Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Түркістан облысында екі полицей тәркіленген есірткіні сатып жатқан жерінен ұсталды

17 Қазан, 2025

«Қара маскадағы» жігіт ауыр дертке шалдыққан бозбалаға пәтер мен еміне 80 млн теңге қаражат берді

17 Қазан, 2025

Футболдағы жемқорлық туралы «Offside» сериалы өшірілді: Қазақстандық продюсер қысым жасалып жатқанын айтты

17 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Түркістан облысында екі полицей тәркіленген есірткіні сатып жатқан жерінен ұсталды
  • «Қара маскадағы» жігіт ауыр дертке шалдыққан бозбалаға пәтер мен еміне 80 млн теңге қаражат берді
  • Футболдағы жемқорлық туралы «Offside» сериалы өшірілді: Қазақстандық продюсер қысым жасалып жатқанын айтты
  • Трамп пен Путин тағы кездеседі
  • Белгілі ақын, журналист Мұрат Тастағанов өмірден өтті
  • «Қайраттың» тәрбиеленушісі болған: 19 жастағы қазақстандық футболшы матч кезінде көз жұмды
  • «Туған анасы мен өгей әкесі мәжбүрлеп ұзатқан»: Қарағандыда 15 жасар қызды әйел қылып алған 37 жастағы ер адам сотталды
  • Қазақстанның бірнеше облысында қатты жел мен үсік, төтенше өрт қаупі күтіледі
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 17 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Дрон, камера және айыппұл тұрағы: Алакөлдегі қоғамдық тәртіп күшейді

4 Шілде, 2025 Жетісу облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Судағы және өрт қауіпсіздігін, сол сияқты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін биылғы шомылу маусымында Алакөл жағалауына Төтенше жағдайлар департаменті құтқару бөлімшелерінің құтқарушылары, Көліктік бақылау инспекциясының мамандары, Полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылған. Қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қадағалауда дрондардың және бейнекамералардың мүмкіндігі кеңінен пайдаланылады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тыйым салынған жерлерде су көліктерінің бақылаусыз қозғалысы мәселесін реттеу мақсатында Жетісу облысында Суды ортақ пайдалану ережесі бекітілген болатын. Ережелердің сақталуын көліктік бақылау инспекциясы жүргізеді, бұл ретте инспекторлар саны ұлғайтылды, 3 су көлік тұрағы және құқық бұзушыларға арналған арнайы 1 айыппұл тұрағы қарастырылған.

— Облыс әкімдігімен бірлесіп қабылдаған және жергілікті мәслихатпен бекітілген Суды пайдалану ережесінде суда жүзу құралдарын пайдалану талаптары нақты көрсетілген. Бұл талаптардың сақталуын бақылайтын инспекторлар саны жазғы шомылу маусымында арттырылды. Көлік министрлігінің қолдауымен 4-7 шілде аралығында Алматы қаласынан Ақши жағалауында қызмет етуге қосымша қызметкерлер келеді. Маусым басталғалы суда жүзу көліктері тарапынан 23 құқық бұзушылық тіркеліп, әкімшілік айыппұл салынды. 12 шағын өлшемді кеме айыппұл тұрағына қойылды. Басты мақсатымыз – жазалау емес, демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ережелердің сақталуын қамтамасыз ету, — дейді Жетісу облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Дастан Жұмақұлов.

Биылғы 5 маусымнан бастап Алакөл ауданы Ақши және Көктұма ауылдарындағы көл жағалауларында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Бұдан бөлек жол патрулінде арнайы автоэкипаждар қызмет етеді.

— Осы жылдың 15 шілдесіне дейін облыс әкімдігі тарапынан тірек пунктіне қосылған 44 камера Ақши ауылына, 9 камера Көктұма ауылына орнатылады деп жоспарланған. Сонымен бірге жағалауда дрондық патрульдеу жүргізіледі. Дрон арқылы анықталған құқық бұзушылықтар дереу учаскелік инспекторға беріліп, әкімшілік шара қолданылады. Мәселен, осы жылы жол ережесін бұзуды қоспағанда, 28 адамға қоғамдық орында ішімдік ішу, заңсыз сауда-саттық, тазалыққа нұсан келтіру фактілері бойынша шара қолданылған. Дегенмен өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тәртіп бұзушылық азайғаны байқалды. Оған заманауи құрылғыларды тиімді пайдалану өзінің оң әсерін тигізіп отыр, — дейді  Жетісу облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жасұлан Байкенов.

Осы ретте Полиция қызметінде осындай 4 дрон болса, Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел құтқару тобында демалушылардың қауіпсіздігін қадағалайтын 2 дрон қолданыста. Аталмыш ұшу құрылғысы қауіптілік белгісіне жақын жерде немесе қауіпті жерлерде шомылып жүрген демалушыларды анықтап, оларға дрон арқылы ескертіліп, қауіптің алды алынады. Ұшу құрылғысының бұдан басқа да профилактикалық шараларға тигізер көмегі зор. Жалпы құтқару бөлімшесінің қызметкерлері суға шомылуға қауіпті жерлерде белгілер орнатып, күн сайын демалушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, жадынамалар таратады.

Сол сияқты Ақши ауылында дәрігерлік амбулатория, дәріхана және тәулік бойы Жедел жәрдем жұмыс істейді. Облыс орталығынан хирургтар, кардиологтар, травматологтар және басқа да мамандар белгіленген кестеге сәйкес іссапарға жіберіледі.

Сондай-ақ жағалаудың санитарлық инфрақұрылымын жақсарту үшін бірқатар шаралар қабылданды. Бүгінге дейін 22 санитарлық-гигиеналық торап қойылған. Жалпы саны 180 қоқыс контейнері орнатылды.

Фото: Жұмабай Мұсабеков

Оқылып жатыр

Ақсу қант зауыты тәулігіне 3 мың тоннаға дейін өнім қабылдайды

Жетісу облысында Конституция күніне орай жаңа зауыт іске қосылды

Жетісуда ауыл тұрғындарының өтініштері кезең-кезеңімен орындалып жатыр

«Тоқаевтың атын жамылған алаяқ»: мәслихат депутаты жетісулық кәсіпкерді 130 млн теңгеге алдаған (ВИДЕО)

Биыл Жетісу облысында 41 мыңнан астам оқушының мектепке жиналуына көмек көрсетіледі

Президент Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады

Соңғы жазбалар

Түркістан облысында екі полицей тәркіленген есірткіні сатып жатқан жерінен ұсталды

17 Қазан, 2025

«Қара маскадағы» жігіт ауыр дертке шалдыққан бозбалаға пәтер мен еміне 80 млн теңге қаражат берді

17 Қазан, 2025

Футболдағы жемқорлық туралы «Offside» сериалы өшірілді: Қазақстандық продюсер қысым жасалып жатқанын айтты

17 Қазан, 2025

Трамп пен Путин тағы кездеседі

17 Қазан, 2025

Белгілі ақын, журналист Мұрат Тастағанов өмірден өтті

17 Қазан, 2025

«Қайраттың» тәрбиеленушісі болған: 19 жастағы қазақстандық футболшы матч кезінде көз жұмды

17 Қазан, 2025

«Туған анасы мен өгей әкесі мәжбүрлеп ұзатқан»: Қарағандыда 15 жасар қызды әйел қылып алған 37 жастағы ер адам сотталды

17 Қазан, 2025

Қазақстанның бірнеше облысында қатты жел мен үсік, төтенше өрт қаупі күтіледі

17 Қазан, 2025

Бағалар, айыппұлдар, ипотека бойынша шұғыл шешімдер: Қазақстанда дағдарысқа қарсы шаралар жарияланды

17 Қазан, 2025

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.