Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • «КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
  • «Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек
  • «Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)
  • «Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қазақстанда интернет-алаяқтық өршіп тұр: олармен күресудің жаңа тетіктері енгізіліп жатыр

31 Шілде, 2025 Ақпарат комитеті
Фото: © istockphoto.com
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Интернет-алаяқтық – бүгінде еліміз бойынша ең өзекті қылмыс түрлерінің бірі болып отыр. Соңғы жылдары бұл қылмыстардың саны айтарлықтай артып, түрлі әлеуметтік топтағы азаматтар алаяқтардың құрбанына айналуда,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агентігінің тілшісі.

2024 жылы республика бойынша интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың бірнеше жүздеген дерегі тіркелсе, 2025 жылдың алғашқы 6 айында ғана бұл көрсеткіш жүздеген жаңа іспен толыққан. Жәбірленушілер арасында 18 жастан асқан жасөспірімдерден бастап, 60 жастан асқан қарияларға дейінгі азаматтар бар.

Елімізде алаяқтықтың бұл түрінің алдын алу үшін түрлі цифрлық жүйелер мен жедел ақпарат алмасу механизмдері енгізілуде.
Атап айтқанда:

  • «Антифрод-орталық» жүйесі арқылы банктер мен құқық қорғау органдары арасында алаяқтық әрекеттер туралы ақпарат жедел түрде бөлісілуде;
  • «Кибернадзор» жүйесіне күмәнді сайттар тіркеліп, бұғаттау жұмыстары атқарылуда;
  • Халыққа түсіндіру мақсатында онлайн брифингтер, телеарналардағы сұхбаттар, әлеуметтік желілер арқылы профилактикалық шаралар жүргізілуде.

Жаңа құрылымның негізгі міндеттері – интернет-алаяқтықты анықтау және тергеу, заңсыз онлайн контентті анықтау, онлайн-қылмыстардың алдын алу және цифрлық қауіпсіздікке қатысты заңнаманы жетілдіру.

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында елімізде 11 000-нан астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелді. Полиция қызметкерлері киберқылмысқа қарсы күрес аясында 74 sim-box құрылғысын, 88 мыңнан астам тіркелмеген SIM-картаны тәркілеген. 30 күдікті ұсталып, оның 14-і шетел азаматтары екені анықталды. Жалпы, 870 адам киберқылмыстарға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

«Бүгінгі күнде, интернет-алаяқтық қылмыстары Қызылорда облысында ғана емес, жалпы ел көлемінде өзекті мәселеге айналған қылмыс түрі болып саналады. 2024 жылдың 12 айында интернет-алаяқтық қылмыстарының 308 дерегі тіркелсе, ағымдағы жылдың 6 айында бұл қылмыстардың 218 дерегі тіркелді.
Талдау нәтижелеріне сәйкес, ағымдағы жыл басынан бері интернет-алаяқтардың құрығына 18-20 жас аралығындағы 6 тұрғын, 21-29 жас аралығындағы 24, 30-39 жас аралығындағы 43, 40-49 жас аралығындағы 57, 50-59 жас аралығындағы 50 және 60 жастан асқан 37 тұрғын тап болған. Бұл қылмыс түрінің алдын алу бағытында, онлайн брифингтер өткізіліп, жергілікті телеарналарда сұхбаттар беріліп, халық көп шоғырланатын орындарда, мемлекеттік мекемелермен жеке ұйымдарда, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен БАҚ-да профилактикалық жұмыстар үздіксіз атқарылп келеді», — деді Қызылорда облысы Полиция департаменті басшысының орынбасары А. Досжанов.

Сонымен қатар, құқыққа қайшы контенті бар 59 000 интернет-ресурс бұғаттауға жіберілген. Байланыс операторларымен бірлесіп, 66,9 миллион жалған нөмірден жасалған қоңырау бұғатталды. «Антифрод-орталығының» жұмысы нәтижесінде азаматтардың 2,6 миллиард теңгеден астам қаражатын ұрлаудың жолы кесілді.

2025 жылғы қаңтар айында Қазақстан ІІМ Арменияда өткен халықаралық операцияға қатысып, ТМД және Еуропа елдерінің азаматтарын алдаған екі ірі халықаралық call-орталықтың жұмысын тоқтатуға атсалысты. Сонымен бірге, Астана мен Алматы қалаларында орналасқан бес call-орталықтың алаяқтық әрекеттері әшкереленді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің 2025 жылғы 3 шілдеде берген мәліметіне сәйкес:

  • 2024 жылы өңірде интернет-алаяқтықтың 308 дерегі тіркелген;
  • Ал 2025 жылдың алғашқы жартысында – 218 дерек тіркеліп отыр.

Талдау нәтижесіне сай, алаяқтардың құрбаны болған азаматтардың жас айырмашылығы мынадай:

  • 18–20 жас – 6 адам
  • 21–29 жас – 24 адам
  • 30–39 жас – 43 адам
  • 40–49 жас – 57 адам
  • 50–59 жас – 50 адам
  • 60 жастан жоғары – 37 адам

Бұдан бөлек, департамент қаржылық пирамида және лудомания мәселелері өз құзыретіне кірмейтінін хабарлады.

Оқылып жатыр

Қызылордада Қорқыт мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық конференция өтті

Қызылорда облысының әкімі агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша тапсырмалар берді

Мемлекет басшысы Нұрғиса Тілендиев ескерткішінің ашылуына орай құттықтау жолдады

Астанада есірткі таратқан қыз 10 жылға сотталды 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі «Үстірт» нысанының құжаттамасын ЮНЕСКО-ға ресми түрде табыс етті

Қызылордада әлеуметтік төлемдер бойынша алаяқтық жасаған екі адамға үкім шықты

Соңғы жазбалар

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.