Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Түркістан облысында екі полицей тәркіленген есірткіні сатып жатқан жерінен ұсталды

17 Қазан, 2025

«Қара маскадағы» жігіт ауыр дертке шалдыққан бозбалаға пәтер мен еміне 80 млн теңге қаражат берді

17 Қазан, 2025

Футболдағы жемқорлық туралы «Offside» сериалы өшірілді: Қазақстандық продюсер қысым жасалып жатқанын айтты

17 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Түркістан облысында екі полицей тәркіленген есірткіні сатып жатқан жерінен ұсталды
  • «Қара маскадағы» жігіт ауыр дертке шалдыққан бозбалаға пәтер мен еміне 80 млн теңге қаражат берді
  • Футболдағы жемқорлық туралы «Offside» сериалы өшірілді: Қазақстандық продюсер қысым жасалып жатқанын айтты
  • Трамп пен Путин тағы кездеседі
  • Белгілі ақын, журналист Мұрат Тастағанов өмірден өтті
  • «Қайраттың» тәрбиеленушісі болған: 19 жастағы қазақстандық футболшы матч кезінде көз жұмды
  • «Туған анасы мен өгей әкесі мәжбүрлеп ұзатқан»: Қарағандыда 15 жасар қызды әйел қылып алған 37 жастағы ер адам сотталды
  • Қазақстанның бірнеше облысында қатты жел мен үсік, төтенше өрт қаупі күтіледі
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 17 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Маңғыстау облысы Семей қаласына Достық үйін салып береді

4 Шілде, 2025 Абай облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли өңірге Маңғыстау облысынан арнайы келген делегация мүшелерімен кездесті. Кездесуге Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов, облыс әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, қоғамдық кеңес төрағасы Бекмұрат Жүсіпов және мемлекеттік қызмет ардагері Даржок Сейбағытов қатысты.
«Облысымызда Абайдың 180 жылдығына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен «Абайға құрмет» акциясы басталған болатын. Акция аясында еліміздің әр өңірі Абай облысына бір нысаннан тарту етеді. Маңғыстау облысы игі бастамаға алғаш болып қолдау білдіріп, Семей қаласына Достық үйін салып беруді жоспарлап отыр. Әкімдікте өткен кездесуде Маңғыстау халқына, облыстың әкімі Нұрдәулет Игілікұлына өңір тұрғындары атынан шынайы алғысымды жеткіздім» деді облыс әкімі.
Кездесуде облыс әкімі Маңғыстау облысының игі бастамаға алғаш болып қолдау танытқаны үшін алғысын жеткізді.
Облыс әкімі «Абайға құрмет» акциясын еліміздің барлық өңірлері қызу қолдап жатқанын, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Жетісу, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Ақмола облыстары мен Шымкент, Алматы, Астана қалалары тиісті жұмыстарды бастап кеткенін айтты.
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов мұнайлы өлке жұртының сәлемін жеткізді.
«Көршісі шаруа бастап жатса, қасынан құр өтіп кетпейтін қазақпыз ғой. Әр облыстың тарту жасауы өте дұрыс қабылданған шешім деп есептейміз. Өйткені бұл нысандар халықтың игілігіне жұмыс істейтін болады. Игі бастамаларыңызға сәттілік тілейміз» деді ол.
Кездесуден кейін маңғыстаулық делегация 75 мың тұрғынға арналған «Semey Smart City» шағын ауданы салынатын құрылыс алаңына барды. Облыс әкімі қонақтарға жаңа ықшам ауданның жобасын таныстырды.
«Бұл жаңа ықшам ауданды 17 мамырда облыстың алдағы даму жоспарын жариялағанда таныстырғанбыз. Маңайы қарағайлы орман, таза ауа, Ертіс өзенінен 44 метр биіктікте орналасқан. Жаңа ықшам аудан Семей қаласының жаңа келбеті болатыны анық. «Абайға құрмет» акциясы аясындағы ғимараттар негізінен осы ауданда салынады. Қазіргі таңда дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Киелі Маңғыстау жерінен, Бекет ата елінен келген азаматтардың бірінші болып келіп, құрылыс алаңын көріп жатқанын жақсылыққа жорып тұрмыз» деді аймақ басшысы.
Мың гектардан астам аумақты қамтитын ықшам ауданда тұрғын үй кешендері, 40-тан астам әкімшілік, коммерциялық және әлеуметтік нысандар, саябақтар бой көтереді. Жоба аясында болашақта жастар сарайы, Жекпе жек сарайы, ғалымдар үйі, медиа орталық, көрме орталығы, Достық үйі, Инвесторлар орталығы, музыкалық мектеп, филармония, этносаябақ, стадион, колледж, музей, балабақшалар, қонақүйлер мен сауда кешендерін салу жоспарланып отыр.

Оқылып жатыр

Саржал ауылында жаңа спорт модулі салынып жатыр

Бесқарағай ауданында жүзу бассейнінің құрылысы қарқынды жүргізілуде

Бородулиха ауданының Михайличенково ауылында өрт сөндіру пункті ашылды

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында Шәріптоғайда заманауи емхана ашылды

Көкпекті аудандық ауруханасына күрделі жөндеу жүргізілді

Семей қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды

Соңғы жазбалар

Түркістан облысында екі полицей тәркіленген есірткіні сатып жатқан жерінен ұсталды

17 Қазан, 2025

«Қара маскадағы» жігіт ауыр дертке шалдыққан бозбалаға пәтер мен еміне 80 млн теңге қаражат берді

17 Қазан, 2025

Футболдағы жемқорлық туралы «Offside» сериалы өшірілді: Қазақстандық продюсер қысым жасалып жатқанын айтты

17 Қазан, 2025

Трамп пен Путин тағы кездеседі

17 Қазан, 2025

Белгілі ақын, журналист Мұрат Тастағанов өмірден өтті

17 Қазан, 2025

«Қайраттың» тәрбиеленушісі болған: 19 жастағы қазақстандық футболшы матч кезінде көз жұмды

17 Қазан, 2025

«Туған анасы мен өгей әкесі мәжбүрлеп ұзатқан»: Қарағандыда 15 жасар қызды әйел қылып алған 37 жастағы ер адам сотталды

17 Қазан, 2025

Қазақстанның бірнеше облысында қатты жел мен үсік, төтенше өрт қаупі күтіледі

17 Қазан, 2025

Бағалар, айыппұлдар, ипотека бойынша шұғыл шешімдер: Қазақстанда дағдарысқа қарсы шаралар жарияланды

17 Қазан, 2025

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.