Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Филолог Ғалым Доскен өмірден өтті

11 Қараша, 2025

Бижомарт Қапалбек: Латын графикасына көшу процесі ғылыми деңгейде тоқтап тұр

11 Қараша, 2025

Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды

11 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Филолог Ғалым Доскен өмірден өтті
  • Бижомарт Қапалбек: Латын графикасына көшу процесі ғылыми деңгейде тоқтап тұр
  • Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды
  • «Елу жыл өтті — енді айтуға болар»: ардагер Кеңес одағы кезіндегі құпия қызметі туралы жазба қалдырды
  • «Желіні шулатып жатқан Бадықова екеуміз»: Тұрсынбек Қабатов концертінде тоқалы туралы айтты
  • «Нөсер жаңбыр, көктайғақ»: Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
  • Ел тарихтың тағы бір айналымына аяқ басты: президенттік сайлау таяп келеді – Бигелді Ғабдуллин
  • Мәскеуге сапар қарсаңында «Российская газета» басылымына Тоқаевтың мақаласы шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 11 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » «Спорттық бәс тігу нарығына талас»: Финтех ассоциациясы кімнің мүддесін көздеп отыр?

«Спорттық бәс тігу нарығына талас»: Финтех ассоциациясы кімнің мүддесін көздеп отыр?

16 Шілде, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Астанада Қазақстандағы спорттық бәс тігу нарығын реттеуге арғалған мемлекеттің бастамасына қатысты баспасөз мәслихаты өтті. Қазақстандағы Финтех және инновациялар қауымдастығының басшылығы бірыңғай есепке алу жүйесіне қарсы екенін мәлімдеді. Десе де, журналистердің көптеген сұрақтарына
Қауымдастық өкілдері нақты жауап берген жоқ, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

Аталмыш Қауымдастықтың төрайымы Ирина Давиденко Қазақстанда лудомания деген проблема мүлдем жоқ деп жиналған журналистерді бірден таңқалдырды. Мұнымен қоймай, құмар ойындарға деген тәуелділік пен букмекерлер қызметінің де байланысын жоққа шығарды.

                                                   Жауапсыз қалған сұрақтар…

Жиын барысында журналистер шараны ұйымдастырушыларға бірнеше өткір сауал қойды. БАҚ өкілдері, лудоманияға байланысты қылмыстар мен суицидтерге қатысты нақты статистикаларды дәлел ретінде келтіруді сұрады. Алайда берілген жауап мүлдем қисынсыз болды.

«Жоқ, нақты дерек жоқ. Бұл басты мәселе емес», — деп қысқа қайырды Давиденко.

Баспасөз жиынын өткізгенмен, нақты деректерді жасырып қалу немесе сұрақтарға жалтарма жауаптар аз болмады. Журналистер Ассоциация мүшелерінің толық тізімін де сұрады.

«Құрамында WoopPay, PayDala, Tarlan Payments және тағы он шақты ұйым бар. Толық тізімді кейін береміз», — деді ол.

Қазақстандағы Финтех және инновациялар қауымдастығының басшысы мемлекет тарапынан атқарылып жатқан шараларға қарсы екенін ашық білдірді. Тіптен ол бірыңғай есепке алу жүйесіне қаржы ұйымдары да қарсы деп мәлімдеді. Алайда банк тарапынан жиынға ешкім келіп, пікір білдірмеді.

«Біз бәріміздің атымыздан сөйлеп тұрмыз. Бізге сенім артылды», — деп түсіндірді спикер.

Журналистер бұл жауаптарға қанағаттанбады. Олар «Өздерін ашықтық үшін күресіп жатырмыз дейді, бірақ өз мүшелерінің тізімін жасырады, ал банктердің үнсіздігі де түсініксіз» деп сын айтты.

                                 Ашық дереккөздердегі мәліметтер және қисынға сай күдік

Журналистер ашық дереккөздерде Ирина Давиденконың Украина азаматы екені және кейбір ресурстарда Монакода тұратыны жайлы мәліметтер барын еске салды. «Қазақстанның қаржы нарығын қорғап жүрген адамның өзі шетел азаматы болса және бизнесін Монакодан жүргізсе, оның мүддесі кімнің пайдасына қызмет етеді?» деген заңды сұрақ қойылды.

Давиденко бұл сауалға: «Мен бұл туралы түсініктеме бермеймін», — деп жауап берді.

Ең қызығы, спикерлер спорттық бәс тігу тәуелділік тұрғысынан ең қауіпті ойын түрлерінің қатарына жатпайтынын да атап өтті.

«Ұлыбританияда бұл — ұлттық дәстүр, оны корольдік отбасы да насихаттайды, — деді Давиденко.

Жиын соңында Ирина Давиденко өзінің кейбір бастамаларға қарсы екенін ашық айтты.

«Біздің басты уайымымыз — ашықтық пен әділдік. Біз мемлекетпен бірге жұмыс істеуге дайынбыз. Бірақ нарықты қолдан тарылтып,коммерциялық функцияны жеке компанияға беру — халыққа да, бизнеске де зиян», — деді ол.

Давиденконың бұл сөзі шындыққа жанаспайды. Өйткені, жақында ғана Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің төрағасы Әділет Тұрғанбаев бірыңғай есепке алу жүйесін 100% мемлекеттік компания жүзеге асырады деп ресми мәлімдеген болатын.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, Ирина ханым атаған Қауымдастықтың құрылтайшылары – WoopPay және Tarlan Payments төлем ұйымдары шетелдік компаниялар екен.

Сонда, шетел азаматы Ирина Давиденко мен шетелдік компаниялар құрған Финтех қауымдастығы кімнің мүддесін қорғап жатыр? Сұрақ көп, жауап аз. Бірақ олардың халықтың қамы мен мемлекеттің болашағын ойлауы екіталай.

Фото: freepik

 

Оқылып жатыр

Филолог Ғалым Доскен өмірден өтті

Бижомарт Қапалбек: Латын графикасына көшу процесі ғылыми деңгейде тоқтап тұр

Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды

«Елу жыл өтті — енді айтуға болар»: ардагер Кеңес одағы кезіндегі құпия қызметі туралы жазба қалдырды

«Нөсер жаңбыр, көктайғақ»: Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

«Құранды бейкүнә балалардың өмірінен маңызды санағаны ма?»: журналист Әмина қажыны сынады

Соңғы жазбалар

Филолог Ғалым Доскен өмірден өтті

11 Қараша, 2025

Бижомарт Қапалбек: Латын графикасына көшу процесі ғылыми деңгейде тоқтап тұр

11 Қараша, 2025

Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды

11 Қараша, 2025

«Елу жыл өтті — енді айтуға болар»: ардагер Кеңес одағы кезіндегі құпия қызметі туралы жазба қалдырды

11 Қараша, 2025

«Желіні шулатып жатқан Бадықова екеуміз»: Тұрсынбек Қабатов концертінде тоқалы туралы айтты

11 Қараша, 2025

«Нөсер жаңбыр, көктайғақ»: Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

11 Қараша, 2025

Ел тарихтың тағы бір айналымына аяқ басты: президенттік сайлау таяп келеді – Бигелді Ғабдуллин

11 Қараша, 2025

Мәскеуге сапар қарсаңында «Российская газета» басылымына Тоқаевтың мақаласы шықты

11 Қараша, 2025

«Құранды бейкүнә балалардың өмірінен маңызды санағаны ма?»: журналист Әмина қажыны сынады

10 Қараша, 2025

Астанада жаңа оқушылар сарайлары салынып жатыр

10 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.