Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?
  • «Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 17 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Вице-премьер Ермек Көшербаев Алакөл көлінің жағалауындағы демалыс аймақтарын тексерді

12 Шілде, 2025 Жетісу облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Басымдық берілетін туристік бағыттардың жай-күйін бағамдау мақсатында өңірлерге жұмыс сапарын жалғастырған ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Жетісу облысындағы басты туристік бағыттардың бірі саналатын Алакөл көлі жағалауы инфрақұрылымының қазіргі жағдайымен танысты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Облыс құрылғаннан бері Алакөл ауданына 4,8 млн турист келген, соның 1,8 млн-ны өткен жылдың үлесінде.

Сапар барысында Вице-премьер коммуналдық жағажайда болды, мұнда өзге де аймақтардағы сияқты кешенді тұрғыда шешуді қажет ететін көптеген жүйелі мәселелердің бар екені анықталды. Бастапқы шарттар бар болғанымен, ашық және қолжетімді аумақтағы көптеген демалыс орындарында санитарлық жағдай, инженерлік және инфрақұрылымдық жағынан бірқатар түйткілдер сақталып қалып отыр.

«Коммуналдық жағажайда демалуға келетін адамдар да жекеменшік демалыс аймақтарындағыдай базалық жайлылықпен, қауіпсіздікпен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл – әділеттілік қағидасы. Адам қай жерде де таза, тәртіпті әрі  ретті  ортада демалуы керек», — деп атап өтті Ермек Көшербаев.

Премьер-министрдің орынбасары аудан әкімі мен жауапты салаларға жағажайдағы санитарлық жабдықтауды күшейту, қосымша қоқыс жәшіктерін сатып алу, судағы белгілер желісін ұзарту және шағын көлемді кемелерге арналған қауіпсіз кіру аймақтарын белгілеу жөнінде бірқатар тапсырма берді. Сонымен қатар киім ауыстыратын орындар, душ кабиналарын орнату, абаттандыру, соның ішінде белсенді демалыс аймақтарын қалыптастыру мүмкіндігін қарастыру тапсырылды.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жағалау аумағында кезекшілік атқаратын ТЖ қызметкерлерінің санын арттыру мәселесі қарастырылатын болады. Жағажайдағы жайма сауда мәселесіне де ерекше назар аударылды. Вице-премьер сауда нүктелері ретінде су және электр желісіне қосылған тұрақты дүңгіршектер орнату керектігін және оларда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуы қажеттігін атап өтті.

«Бұл мәселелер тек Алакөлге ғана емес, елдегі барлық өңірлерге тән. Мұндай түйткілдер еліміздің демалыс аймақтарында жиі туындайды. Біз барлық ұсыныстарды жинақтап, үздік тәжірибелерді саралап, Туризм және спорт министрлігінде жауапты мемлекеттік органдардың қатысуымен арнайы кеңес өткізетін боламыз. Туризм — тек бизнес емес, бұл ең алдымен азаматтардың өмір сүру сапасының көрсеткіші», — деді Ермек Көшербаев.

Сапар аясында Вице-премьер Ақши ауылындағы теміржол вокзалында да болып, туристермен тілдесті. Туристердің пікіріне қарағанда, мұнда оң өзгерістер байқалады, алайда жағажайлардың кейбір аймақтарында түйткілді мәселелер демалыс сапасына әлі де көлеңке түсіруде.

«Алакөлге отбасымызбен алғаш рет келіп отырмыз. Вокзалда да, жағажайда да реттілік бар. Жағажайларда, киім шешетін орындар мен душ кабиналары көбірек болса екен дейміз», — деді пікірін білдірген демалушы Галина Чепрына.

«Сегіз жылдан бері бір жерге келіп демалып жүрміз. Қызмет көрсетуі, ауасы, суы — бәрі ұнайды. Дегенмен, жағажай учаскесінің қай-қайсының да, әсіресе тегін аймақтардың бір стандартқа сай болғанын қалаймыз», — дейді  алматылық туристер.

Биыл көл жағалауында электрмен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тапты. Бескөлден Ақши ауылына дейін ұзындығы 56,7 шақырымды құрайтын жоғары кернеулі электр желісі мен жаңа қосалқы станса салынды. Маусым айынан бастап электр энергиясы үздіксіз беріліп келеді. Жағалау аумағы интернетпен қамтылған, 16 базалық станса жұмыс істеп тұр, сондай-ақ талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылды.

Жұмыс салалық министрліктермен үйлестіріле отырып жүргізілді. Жұмыс тобы құрамына енген барлық вице-министрлер өзінің жауапты бағыттары бойынша демалыс аймақтарына барып, ондағы жағдаймен танысты. Нәтижесінде олар вице-премьерге олардың қазіргі жағдайы мен қабылдануы тиіс қажетті шаралар туралы есеп берді.

«Біз уақытша шешім қабылдап отырған жоқпыз, ұзақ мерзімді, тұрақты жүйе қалыптастырып жатырмыз. Қазақстанның туристік аймақтары халықтың үмітін ақтап қана қоймай, жаңа стандарттарға сай болуы тиіс. Бұл тек туристер үшін емес, ең алдымен қазақстандықтардың өздері үшін маңызды. Барлық өңірлерге жасалған сапарлардың қорытындысы бойынша Үкімет деңгейінде жүйелі шешімдер қабылданатын болады», — деді сөзін қорытындылаған Ермек Көшербаев.

Фото: Жеңіс Ысқабай.

Оқылып жатыр

Ақсу қант зауыты тәулігіне 3 мың тоннаға дейін өнім қабылдайды

Жетісу облысында Конституция күніне орай жаңа зауыт іске қосылды

Жетісуда ауыл тұрғындарының өтініштері кезең-кезеңімен орындалып жатыр

«Тоқаевтың атын жамылған алаяқ»: мәслихат депутаты жетісулық кәсіпкерді 130 млн теңгеге алдаған (ВИДЕО)

Биыл Жетісу облысында 41 мыңнан астам оқушының мектепке жиналуына көмек көрсетіледі

Президент Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады

Соңғы жазбалар

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.