Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Украинаның бұрынғы Жоғарғы Рада спикерін атып кетті

30 Тамыз, 2025

«Қарсы бағытқа шықты»: 80 млн теңгеге той жасаған Сәкен Майғазиев жол аратына ұшырады

30 Тамыз, 2025

«Қызымен қырқысты да күшейткен»: Байлығы асқан BAZIS-A компаниясының қожайыны әйелін соттатпақ

30 Тамыз, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Украинаның бұрынғы Жоғарғы Рада спикерін атып кетті
  • «Қарсы бағытқа шықты»: 80 млн теңгеге той жасаған Сәкен Майғазиев жол аратына ұшырады
  • «Қызымен қырқысты да күшейткен»: Байлығы асқан BAZIS-A компаниясының қожайыны әйелін соттатпақ
  • Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізу үшін Қытайға барды
  • Қытайдың танымал басылымында Тоқаевтың мақаласы жарық көрді
  • Жетісу облысында Конституция күніне орай жаңа зауыт іске қосылды
  • Көкшетауда жаңа су тазарту құрылыстары іске қосылды
  • Тоқаев барша қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 30 Тамыз
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Қазақтың жаны, жүрегінің лүпілі»: алматылықтар ұлттық домбыра күнін атап өтті

«Қазақтың жаны, жүрегінің лүпілі»: алматылықтар ұлттық домбыра күнін атап өтті

6 Шілде, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Алматыдағы Абай алаңында Ұлттық домбыра күніне арналған ашық аспан астындағы ауқымды мерекелік концерт өтті. Күй мен жыр өрілген рухани кешке мыңдаған қала тұрғыны мен қонағы жиналды, деп хабарлайды Todayinfo.

Концертке Қазақстанның Еңбек Ері, халық артисі Асанәлі Әшімов, ТҮРКСОЙ жанындағы Түркі мемлекеттері жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты. Салтанатты кеште сөз алған Алматы әкімі Дархан Сатыбалды домбыраның қазақ мәдениеті, руханияты және ұрпақтар сабақтастығының нышаны екенін атап өтті.

«Домбыра – қазақтың жаны, жүрегінің лүпілі. Оның қос ішегінде ғасырлар сыры, бабалар рухы, ұлттың болмысы жатыр. Домбыраның әр пернесі – өткен мен бүгінді жалғастыратын алтын көпір, әр күйі – ұрпақтан ұрпаққа жеткен өшпес мұра. Бұл мейрам – ұлттық рухымызды жаңғыртып, мәдениетіміздің терең тамырын сезінуге шақыратын сәт. Қастерлі домбыра әр шаңырақтың төрінде, әр жүректің түбінде  әрдайым жаңғырып тұруы, мәңгі сақталуы тиіс. Ұлттық домбыра күні баршамызға құтты болсын!», — деді Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды.

Мерекелік концертте Роза Рымбаева, Айгүл Үлкенбаева, Айгүл Қосанова, Рамазан Стамғазиев, Мейрамбек Бесбаев, Асылбек Еңсепов, Мөлдір Әуелбекова, «Қоңыр» мен Ulytau топтары, «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артистері мен басқа танымал өнерпаздар өнер көрсетті.

Кештің ең көркем шарықтау шегі Нұрғиса Тілендиевтің әйгілі «Әлқисса» күйінің орындалуы болды. Одан кейін атақты домбырашылар мен олардың шәкірттері күй тартыс ұйымдастырып, орындаушылық шеберлік пен дәстүр сабақтастығын паш етті.

Концерт соңында Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаева «Домбыра туралы баллада» мен «Атамекен» әндерін тарту етіп, жиналған қауымның құлақ құрышын қандырды.

Оқылып жатыр

МӘМС: Алматыда жыл басынан бері 19 мыңнан астам бала дүниеге келді

Дархан Сатыбалдының тың жобасы: Алматыда УЕФА-ның төртінші санатына сай алып стадион салынады

Жаңа мектептерде оқу тілін таңдауда барлық баланың құқықтары ескеріледі – Алматы қаласының Білім басқармасы

Алматыда бірінші сыныпқа баратын балалардың 42 пайызы орыс мектептерін таңдаған – Басқарма басшысы

«Қалаға өткізу жұмыстары басталды»: Бағанашылдағы балалар үйіне күрделі жөнедеу келесі жылы жүргізіледі

Никабты күштеп шешкізу батыс өңірлерде дау тудыруы мүмкін — Геосаяси зерттеулер институтының директоры

Соңғы жазбалар

Украинаның бұрынғы Жоғарғы Рада спикерін атып кетті

30 Тамыз, 2025

«Қарсы бағытқа шықты»: 80 млн теңгеге той жасаған Сәкен Майғазиев жол аратына ұшырады

30 Тамыз, 2025

«Қызымен қырқысты да күшейткен»: Байлығы асқан BAZIS-A компаниясының қожайыны әйелін соттатпақ

30 Тамыз, 2025

Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізу үшін Қытайға барды

30 Тамыз, 2025

Қытайдың танымал басылымында Тоқаевтың мақаласы жарық көрді

30 Тамыз, 2025

Жетісу облысында Конституция күніне орай жаңа зауыт іске қосылды

30 Тамыз, 2025

Көкшетауда жаңа су тазарту құрылыстары іске қосылды

30 Тамыз, 2025

Тоқаев барша қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

30 Тамыз, 2025

«Жаңқошпен оның көлігінде жыныстық қатынасқа түстік»: боксшымен 7 жыл жатқан Әнару арызды оның әйелімен ұрсысқан соң жаза салған

30 Тамыз, 2025

«Бастықтар қорқытты»: Шымкент түрмесінде сотталған әйел тұрақты зорланып, «зектен» қыз босанды

30 Тамыз, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.