Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақстанда букмекерлер мемлекетпен «үнсіз соғысып» жатыр

17 Қазан, 2025

Сара Назарбаеваның денсаулығы жайлы тың дерек шықты

17 Қазан, 2025

Президент құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

17 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақстанда букмекерлер мемлекетпен «үнсіз соғысып» жатыр
  • Сара Назарбаеваның денсаулығы жайлы тың дерек шықты
  • Президент құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
  • Тұрғын үйлердің қысқы маусымға дайындығы тексерілді
  • Алматы таза әрі жасыл қалаға айналады: 2026 жылы тазарту мен абаттандыру жұмыстарының ауқымы артады
  • Алматыда жүргізушіні мазақ еткен блогер полицияға шақыртылды
  • Түркістан облысында екі полицей тәркіленген есірткіні сатып жатқан жерінен ұсталды
  • «Қара маскадағы» жігіт ауыр дертке шалдыққан бозбалаға пәтер мен еміне 80 млн теңге қаражат берді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 17 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Өте кішіпейіл, тәрбиелі жан болған»: күйеуі атқа сүйреп өлтірген Айзаттың азапты суреттері тарады

17 Шілде, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жетісу облысында қатыгез күйеуі атқа сүйреп өлтірген 32 жастағы келіншектің ауыр азапты өлімінен кейінгі суреттері тарады. Сұлу әйелдің ашулы күйеуі арқанға байлап қойып, ұзақ уақыт азаптаған, атқа сүйреген. Енді халық қатігез, есерсоқ Айбар Жанболатовты өмірінің соңына дейін соттауды сұрап отыр, деп хабарлайды Todayinfo агенттігінің тілшісі.

Жетісулық жұрттың жеткізуінше, Айзат өте ақылды, сұлу, кішіпейіл, бір баланың анасы болған. Өте тәрбиелі де сабырлы, ақылды әйелді күйеуі ат құйрығына байлап өлтіргенде, әйел екінші баласына аяғы ауыр болып шыққан. Қазір Айзаттың артында екі жастағы қызы қалған. Ол ас ауыр жағдайда жантәсілім еткен анасын әлі іздеп келеді.

«Баласаз аулыныда 32 жастағы Айзат Жұманова екі жастағы қызының көзінше аяусыз өлтірілген. Оның күйеуі Айбар Жанболат мас болып келіп, алдымен жанжал шығарған. Содан кейін бірнеше сағат ойға келмейтін зорлық-зомбылық жасауға көшкен. Өлім жазасының ескі рәсімдеріндегідей қызымды байлап, тек Айзаттың сынған қаңқасы қалғанша сүйреген», — дейді марқұмның анасы Салтанат Жұманова.

Жерлеу кезінде марқұмды жуындырған әйелдер Айзаттың бет терісі қалмағанын көрген. Оның бас ми сүйегі, аяқ-қолы, жамбасы, өзгеде сүйектері күйретіліп кеткен. Қанға бөккен жас келіншектің туыстары ғана емес, күллі ақсулықтар азапты өлім әкелген ақымақ жігітті қатал жазалауды талап етуде. 

«Біз оның киімін шешкен кезде көз жасымызды ұстай алмадық. Анам бірден есінен танып қалды. Денеде бірде-бір сау орын болған жоқ», — деп жылады Айзаттың әпкесі. 

Ал азаптап өлтірген әйелінің киімдерін қаскөй жолда ауыстырып тастаған. Ауруханаға қылмысты жасырып, өзі құлап қалғандай кейіпте апарған. Арасан ауылдық окургіне әкім болмақ болған Айбар Жанболат былтыр сайлауға түсіп, өзін салмақты, ұлтшыл, намысшыл адам ретінде елге көрсетіп, үгіт насихат жүргізген.

Оның сайлауалды жарнамасында «Ел үшін аянба — ерлігіңе сын, Жұрт үшін аянба — жігіттігіңе сын» деген деген ұранды сөздер жазылған. Елдің бағына орай ашулы еркек әкімдікке өтпей қалған, оның шынайы бейнесін білетін, білімінің төмен екенін ұққан халық Айбар Жанболатқа дауыс бермеген. Ал оның әйелін білетін тұрғындар марқұмды жоқтап, жазып жатыр.

«Біз оның азаптағанына сенімдіміз. Мен 30 жыл фельдшер болып жұмыс істедім. Мұндай жарақаттар құлаудан немесе төбелестен болуы мүмкін емес. Бұл жерде аямай сүйреу сияқты. Бес минут емес, бірнеше сағат», — деді марқұмның тәтесі Раушан Дәуренбекова. 

Өзін әкім ретінде көргісі келген қылмыскер «Айзат селфи жасамақ болғанда терезден құлады» деп өтірікті ұялмай айтып, жігіттікке жат қылықпен жалтарып шыққан. Бұл қылмыс азаппен өлген Салтанат Нүкенованың ісіне ұқсас. Алайда полиция  ҚР ҚК-нің 106—бабы, 3—бөлігі «абайсызда өлімге әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғады.

Халық бұл баппен мүлдем келіспейді. Абайсызда емес, қасқана жасалған ауыр азапты өлім деп санайды.

«Айзат өте ақылды, кішіпейіл жан болған», «Қандай әдемі әйел еді», «Қолың сыңғыр, қалай өлтірдің?», «Ату жазасы керек», «Арманда кеткен қайран ару», «Ақымақ, есуас қазақтың жігіттері» деген сынды небір пікірлер жазып жатыр желі оқырмандары.

Ал, анасының көз алдында ауыр азаппен өлгенін толық ұқпаса да, шошып қалған кішкентай қыз, «мама» сөзін сыбырлап қана айтып, анасының келуін күтіп жүр.

 

 

 

Оқылып жатыр

Түркия түркі халықтарына «шетелдік» мәртебесін алып тастады

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Соңғы жазбалар

Қазақстанда букмекерлер мемлекетпен «үнсіз соғысып» жатыр

17 Қазан, 2025

Сара Назарбаеваның денсаулығы жайлы тың дерек шықты

17 Қазан, 2025

Президент құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

17 Қазан, 2025

Тұрғын үйлердің қысқы маусымға дайындығы тексерілді

17 Қазан, 2025

Алматы таза әрі жасыл қалаға айналады: 2026 жылы тазарту мен абаттандыру жұмыстарының ауқымы артады

17 Қазан, 2025

Алматыда жүргізушіні мазақ еткен блогер полицияға шақыртылды

17 Қазан, 2025

Түркістан облысында екі полицей тәркіленген есірткіні сатып жатқан жерінен ұсталды

17 Қазан, 2025

«Қара маскадағы» жігіт ауыр дертке шалдыққан бозбалаға пәтер мен еміне 80 млн теңге қаражат берді

17 Қазан, 2025

Футболдағы жемқорлық туралы «Offside» сериалы өшірілді: Қазақстандық продюсер қысым жасалып жатқанын айтты

17 Қазан, 2025

Трамп пен Путин тағы кездеседі

17 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.