Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Әуезов ауданында 800-ден астам шам орнатылды

6 Қараша, 2025

Атырау облысында 43 ауылға талшықты интернет тартылады

6 Қараша, 2025

Алматы облысы Беларусь Республикасымен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда

6 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Әуезов ауданында 800-ден астам шам орнатылды
  • Атырау облысында 43 ауылға талшықты интернет тартылады
  • Алматы облысы Беларусь Республикасымен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда
  • Абай университеті – әлемдік QS рейтингінде «Бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды
  • Мәжіліс депутаты тағы бір журналисті «жала жапты» деп айыптады
  • Ірі қытай компаниясы Алматыдағы құрылыс жобаларына қызығушылық танытты
  • «Qarmet» АҚ Ұлытау облысына 700 миллион теңге бөледі
  • «Ерлерге болады да, әйелдерге болмай ма?»: Баян Алагөзова көпкүйеулікті заңдастыруды ұсынды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 6 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » «Түрмедегі туған күн»: бриллиантқа малынып, бренд бұйымдарымен аты шыққан Перизат Қайрат 34 жасқа толды

«Түрмедегі туған күн»: бриллиантқа малынып, бренд бұйымдарымен аты шыққан Перизат Қайрат 34 жасқа толды

6 Шілде, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

3,5 млрд теңгені жымқырды деген айып тағылған танымал қоғамдық белсенді әрі кәсіпкер болған Перизат Қайрат 34-ші туған күнін қамауда отырып қарсы алды, деп хабарлайды Todayinfo.

Ол былтыр қыркүйекте Англиядағы Кембридж университетіне магистратураға түскенін жариялаған соң көп өтпей ұсталған.

Прокуратура Перизат Қайраттың азаматтар мен ұйымдардан мүгедек балаларға, сондай-ақ су тасқыны мен Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккендерге қайырымдылық көрсету желеуімен 3 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырғанын мәлім етті.

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жіберілді. Күдіктілерге қатысты сот отырысының күні әлі жарияланған жоқ.

Қазақстанда сирек кездесетін ірі алаяқтық оқиғасының іс материалы 109 томнан тұрады.

Еске салсақ, танымал блогер 2021 жылы қайырымдылық қорын құрып, біраз уақыт ішінде сенімді имидж қалыптастырған. Алайда, құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, бұл қор қарапайым халықтың сенімін пайдаланып, қаржыны жымқырудың құралына айналған.

Ол 2024 жылдың қарашасында ұсталды. Тергеу оның тек жеке өзі емес, туыстары мен жақын достарын да қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру схемасына тартқанын болжайды. Бұл адамдарға «қызметтері» үшін қаржылай сыйақы төленіп отырған.

Перизат Қайратқа қатысты іс қоғамдағы сенім мен әділет мәселесін қайта көтерді. Қоғам енді бұл іске байланысты әділ сот үкімін күтуде.

Тергеу барысында келтірілген шығын сомасы бірнеше рет өзгергенімен, соңғы мәлімет бойынша ол 3,5 млрд теңгеге жеткен. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, бұл қаражат заңсыз жолмен алынған. Мысалы, Перизат Қайрат бұл ақшаны гүл дүкенін сатып алуға жұмсаған. Ол қоғамға өзін табысты кәсіпкер ретінде көрсетіп, бизнесті заңды табыс көзі ретінде насихаттаған.

Сот Перизат Қайраттың бағалы мүлкінің тағдырын шешетін болады. Ол жәбірленушілердің шығынын өтеу үшін жұмсалуы немесе тәркіленіп, мемлекет меншігіне берілуі мүмкін.

Қазіргі таңда жәбірленушілердің нақты саны әлі анықталмаған. Олардың қатарында Перизат Қайраттың қайырымдылық қорына қомақты қаражат аударғандар да бар. Кейбір жәбірленушілердің мүддесін прокуратура қорғайды.

Биыл желтоқсанда Перизат Қайрат басқарған қайырымдылық қоры «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігі таратылды.

Тергеу барысында Перизат Қайрат кінәсін мойындаудан бас тартты. Қазіргі уақытта ол уақытша тергеу изоляторында отыр.

Еске салайық, қамаудағы қылықты қыз ертеректе тұрмысқа шығып, ажырасып кеткен. Арабтың шейхтерімен де жиі араласатын бикештің баласы жоқ, Қайырымдылық істерімен танылған Перизат Қайрат бүгінде анасымен бірге қылмыстық іске тартылып жатыр.

Оқылып жатыр

«90 күн дауы»: Ресейдің жаңа заңы ЕАЭО-ны неге дүрліктірді?

Тоқаев Трамппен кездесу үшін АҚШ астанасына сапармен барды

Мұхтар Шахановтың ұлы өмірден өтті

Ескі элитаның жаңа буыны: өзгеріс пе, әлде жалғастық па?

Оразалин. Омаров. Алтынбаев. Абдрахманов.Манзоров: Мансапты мұраға алған әкелі-балалы шенділер

«Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді

Соңғы жазбалар

Әуезов ауданында 800-ден астам шам орнатылды

6 Қараша, 2025

Атырау облысында 43 ауылға талшықты интернет тартылады

6 Қараша, 2025

Алматы облысы Беларусь Республикасымен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда

6 Қараша, 2025

Абай университеті – әлемдік QS рейтингінде «Бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

6 Қараша, 2025

Мәжіліс депутаты тағы бір журналисті «жала жапты» деп айыптады

6 Қараша, 2025

Ірі қытай компаниясы Алматыдағы құрылыс жобаларына қызығушылық танытты

6 Қараша, 2025

«Qarmet» АҚ Ұлытау облысына 700 миллион теңге бөледі

6 Қараша, 2025

«Ерлерге болады да, әйелдерге болмай ма?»: Баян Алагөзова көпкүйеулікті заңдастыруды ұсынды

6 Қараша, 2025

Әуезов ауданындағы 18 ғимаратқа архитектуралық жарықтандыру орнатылып, 37 тұрғын үйдің қасбеті қараша айының соңына дейін жөнделеді

6 Қараша, 2025

Алматының Әуезов ауданы көше тазалауға 700-ден астам жұмысшы мен 160 техника шығармақ

6 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.