Иранды бомбалап, Палсетинаның күл талқанын шығарған Израиль жетекшісі Трампты ең үлкен атаққа ұсынды, деп хабарлайды Todayinfo.
7 шілде күні Нетаньяху АҚШ-қа ресми сапармен келіп, Трамппен Газа секторындағы соғыс пен Иранның ядролық бағдарламасын талқыламақ болды.
«Мен сізге Нобель комитетіне жолдаған хатымды бергім келеді. Бұл хат сізді Бейбітшілік сыйлығына ұсынады. Сіз бұл сыйлыққа лайықсыз және оны алуыңыз керек», — деді Израиль премьері Нетаньяху Ақ үйде өткен кешкі ас кезінде Трампқа.
«Көп рақмет! Мен мұны білмеген едім. Уау! Мұны дәл сіздің аузыңыздан есту — ерекше әсерлі. Рақмет сізге, Биби! Бұл — мен үшін үлкен құрмет», — деп жауап берді Трамп.
АҚШ президентімен кездесуден бұрын ол Мемлекеттік хатшы Рубио және арнайы өкіл Уиткоффпен жеке кездесулер өткізді.