Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ұлы бағыттың өзгеруі: Қазақстан, Орта дәліз және Еуразияның жаңа геосаяси картасы

30 Қазан, 2025

Қазақстандағы шетелдік маркетплейстер: Жаңа талап – ҚҚС төлеу, әйтпесе бұғаттау

30 Қазан, 2025

Табыс пен мүлік декларациясы (270.00 форма): Енді кімдер тапсыруға міндетті?

30 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ұлы бағыттың өзгеруі: Қазақстан, Орта дәліз және Еуразияның жаңа геосаяси картасы
  • Қазақстандағы шетелдік маркетплейстер: Жаңа талап – ҚҚС төлеу, әйтпесе бұғаттау
  • Табыс пен мүлік декларациясы (270.00 форма): Енді кімдер тапсыруға міндетті?
  • Атырауда рухани құндылық пен отбасы тәрбиесі тақырыбында тағылымды кездесу өтті
  • Сарапшылар Алматыда атмосфералық ауаны қорғау бойынша жаңа ережелер жобасын қолдады
  • Бизнес пен билік арасындағы ашық диалог: Алматы облысында кәсіпкерлермен кездесу өтті
  • Нұрдәулет Қилыбайдан балам бар деген мәслихат депутаты Президенттен комиссия жауап беруді сұрады
  • Алматыда 482 орындық жаңа студенттік жатақхана ашылды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 30 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » «Сау тамтығы қалмаған»: 12 жастағы баланы жасөспірімдер аямай ұрып-соққан

«Сау тамтығы қалмаған»: 12 жастағы баланы жасөспірімдер аямай ұрып-соққан

7 Шілде, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Семей қаласында Ертіс өзенінің маңында балық аулап отырған 12 жастағы баланы бірнеше жасөспірім жабылып ұрып кеткен. Бұл туралы Абай облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Эльзира Солтабаева Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады Todayinfo.

Оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 107-бабы — «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің айтуынша, жәбірленушінің анасына психологиялық көмек ұсыну жөнінде ұсыныс жасалып, жағдай бақылауға алынған.

«Объектив Восток» басылымының хабарлауынша, оқиға 4 шілде күні Ертіс өзенінің 11-ші бау-бақша учаскелеріне жақын маңында болған. Жарақат алған баланың әпкесінің айтуынша, 12 жастағы інісі жағалауда балық аулап отырған кезде оған 14–15 жас шамасындағы бірнеше жасөспірім жақындап келген.

«Алдымен олар тас лақтыра бастаған, кейіннен суға итерген. Інім қашып құтылмақ болғанымен, олар қуып жетіп, қарсыласуға тырысқан ініме шабуыл жасаған. Ол қармақпен қорғануға тырысқанда, олар қармақты сындырып, жұдырықпен, аяқпен ұрып, бетінен шапалақтап соға бастаған. Бүкіл денесіне соққы тиген», — дейді әпкесі.

Дәрігерлер жәбірленуші баланың қолы сынғанын, жамбас тұсында ауыр соққылар мен жұмсақ тіндердің зақымданғанын, сондай-ақ бет және дене бөліктерінде көптеген жарақаттар барын анықтаған. Сонымен қатар бала психологиялық күйзеліске де ұшыраған.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл бұл істі өзінің жеке бақылауына алғанын мәлімдеді. Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық фактілері қоғам назарында қалмауы тиіс.

Оқылып жатыр

Нұрдәулет Қилыбайдан балам бар деген мәслихат депутаты Президенттен комиссия жауап беруді сұрады

Көрнекті жазушы Мақсат Тәж-Мұрат өмірден өтті

31 қазан күні еліміздің барлық өңірінде «Халық заңгері» акциясы өтеді

«Осы жағдайдан кейін әкеме жақындай түстім»: Әлия Әшім Абай жайлы айтқан әзілі туралы

Бақытгүл Хаменова тойға қатысу үшін арнайы рұқсат алған

«Коронавирустың қорғаныш киімін салмақ қууға пайдалануға болады»: Ардақ Назаров тағы күлкіге қалды

Соңғы жазбалар

Ұлы бағыттың өзгеруі: Қазақстан, Орта дәліз және Еуразияның жаңа геосаяси картасы

30 Қазан, 2025

Қазақстандағы шетелдік маркетплейстер: Жаңа талап – ҚҚС төлеу, әйтпесе бұғаттау

30 Қазан, 2025

Табыс пен мүлік декларациясы (270.00 форма): Енді кімдер тапсыруға міндетті?

30 Қазан, 2025

Атырауда рухани құндылық пен отбасы тәрбиесі тақырыбында тағылымды кездесу өтті

30 Қазан, 2025

Сарапшылар Алматыда атмосфералық ауаны қорғау бойынша жаңа ережелер жобасын қолдады

30 Қазан, 2025

Бизнес пен билік арасындағы ашық диалог: Алматы облысында кәсіпкерлермен кездесу өтті

30 Қазан, 2025

Нұрдәулет Қилыбайдан балам бар деген мәслихат депутаты Президенттен комиссия жауап беруді сұрады

30 Қазан, 2025

Алматыда 482 орындық жаңа студенттік жатақхана ашылды

30 Қазан, 2025

Көрнекті жазушы Мақсат Тәж-Мұрат өмірден өтті

30 Қазан, 2025

Димаш Құдайбергеннің Қазақстанда түсірілген жобасы Қытайда таныстырылды

30 Қазан, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.

Go to mobile version