Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Қызымен қырқысты да күшейткен»: Байлығы асқан BAZIS-A компаниясының қожайыны әйелін соттатпақ

30 Тамыз, 2025

Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізу үшін Қытайға барды

30 Тамыз, 2025

Қытайдың танымал басылымында Тоқаевтың мақаласы жарық көрді

30 Тамыз, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Қызымен қырқысты да күшейткен»: Байлығы асқан BAZIS-A компаниясының қожайыны әйелін соттатпақ
  • Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізу үшін Қытайға барды
  • Қытайдың танымал басылымында Тоқаевтың мақаласы жарық көрді
  • Жетісу облысында Конституция күніне орай жаңа зауыт іске қосылды
  • Көкшетауда жаңа су тазарту құрылыстары іске қосылды
  • Тоқаев барша қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады
  • «Жаңқошпен оның көлігінде жыныстық қатынасқа түстік»: боксшымен 7 жыл жатқан Әнару арызды оның әйелімен ұрсысқан соң жаза салған
  • «Бастықтар қорқытты»: Шымкент түрмесінде сотталған әйел тұрақты зорланып, «зектен» қыз босанды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 30 Тамыз
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Сал-серілердің мекенінде 3000 күйші: Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Сал-серілердің мекенінде 3000 күйші: Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

6 Шілде, 2025 Ақмола облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының әйгілі «Балбырауын» күйін 3000-ға жуық домбырашы бір мезетте орындап, қала аспанын күймен тербетті. Осылайша Қопа көлінің жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Таңғы салқын леп пен толқынның сыбдырына қосылған домбыра үні — қала тұрғындары мен қонақтары үшін нағыз рухани тойға айналды. Ұлттық мұраға деген іңкәрлік пен мақтаныш алаңға жиналған әр адамның жанарынан байқалды.

Бірегей көрініске облыстың түкпір-түкпірінен келген мәдениет ошақтарының өкілдері, фольклорлық ансамбльдер, өнер мектептерінің тәрбиеленушілері мен кәсіби күй шеберлері қатысты. Жас домбырашылар алдын Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенова бастап, көппен бірге күй шертті.

«Бұл Үкілі домбыра мерекесі. Кешегі сал-серілердің мекенінде, Көкшетаудың көркем жағалауында осындай игі шараның өтіп жатқаны үлкен қуаныш. Бұл кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық дүние. Домбыра –қасиетті мұрамыз. Оның үні әр қазақтың үйінен өшпесін. Ұрпағымыздың жүрегі домбырамен соғып тұрса, елдің рухы ешқашан сөнбейді, — деді өнер майталманы.

Флешмобқа қатысушылардың арасында жас өнерпаздар да көп болды. Солардың бірі Қосшы қаласынан келген Айгерім Нұрдібекқызы. Ол домбыра тартып жүргеніне бір жылдан асқанын айтып, бүгін «Балбырауын» мен «Адай» күйлерін орындағанын қуана жеткізді.

«Осындай үлкен шараға қатысқаныма өте қуаныштымын. Бұл мен үшін үлкен тәжірибе әрі шабыт. Ұлттық домбыра күнімен баршаңызды құттықтаймын! — дейді ол.

Шараға арнайы келіп, ерекше көріністің куәсі болған көкшетаулық тұрғын Орал Рахимов та әсерімен бөлісті.

«Бүгінгі шара – ұлттың рухын көтеретін ерекше күн. Қара домбыра әрдайым төрімізден түспесін. Тек қазақтың тойы болсын! — деп жүрекжарды тілегін білдірді.

Тіпті шараға арнап домбыра туралы өлең жолдарын да оқып берді.
3000 домбырашы бір мезетте бір күйді шертуі тек техникалық үйлесім ғана емес, бұл рухани тұтастықтың белгісі. Әртүрлі ауылдан, әртүрлі жастан, түрлі ұжымнан жиналған домбырашылар бір алаңда бас қосып, қазақтың бөлінбес бірлігін күй арқылы паш етті.

Флешмобқа қатысушы, Аршалы ауданының Қостомар мектебінен келген 11-сынып оқушысы Ақниет Амантай да өзінің жүрекжарды тілегін білдірді.

«Домбыра үйірмесіне қатысқаныма 6 жыл болды. Осы уақыт ішінде 20-дан астам күй үйрендім. Бүгін осындай үлкен шараға қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл күн – бәріміз үшін ерекше, — дейді.

Ақмола облыстық мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова бұл шараның ауқымдылығына назар аударып, жылдағыдан ерекше өтіп жатқанын жеткізді.

«Облыстың түкпір-түкпірінен келген 3000-ға жуық домбырашы бір мезетте Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады. Бұл тек музыкалық қойылым емес, бұл — ұлттық рухтың жаңғыруы. Домбыра күні жыл сайын осылай кең көлемде аталып өтсін! — деді.

Бұл күні күмбірлеген күй — даланың үніне, ұлттың жүрек лүпіліне айналды.

Домбыраның қоңыр үнімен сусындаған көпшілік алаңнан ерекше шабытпен тарасты. Демек, күймен өрілген осы күн ұлттық сана мен руханияттың жарқын беті ретінде ел есінде сақталары анық.

Оқылып жатыр

Көкшетауда жаңа су тазарту құрылыстары іске қосылды

Көкшетауда Конституцияның 30 жылдығы кең көлемде аталып өтті

«Үш ай тұрақты өшкен»: Зерендіге қарасты үш ауылды электрмен жабдықтау толық шешілді

«7 мың комбайн жұмылдырылады»: Ақмола облысында астық жинау науқаны басталды

Жұмысшы мамандықтар – болашаққа бастар жол: Ақмола облысының тәжірибесі

Максимовка ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталуға жақын

Соңғы жазбалар

«Қызымен қырқысты да күшейткен»: Байлығы асқан BAZIS-A компаниясының қожайыны әйелін соттатпақ

30 Тамыз, 2025

Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізу үшін Қытайға барды

30 Тамыз, 2025

Қытайдың танымал басылымында Тоқаевтың мақаласы жарық көрді

30 Тамыз, 2025

Жетісу облысында Конституция күніне орай жаңа зауыт іске қосылды

30 Тамыз, 2025

Көкшетауда жаңа су тазарту құрылыстары іске қосылды

30 Тамыз, 2025

Тоқаев барша қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

30 Тамыз, 2025

«Жаңқошпен оның көлігінде жыныстық қатынасқа түстік»: боксшымен 7 жыл жатқан Әнару арызды оның әйелімен ұрсысқан соң жаза салған

30 Тамыз, 2025

«Бастықтар қорқытты»: Шымкент түрмесінде сотталған әйел тұрақты зорланып, «зектен» қыз босанды

30 Тамыз, 2025

Руслан Берденов ақыры лауазымды қызметінен кетті

29 Тамыз, 2025

Депутат олигархтардың активтерін ашып тастаған: Бақытжан Базарбекті құртуға арналған ауқымды науқан ойыны басталды

29 Тамыз, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.