Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Көлік қарсы жолаққа шығып кеткен»: бір түнде жол апатынан 10 адам қаза тапты

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Көлік қарсы жолаққа шығып кеткен»: бір түнде жол апатынан 10 адам қаза тапты
  • «Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді
  • Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды
  • Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні
  • Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты
  • Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды
  • Ұлттық мұраға сапар: Зейнолла Сәнік ізімен
  • Бокстан әлем чемпионатының финалында 8 қазақстандық алтынға таласады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 14 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Қарағанды облысында ауылдық денсаулық сақтау нысандарына 70 дәрігер тартылмақ

Қарағанды облысында ауылдық денсаулық сақтау нысандарына 70 дәрігер тартылмақ

4 Шілде, 2025 Қарағанды облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қарағанды облысында Мемлекет басшысының ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі тапсырмасы жүйелі түрде орындалуда. Өңірде ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында 92 жаңа медициналық нысанның құрылысы жалғасып жатыр. Олардың қатарында дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер мен медициналық пункттер бар, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Облыс әкімінің айтуынша, аталған жобалар аясында медициналық инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылып отыр. 92 нысанның 51-і мемлекет меншігіне қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылып отыр. Бұл қаражат арнайы мемлекеттік қорға түсіп, әлеуметтік маңызы бар жобаларға бағытталған.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ауылдық жерлердегі медицинаға басымдық беріп отырмыз. Біз тек құрылыс мәселесіне емес, сонымен қатар кадрлық әлеуетті күшейту жұмысына да назар аударамыз», – деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Оның айтуынша, ауылдық елді мекендердегі медициналық нысандарға маман тарту мақсатында дәрігерлерге берілетін көтерме төлем көлемі айтарлықтай ұлғайтылған. Егер бұған дейін бұл сома 1-2 миллион теңге көлемінде болса, бүгінде 8,5 миллион теңгеге дейін жеткен.

«Онда кім жұмыс істейді деген сұрақтар жиі қойылады. Біз бұл бағытта нақты қадамдар жасадық. Былтыр 62 дәрігер ауылдарға жұмысқа орналасты. Биыл тағы 70 маманды қабылдауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, көтерме төлем тек ауылдық жерлерге ғана емес, қалаларға да беріледі», – деп нақтылады өңір басшысы.

Әкімнің сөзінше, тек қана медициналық пункттер салумен шектелмей, оларды қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтау да қарастырылған. Жаңа нысандар заманауи медициналық техникамен қамтамасыз етіліп, санитарлық талаптарға толық сай келетін болады.

Сонымен қатар, өңірде медициналық білім алған жас мамандарды ауылдық жерлерге жолдау мақсатында оқу орындарымен бірлескен бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Жоғары оқу орындарымен және медициналық колледждермен меморандумдар жасалып, түлектердің жұмысқа орналасуына кепілдік беріледі.

Айта кетейік, ауылдық жерлердегі алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қолжетімділікті арттыру – денсаулық сақтау жүйесінің стратегиялық міндеттерінің бірі. Қарағанды облысында қолға алынған бұл шаралар ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға, медициналық қызмет сапасын көтеруге және жалпы өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Оқылып жатыр

400 оқушы қатысты — Саранда алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі өтті

Кітап оқып, миллион ұтып ал! 

120 инвестициялық жоба: Қарағанды облысы өнеркәсіптік әлеуетін арттыруда

Қарағанды облысы транзиттік әлеуетін қалай арттыруда

«Таза Қазақстан»: Абай ауданында жүзден астам оқушыны экоквест біріктірді

Қарағандыда қызық байқау басталды: «Бөгенбай батыр» жырын жатқа айтқан мұғалімге – көлік, оқушыға – 1 млн теңге

Соңғы жазбалар

«Көлік қарсы жолаққа шығып кеткен»: бір түнде жол апатынан 10 адам қаза тапты

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

14 Қыркүйек, 2025

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

14 Қыркүйек, 2025

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025

Ұлттық мұраға сапар: Зейнолла Сәнік ізімен

14 Қыркүйек, 2025

Бокстан әлем чемпионатының финалында 8 қазақстандық алтынға таласады

14 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы елді «Отбасы күнімен» құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

«Болат Назарбаевтың бандалық тобы»: Қоспаевтың тағы бір қылмыстық ісі әшкереленді

13 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.