуіне жағдай жасау үшін маңызды қадам.

Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына сәйкес, отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес те күшейтілді. Қазір бұл әрекет үшін жазаның ауыр түрі заңнамалық тұрғыда бекітілді. Соның нәтижесінде, аталған санаттағы қылмыс деңгейі 32 пайызға төмендеген. Қоғамдық және мемлекеттік қолдау тетіктері аясында облыс көлеміндегі барлық қала, аудандарда «Отбасын қолдау орталықтары» ашылып, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға жан-жақты көмек көрсетіліп келеді. Бұл орталықтар – психологиялық, құқықтық, әлеуметтік қызметтерді бір арнаға тоғыстырған, отбасылық құндылықтарды сақтауға бағытталған маңызды құрылым ретінде жұмыс істеуде.

Форум барысында тұрғындар өздерін мазалаған мәселелерді көтеріп, сала мамандарынан тікелей жауап алды. Ашық пікір алмасу түрінде өткен жиын, құқықтық мәдениетті қалыптастыруда маңызды алаңға айналды.

Оқылып жатыр

Жаңа оқу жылында Түркістан облысында 10 мектеп ашылды

Түркістан облысындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес компанияларында 113 студент дуалды оқытудан өтеді

Түркістан облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында ынтымақтастық меморандумы жасалды

Түркістан облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 16 мектеп пайдалануға беріледі

Түркістандағы спорт, мәдениет нысандарының жай-күйі сараланды

Түркістан облысында 100 мектеп жөндеуден өткізіліп жатыр

Соңғы жазбалар

«Екіқабат кезімде ішімнен тепкен»: сахнада ән айтып тұрғанда қайын атасы ұрып жыққан келіншектің өмірі белгілі болды

3 Қыркүйек, 2025

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

3 Қыркүйек, 2025

Алматыда LVAD орнату бойынша екінші рет ота жасалды

3 Қыркүйек, 2025

«Шаңырақ құрғанын тойлатты»: Димаштың күйеу баласы көкпар беріп, елдің батасын алды

3 Қыркүйек, 2025

Шымкентте мәслихаттың бұрынғы депутатына іздеу жарияланды

3 Қыркүйек, 2025

Си Цзиньпин 12-рет ШЫҰ саммитіне төрағалық етіп, «үйлесім жолын» түсіндірді

3 Қыркүйек, 2025

Си Цзиньпиннің жаһандық басқару бастамасы: үш метафора арқылы түсіндіру

3 Қыркүйек, 2025

«Жемқорлыққа қатысы бар-жоғын тексеруге тиіспіз»: Бақытжан Базарбек Бас прокуратурадан Алматы іргесіндегі бағалы телімдерді түгендеуді талап етті

3 Қыркүйек, 2025

«Ішіп келіп аяусыз ұрды»: Тойда бұрынғы қайын атасынан таяқ жеген әнші тағы да екі қонақтың зардап шеккенін айтты (ВИДЕО)

3 Қыркүйек, 2025

«Шешуші кезең»: Әскерде жарақат алған Ербаян емдеудің екінші кезеңінен өту үшін Ыстамбұлға кетті (ВИДЕО)

3 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.